Конспект Қамыр бөлгіш машинаның қандай түрлері болады, кластер құрастырыңыз



Дата26.01.2022
өлшемі2,97 Mb.
#129848
түріКонспект
Байланысты:
6 т Қамыр бөлгіш машиналардың жіктелуі және бөлу принципі, тығыздау әдісі


Қамыр бөлгіш машиналардың жіктелуі және бөлу принципі, тығыздау әдісі

Тапсырмалар:

  1. Дәрісті толық меңгеру, конспект

  2. Қамыр бөлгіш машинаның қандай түрлері болады, кластер құрастырыңыз.

  3. Айналмалы бөлу барабаны және шнекті сығымдағышы бар
    қамыр бөлу машиналарының қатарына қандай маркалы машиналар жатқызылады?

  4. Кооператор қамыр белшектеу машиналары көлемі қандай кәсіпорындарда пайдаланылады?

  5. РТ-2 қамыр бөлу машинасының жұмыс істеу ретін жазыңыз

  6. Дәрісте берілген қамыр бөлу машиналарының суретін салыңыз, жанына жұмыс істеу ретін жазыңыз

  7. Домалақтау аппараты деген не, ол не үшін қажет?

Иленіп ашыған қамырды 1…2%- тік дәлдікпен жекеленген бөлшектерге бөлу қажет. Бұл процесс үшін қамыр бөлшектеу машиналары пайдаланылады.

Қамыр бөлшектеу машиналарының жіктелуі әр түрлі болады. Солардың бірі (Лисовенко А.Т. ұсынған) төмендегі 4 суретте берілген.

Поршенді сығымдағышы және бөлу барабаны бар қамыр бөлшектеу машиналарына маркалары CD, XTD, PMK, Кооператор, Мультимат, Парта, Универсал және басқа машиналар жатады.

Қалақты сығымдағышты бөлшектеу барабаны бар, машиналар қатарына A2-XTH машинасы жатады.

Білікті сығымдағышты машиналарға маркалары XDB, PT-2-PMK, XЛC-9 және басқа машиналар жатады.

Жаймалау білікшелері бар білікті сығымдағышты машиналар қатарына ФЛТВ, Гефра машиналары жатады.

Шнекті сығымдағышты машиналарға XMФ-M2, Кузбасс және басқа машиналар жатады.

Шнекті сығымдағышты бөлу барабаны жоқ машиналарына ХДР, Роботер машиналары жатады.

Маркасы А2-ХЛ1-С9 қамыр бөлу - домалақтау агрегаты.Агрегат білікті сығымдағыштан және конусты домалақтағыштан тұрады. Ұсақ нан түрлерін өндеуге арналған. (0,05...0,23 кг).

Агрегат 2-кақпағы: бар 1-қабылдау шанағынан, екі 3-қоректендіргіш біліктерден, 4-біліктен және 5-бөлу барабаньшан түрады. Алдыңы 3-біліктің астынңғы жағында оның бетін тазалауға арналған 17-пышақ орнатылған. Бөлу барабанының ішінде 6-гильзалар орнықгырылған. Олардың ішіндегі 16-жылжымалы поршеньдер өлшемді қалталар жасайды. Өлшемді қалталардың көлемдерін өзгертуге арналған 5-бұранда мен 7-планка барабан ішіне орнатылған.

Бөлу барабаны 8-арқауға орнатылған. Оның ішінде 12-электрқозғаушы 10-вариатор, 11-редуктор және 9-негізгі білік бар. Қамыр дайындамаларын домалақтауға арналған 14-машина жеке 13-жетекпен камтамасызданған.



Қабылдағыш шанақ ішіндегі қамыр 3-біліктер арқылы жұмысшы камерасының ішіне тасымалданады. Одан ары айналған бөлу барабанының өлшемді қалталары сығымдалған камырмен толтырылады. Ары қарай айналған бөлу барабанының ішіндегі поршеньдердің көмегімен дайындамалары сыртқа шығарылады да домалақтау машинасының ішіне түседі.
Айналмалы бөлу барабаны және шнекті сығымдағышы бар
қамыр бөлу машиналары. Бұл машиналар қатарына маркалары
ХДФ-М2, "Кузбасс" және басқалар жатады.

Маркасы "Кузбасс" қамыр бөлу машинасы.Машина бір шнекті сығымдағыштан және айналмалы бөлу барабанынан тұрады. Бөлу барабанының ішінде жылжымалы поршеньдер арқылы өлшемді көлемдер пайда болады. Машина қара бидай немесе төменгі сортты бидай ұндарынан дайындамалар жасауға арналған.

Осы машинаның негізінде маркасы ДПА бөлу-отырғызу автоматы жасалынған (сурет). Автомат қамыр дайындамаларын транспортер үстіндегі ұяларға салып содан кейін дайындамаларды толықсыту шкафының ішіндегі бесікшелерге отырғызады. Автоматтың өнімділігі минутына 80 дайындама.

4 сурет. А2-ХЛ2-С9-бөлу-домалақтау автоматының



кинематикалық схемасы.
1-элсктроқозғаушы; 2-вариатор; 3-рсдуктор: 4,5- сығымдау біліктері; 6-муфта; 7-өлшемді поршень; 8-бөлу барабаны; 9-реттеу бұрандасы; 10-копир; 11- білік; 12- екі сатылы шкив; 13-элскгрқозғаушы; 14-домалақтау машинасы; 15-түсіру механизмі; 16-итеру білігі; 17-жұдырықша; 18-қисық иінді шатунды механизм; 19- сақтандыру муфтасы.

Автоматта 1-қабылдау шанағы, цилиңдр тәріздес 2-жұмысшы камерасы, оның ішіндеіі 3-сығымдағыш шнегі бар. Жұмысшы камерасына 5-жең арқылы 6-бөлу барабаны бекітілген. Бөлу барабанының астында 10-шынжырлы транспортер орнатылған. Транспортерге 11-шөміштер жалғасқан. Транспортер 13-жұлдызшалар арқылы керілген. Керекті шөміштер саны дайындамалармен толтырылған кезде олар аударылып ішіндегі дайындамалар шкаф бесікшелеріне бекітілген ұяларға түседі.

5 сурет. Маркасы ДПА бөлу орнықтыру автоматы.



I -қабылдау шанағы;2-жұмыс камерасы;3-шнек;4-жең;5-жең ауызы;6-бөлу барабаны;7-барабан айналдыру

Мехнизмі8-ролик; 9- планка;10 - транспортер;11 - шөміштер;12 - саусақша;13 - жұлдызша;14 - рама;15 - электрқозғаушы;16 - негізгі білік;17 - редукгор;18 - аркау;19 - диафрагма.
Бөлу барабаны жоқ шнекті сығымдағышы бар қамыр бөлу машиналар қатарына ХДР , "Роботер" және басқалар жатады. Бұл машиналарда қамыр дайындамалары сығымдалып машина мундппугінен шыққан қамырды пышақпен бөлу арқылы алынады. Пышақтың айналым жылдамдығына байланысты қамыр бөлшектерінің массалары реттелінеді. Машиналардың бөлу дәлдігі төмеңдеу болады.

Маркасы Soca қамыр бөлшектеу машинасы кез келген қамыр дайындамаларының түрлерін бөлшектеуге арналған. Машинада қамыр сығымдауға арналған қалақты сығымдағыш және білікті қоректендіргіш орнатылған. Қамыр бөлшектерін мундштуктен сығымдалынып шыққан камыр білемін, пышақпен кесу арқылы алынады. Қамыр дайындамаларының массалары 0,4...1,5 кг. Машинаның өнімділігі минутына 40 дайындама. Қондырылған қуат мөлшері 1,5 кВт, ал сыртқы өлшемдері 1400x720x1600 мм


Шағын кәсіпорындарында Кооператор қамыр белшектеу машиналары пайдаланылады

Машина қамырдың кез келген түрін бөлшектеуге арналған. Бөлшектенген қамыр дайындамаларының массаларын 50-ден 2500 граммға дейін өзгертуге болады.



6 сурет. Кооператор камыр бөлу машинасы.


1-камыр бөлу механизмі; 2-сығымдау поршені; 3-шибер; 4-қабьшдау шанақшасы; 5-иін; 6-рычаг; 7-электрқозғалтқыш; 8-вариатор; 9-редуктор; 0-жұлдызша; И-шынжыр 12-табақша; 13-ұн себу механизмі.

Машинаның негізгі бөліктері болып 4-қабылдау шанақшасы, 2-ығымдау поршені бар қамыр камерасы, 1-қамыр белшектеу құрылымы, жетек, дайындама массаларын реттейтін механизм, аспалы конвейер есептелінеді.

Қабылдау шанақшасынан бөледі де 2-поршень қамырды бөлу кұрылымьшың өлшемді камерасьша сығымдайды. Бөлу құрылымыңда дайындама массасын реттеуге арналған тетік бар. Қамырмен толтырылған өлшемді қалта 12-табақшаға бекітілген рычаг арқылы төмен қозғалады да, ішшдегі қамырды транспортер үстіне түсіреді.


Маркасы РТ-2 камыр бөлу машинасы (9-сурет). Массалары 0,1...1,1 кг қамыр дайыңдамаларын бөлуге арналған. Машина 1-қабылдағьш шанағьнан ондағы екі сығымдағыш бұдыр бетті 2-біліктерден турады. Біліктердің диаметрі әр түрлі. Ішінде төрт өлшемді 6-қалталары бар 5-бөлу барабаны 4-жең арқылы 3-жұмысщы камерасына жалғасқан. Өлшемді қалталар 7-бронзадан жасалынған гильзалардан оның ішіндегі

7 сурет. РТ-2 қамыр бөлшектеу машинасы.


1-қабылдау шанақшасы; 2-сьнъшдау білігі; 3-жұмыс камерасы; 4-жұмыс камерасьшың аузы; 5-бөлу барабаны; 6-өлшемді қалталар; 7-гильза; 8-поршень; 9-ролик; 10-білік; 11-таспалы транспортср; 12-,13-штангалар; 14-жоғарғы рама; 15-төменгі рама; 16-электрқозғаушы; 17-редуктор; 18-негізгі білік; 19-масса реттеу кұрылымы.поршеньдерден тұрады. Поршенудердің астында 9-тірек роликтері бар. Бөлу барабаны бір қалыпты жылдамдықпен айналады. Қамыр дайындамалары 11-таспалы транспортер үстіне 10-білікше көмегімен түсіріледі. Транспортер 12, 13 - штангалар көмегімен жоғары немесе төмен орналаса алады.

Машина арқауы екі рамадан турады, төменгі 15 және 14-жоғарғы. Төменгі рамада 16-электрқозғаушы, 17-редуктор, ал жоғарғы рамада 18-негізгі білік пен 5-бөлу барабаны орналастырылған.



Машинаның жұмыс істеу тәртібі төмендегідей. Қабылдағыш шанақтан қамыр қоректендіргші біліктер арқылы жұмысшы камерасына түсіріледі. Камерадағы пайда болған қысым /0,03...0,12 МПа/ арқасында камыр елшемді көлем /қалталар/ ішіне түсіріледі. Калтадағы қамыр оның ішіндегі поршеньді төмен түсіреді. Поршень астындағы ролик барабан ортасындагы жұдырықша бетіне тіреледі. Барабан ары қарай айналған кезде қалталар ішіндегі қамыр, роликтің жұдырықша бетімен сырғанап поршеньді итеруінің арқасында сыртқа шығарылады.

8 сурет. РТ-2 қамыр бөлу машинасының кинсматикалық схемасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет