Конспект: Электрлік өлшеулер және өлшеу аспаптары Негізгі анықтамалар мен ұғымдар Өлшеу



бет10/10
Дата15.12.2023
өлшемі158 Kb.
#197180
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Конспект Өлшеу және өлшеуіш аспаптар




Омметр


Омме́тр (Ом + (греч.) μετρεω «өлшеймін») — электрлік активті кедергіні өлшеуге (анықтауға) арналған өлшеуіш аспап. Қалыпты жағдайда өлшеу тұрақты ток бойынша жүргізіледі, бірақ, кейбір жағдайда электронды омметрмен айнымалы токты қолдану жат жағдай емес.


Омметр Микроомметр MOM600A

Ваттметр


Тұрақты және айнымалы тоқ тізбектерінде қуатты, әдетте, электродинамикалық ваттметрмен өлшейді. Ваттметрдің тоқтық орамасы онымен қуаты өлшенетін элементтің тоғы жүретіндей етіп тіркес жалғанады да, кернеулік орамасы элементтің кернеуіне жалғанады. Қуаты өлшенетін элементтің кернеуі мен тоғының шамасына байланысты ваттметрдің кернеулік және тоқтық орамаларының өлшеу аралықтары реттеліп отырады. Кернеуі және тоғы үлкен айнымалы тоқ тізбектерінде ваттметрлер өлшеуіштік трансформаторлар арқылы жалғанады. Үш фазалы тізбектерде активті қуат бір, екі немесе үш ваттметрмен өлшенеді. Үш фазалы тізбектерде реактивті қуат ваттметрлермен немесе әдейі жасалған аспаптармен (варметрлермен) өлшенеді. Реактивті қуатты ваттметрмен өлшеу үшін оны кернеуі мен тоғының фазалық ығысуы шартын қанағаттандыратындай етіп жалғау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет