Конспект: Электрлік өлшеулер және өлшеу аспаптары Негізгі анықтамалар мен ұғымдар Өлшеу


Өлшеу барысында кездейсоқ қателіктердің шамасы мен бағыты тұрақты болмайды. Өлшеулер нәтижесіндегі кездейсоқ қателіктерді кеміту үшін, біріншіден мұқият өлшеу, екіншіден өлшеулер санын арттыру қажет



бет8/10
Дата15.12.2023
өлшемі158 Kb.
#197180
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Конспект Өлшеу және өлшеуіш аспаптар

Өлшеу барысында кездейсоқ қателіктердің шамасы мен бағыты тұрақты болмайды. Өлшеулер нәтижесіндегі кездейсоқ қателіктерді кеміту үшін, біріншіден мұқият өлшеу, екіншіден өлшеулер санын арттыру қажет.









Өлшеуіш аспаптардың жіктелуі

Электр өлшеуіш аспаптар атқаратын міндетіне немесе аспаптан алынатын физикалық шамасына сәйкес, өлшеуіш аспаптарын мына түрлерге жіктеуге болады:



    • Амперметр — электр тоғының күшін өлшеуге арналған;

    • Вольтметр — электр кернеуін өлшеуге арналған;

    • Омметр —электр кедергіні өлшеуге арналған;

    • Мультиметрлер (тестерлер, авометрлер) — аралас аспаптар;

    • Частотометр —электр тоғының тербелісінің жиілігін өлшеуге арналған;

    • Ваттметр және варметр— электр тоғының қуатын өлшеуге арналған

    • электрлік счётчиктер — тұтынылған электр энергиясын өлшеуге арналған

Сондай-ақ, аспаптар басқа да белгілері бойынша жіктеледі:

    • Тағайындалуы бойынша — өлшеуіш аспаптар, өлшеу түрлендіргіштері, өлшеу қондырғылары мен жүйелері, қосымша құрыллары және т.б.;

    • Өлшеу нәтижесін көрсету әдісі бойынша— көрсетуші және тіркеуші;

    • Өлшеу әдісі бойынша — салыстыру аспаптары және тіуелсіз бағалау аспаптары;

    • Қолдану әдістері бойынша және конструкциясы бойынша — қалқандық (қалқанла немесе панельде орнатылады), тасымалы және стационарлық;

    • Жұмыс принципі бойынша:

        • электромагниттік;

        • магнитоэлектрлік;

        • электромеханикалық;

        • электродинамикалық;

        • электростатикалық;

        • ферродинамикалық;

        • индукциялық;

        • магнитодинамикалық

      • электрондық;

      • термоэлектрлік;

      • электрохимиялық.

Электр өлшеу құрылғылары энергетикада, байланыста, транспортта, ғылыми зерттеулерінде, медицинада және тұрмыстық қажеттіліктерде кеңінен қолданылады. Электрлік емес шамаларды электрлік шамаға түрлендіруге арналған арнайы датчиктерін қолданған өлшеу аспаптарының өлшеу шегінің қолданыс диапозонын кеңейтуге мүмкіншілік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет