Конфуцийдің этикалық адамгершілік ілімі



Дата12.03.2022
өлшемі42,5 Kb.
#135301
Байланысты:
Бижанова
134590.pptx, ?ëåóìåòò³ê çåðòòåóëåð

ӘОЖ 1/14
КОНФУЦИЙДІҢ ЭТИКАЛЫҚ - АДАМГЕРШІЛІК ІЛІМІ
Тоғай Әсем Экология-14-11тобының студенті
Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ, Қазақстан
togai 1996@mail.ru
ғылыми жетекшісі Бижанова Меруерт Алтынбекқызы
философия ғылымдарының кандидаты
Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ, Қазақстан
meru190284@mail.ru
Қазіргі таңдағы зерттеулерде ежелгі Қытай халқының философиялық мұралары адам өмірі мен оның мәні сияқты мәселелерді қарастырумен ойлау мәдениетінің озық үлгісін қалыптастырғанын белгілі. философиялық шығармашылықтың көрнекті өкілдерінің бірі Конфуцийді айтуға болады.
Конфуций (551-479 б.ғ.д.) ­­– Қытай халқының ұлы ойшылы, саяси қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейін өзінің ықпалын тигізіп келе жатқан Конфуцийшілдік философиялық ағымның негізін қалаушы. Негізгі еңбегі - «Лунь-уй» (әңгімелер мен пікірлер). Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған. Конфуцийдің ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – аспан ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады.
Конфуцийшілдік – бұл, ең алдымен моралдық-этикалық ілім. Ол әрбір адамның дүниедегі алатын орны туралы сұраққа жауап іздеді. Конфуций адамды әлеуметтік қызыметімен байланысты түсіндірді. Оның әлеуметтік-этикасында адам өзін қоғам игілігі үшін арнауы тиіс. Тәртіп адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі мәні болып табылады. Тәртіп – этикалық категория ретінде адамның сыртқы және ішкі мәдениетінің көрсеткіші болып табылады. Тәртіпті толық ұстану адам баласының өз міндетін тиісті түрде орындауына алып келеді.
Конфуцийдің қарастыратын негізгі мәселесі – адамдар арасынағы қарым-қатынас, тәрбие мәселері. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі. Олар: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп, «дао» (дұрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет. «Тең орта» – адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы ісәрекеті. Өмірде мұндай «ортаны» ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі, адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізгі – «жэнь» – «ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау», жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым-қатынас, конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімінің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда: «Өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама», - дегенге сайып келеді. Аталған әдептілік қағидаларын «текті адамдар» (цзюнь-цзы) ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды.
Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбіне осы «текті адамдарға» қарапайым адамдары қарсы қояды. «Текті адам» – заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда тапсам деп ойлайды; «текті адамға» үлкен маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақ-түйек тапсыруға болады; «текті адам» басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрсе де, оларды» артынан ермейді, өзінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады т.б. «Текті адам» тек қана этикалық ұғым емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі – басшының өз басының әдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.
Конфуций барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпына дамуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші – билеуші, шенеулік – шенеулік, әке - әке, ал бала – бала болып, аттарына байланысты емес, шын мәнінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші - әке, халқы – оның балалары. Осы тұрғыдан мемелекет басқарылуы керек. Демек, «білу дегеніміз – табиғатты емес, адамдарды танып-білу», - деп есептейді. Кейбір адамдарға «туа біткен білім» тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, білу таңдамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек, қалғандарынан аулақ болу қажет. [1, 30-31бб].
Конфуций философиясында адам бойындағы этикалық бастау басым келеді және этикалық категорияларға жақсылық пен жамандық кате­гориялары жатады, сондықтан адам табиғатының сапасы жамандық пен жақсылықтың арақатынасы арқылы анықталады. Зерттеушілердің ортақ пікірі бойынша, Конфуцийдің өзі адам табиғатын игілік пен зұлымдыққа қатысты бейтарап деп анықтаған. Мұны Конфуцийдің келесі сөзі дәлелдейді:
«Табиғат әркімді басқамен жақындастырады,
Ал әдет оларды бір-бірінен алыстатады»
Әдет (кейде оны «тәрбиеде« деп аударады) – туа бітетін нәрсе емес, адамның әлеуметтік өмірінде алынатын нәрсе. Келтірілген сөздерден адамның табиғаты бірдей, ал жақсыға не жаманға бейімділік әлеуметтенудің барысында пайда болады деген қорытынды шығады. Сонымен, адам табиғатының жақсылық пен жамандыққа бейтарап бо­луы Конфуций үшін адамды дұрыс бағытта тәрбиелеу қажеттілігі ту­ралы, яғни оған жақсылықты үйрету туралы ереженің дәлелі болады.
Конфуций бес тұрақты нәрсенің ішінде ең негізгісі деп адамгершілікті (жэнь) атайды. Адамгершіліктің ең қарапайым және жалпы анықтамасын Конфуций өзінің шәкірті Фан Чидің адамгершілік ту­ралы сұрағына қайтарған жауабында берген. Ұстаздың жауабы: «Ол – адамға деген махаббат» [2, 65б].
Сөз сөйлеуде адамдарда кездесетін үш түрлі қателік бар дейді Конфуций. Бірі – пікірді керек кезі болмаса да айтып қалу. Бұл аңғалдық.
Екіншісі – пікірді мәселе пісіп жеткен кезінде айтпай қалу. Ол – құпиялық, қулық.
Үшіншісі – пікірді тыңдаушының бет-жүзін барламай айтып салу. Бұл – бұл соқырлық дейді.
Конфуций өзі туралы: «Мен тек бұрынғыны қайталадым, ешқандай жаңа нәрсе жасаған жоқпын«, – депті. Бұл пікір оның өте қарапайым, халыққа жақын болғандығын байқатады. Конфуцийдің айтқандары бүгінгі қытайлықтарға біздің қолданып жүрген мақал-мәтелдеріміз сияқты құнды болатыны сондықтан. [3].
Конфуцийдің айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге бөлуге болады. Олар: «ізгі адам» (цзюн-цзы) және «ұсақ адам» (сяо-жень). «Ізгі адам» өз алдына үлкен талаптар қояды, ал «ұсақ адам» талапты басқалардың алдына қояды. Ізгі адамға ұлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге болмайды. Ізгі адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын іздейді. Ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен, ұрыс-керіс тудырады. Ізгі адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит сияқты орда бітіреді.
Конфуций білімнің адам өміріне деген құндылығын жете көрсетті. «Барлық көргенің мен естігеніңді жүрегіңде сақта, қажымай-талмай оқудан тойынба, басқаларға біліміңді жеткізе біл», - деген нақыл сөздерді айтады. Конфуций ойынша, білім саласында ерекше моральдық тазалық керек. «Білгеніңді айт. Білмесең — білмеймін де. Тек осындай білімге деген көзқарас даналықты көрсетеді». Ойшылдың айтуына қарағанда, оқып-білудің өзі де өте қиын жұмыс, ол адамның дербес өзіндік оймен тоқуын талап етеді. [4, 50-52бб].
Конфуций ілімі талай ғасырлар бұрын пайда болғанына қарамастан әлі күнге дейі өз маңызын жоймай келеді. Мұның өзі бұл ілімнің аса терең даналыққа, ақыл-ойға негізделгендігінің белгісі. Тіпті, оның ұлылығы соншалық – бұл ілім қағидалары, талай заман өткеніне, талай қоғам ауысқанына қарамастан, өзінің маңызын, мәнін жоймай келеді. Керісінше, дәл бүгінгі таңда моральдық, рухани құндылықтар тапшылығын көріп отырған қоғамда одан сайын өзекті бола түскен сияқты. Егер әрбір адам осы идеяларды мұқият зерделеп, өз өмірінің басшылығына алса, онда қоғамның тура жолға түсетіні, онда гармония мен үйлесімділік орнаған идеалды мемлекеттің қалыптасатындығы күмәнсіз.
Әдебиеттер
1. Ғылым тарихы мен философиясы / Құрастырушы – Алтаев Ж.А.: ЖОО-ның магистранттары және аспиранттарына арналған оқулық. – Алматы: Раритет, 2007 – 320 б.
2.Сағиқызы А. Гуманистік дүниетаным: әлеуметтік-мәдени негіздер. – Монография / З.К. Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2013. – 292 б.
3. Кішібеков Д. Конфуций философиясы Егемен Қазақстан, 25 сәуір 2012ж
4. Мырзалы С. Философия.-Алматы: «Бастау», 2010.-644б.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет