Конспект Көмекші сөздердің түрлері


Біздіңше, Тау жақтан шыққан дүбір анық естілді



бет4/4
Дата02.11.2022
өлшемі32,72 Kb.
#156155
түріКонспект
1   2   3   4
Байланысты:
Конспек1 Оспанова
d70a79c49e2e52f513092bead896720407dcc082-1, Емтихан сұрақтарыД
 Біздіңше, Тау жақтан шыққан дүбір анық естілді (Ә.Әбішев). Осы маңға белгілі Шуақ мерген колхоз балаларын… (Ғ.Сланов) дегендегі маң, жақ сөздерін көмекші есім деуге болмайды. Демек, көмекші есім қызметінде қолданылатын сөз тәуелдік жалғауынсыз колданылса, оны көмекші сөз қызметінде қолданылып тұр деуге болмайды.
Көмекші есіммен зат есімнің ара қатынасын анықтауда кейде лексикалық мағыналарына да, лексикалық мағынаның құрылымына да назар тастау қажет сияқты. Ең алдымен, зат есімдерде көп мағыналық олардың негізгі қасиетінің бірі болса көмекші есімдерде кең мағыналық қасиет болмай­ды.
Яғни, көмекші есімдердің білдіретін мағынасы осы көп мағыналы зат есімдердің бір мағынасы болып саналады. Әрине кез келген көп мағыналы сөздердің келтірінді мағынасының барлығы бірдей көмекші сөз қызметінде қолданылуға негіз жасайды деген қорытынды шығаруға болмайды. Мысалы, Б. Хасенов бауыр сөзінің 6 мағынада қолданылатындығын көрсетеді. 1. Бауыр — іні, қарындас. 2. Бауыр — туысқан. 3. Бауыр — дос, достық. 4. Бауыр — адамның, жан-жануардың өті бөлініп шығатын ең үлкен безі. 5. Бауыр — адамның, малдық т.б. жандыжәндіктердің іш жағы. 6. Бауыр — беткей, етек. Бұл мағыналардың ішінде бір мағына (соңғы алтыншы) ғана көмекші сөз қызметінде қолданылғанда білдіретін мағынасы, ол басқа мағыналарында қолданғанда бау­ыр зат есімге тән барлық қасиетті сақтайды. Тіпті кейбір көп мағыналы сөз (зат есім) көмекші сөз қызметінде мүл­де қолданылмауы да мүмкін.
Мысалы, Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде алмас сөзінде үш мағына, аға сөзінде алты мағынаат сөзінде алты мағына бар деп көрсеткен. Осы сөздердің бірде-біреуі көмекші сөз қызметінде қолданылмайды. Бірақ, бұдан көмекші есім әр тіркесте бір мағына білдіреді екен деген де қорытынды шығаруға болмайды. Олар қай тіркесте болмасын өзінің мағынасының негізін сақтайды. Салыстырыңыз, таудың басы, шөптің басы, судың басы, … т.б. Бірақ кей оқырман бас сөзі белгілі бір нәрсенің басталатын жағын, жоғарғы жағын, аяқталатын жағын т.б сияқты бірнеше мағына білдірмей ме деген сұрау беруі заңды.
Бұл мағыналар бас сөзінің мағына шеңберінің кеңдігі білдіреді қолданылғанда бас сөзі нақтылы мағынаны ғана біліреді. Сондықтан мен анықтама бергенде көмекші есім ілік септікті зат есімнің (не зат есім қызметіндегі атауыш сөздің) жетегінде келіп, соны мағына жағынан толықтырады, нақтылайды деп анықтамаға қосып айтуымыз керек секілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет