Конспект Көмекші сөздердің түрлері


Көмекші сөздерді топтастырғанда



бет2/4
Дата02.11.2022
өлшемі32,72 Kb.
#156155
түріКонспект
1   2   3   4
Байланысты:
Конспек1 Оспанова
d70a79c49e2e52f513092bead896720407dcc082-1, Емтихан сұрақтарыД
Көмекші сөздерді топтастырғанда көмекші сөздерді мынадай үлгіде топқа бөлуімізге болады. Біріншіден, көмекші сөздерді орналасу орнына қарай алд көмекші, соң көмекші деп екіге бөлуге боладыАлд көмекшілер сан жағынан аз. Оларға сын есімнің асырмалы шарайының құ-рамында қолданылатын өте, тым, аса, тіпті т.б. көмекшілерді енгіземіз. Соң көмекшілері сан жағынан көп. Оларға көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөз, шылауларды енгізуге болады. Көмекші сөздерді мағына дербестігінің дәрежесіне қарай да екіге бөлуге болады: 1) атауыш (функционалды) көмекшілер, 2) шылау көмекшілер деп атауыш (функционалды) көмекшілерге а) көмекші есім, ә) көмекші етістік, б) модаль сөз, в) күшейткіш (асырмалы шырай құрамындағы) көмекші сөздерді енгізсек, шылау көмекшілерге септеулік, жалғаулық, демеуліктерді енгіземіз.
Көмекші есімдердің негізгі есімдерден ажырасып жататын екінші бір белгісі — оның сөйлемнің жеке мүшесі болмауы, сөз тіркесінің бір компоненті болмауы. Екінші сөзбен айтқанымызда, көмекші есімдер сөйлем құрамында қолданылғанымен, белгілі бір сұрауға жауап бере алмайды, сөйлемнің дербес мүшесі болмайды.
Ғалымдар сөйлем мүшесіне анықтама бергенде оның мағынасына, сөйлемдегі қызметіне назар аударады. Сол үшін де сөйлем мүшесі болатын сөз сөйлем құрамында қолданылып, басқа сөздермен байланысқа түсіп түрлі синтаксистік қызмет атқаратын, дербес сұрауға жауап бере алатын сөздердің синтаксистік қызметімен байланысты анықталатын грамматикалық категорияны түсінеміз. Әрине біз сөйлем мүшесіне тиісті теориялық мәселені талдау ниетінен аулақпыз. Ондай жұмыс түркітанымда баршылық. Көмекші есімдердің дербес сөйлемнің мүшесі болмағандықтан оның сөйлем құрауда, сөйлемнің мағынасында ешкандай қызметі жоқ деген пікір тумауы керек. Олар сөйлемнің күрделі мүшесінің құрамына еніп, сөй­лем мүшесінің тұлғасын анықтауыш бір тұлға есебінде көрінеді. Мысалы, Ауылдың маңы—терең сай, Тасыған өзен күрілдеп (Абай) дегендегі бастауыштың формасы маңы сөзімен байланысты анықталып тұр. Сол қызды шуу дегеннен сый құданың қасына, қақ төрге отырғызуы тегін емес екен. (Ж.Аймауытов) деген мысалымызда 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет