Конспект немесе тезистер : Социологиядағы ғылыми әдіс. Социологияда қолданылатын ғылыми әдіс түрлері



Дата08.02.2022
өлшемі14,66 Kb.
#117661
түріКонспект
Байланысты:
САӨЖ

Үшінші апта

3 Дәріс тақырыбы: Социологияның теориялық әдістері.


Дәрістің блок-схемасы (конспект немесе тезистер):
1. Социологиядағы ғылыми әдіс.
2. Социологияда қолданылатын ғылыми әдіс түрлері.

  1. Жалпы логикалық, теориялық және эмпирикалық социологиялық зерттеулердегі гипотеза.

1. Социологиядағы ғылыми әдіс.
Қазіргі әлеуметтану өз арсеналында әрқилы эмпириялық әдістерді қолданады. Олардың кейбіреуі этнографтардан, статистерден, психологтардан алынған, кейбіреуін әлеуметтану өзі жасаған.
2. Социологияда қолданылатын ғылыми әдіс түрлері.
Әлеуметтануда қолданылатын қолданылатын ғылыми әдіс түрлері: Ең негізгі әдістер мыналар: ақпараттық жазба көздерін, құжаттарды сұрыптау; бақылау және сұрау әдістері. Құжаттарды сұрыптау – бұл жазба көздің, құжаттың мінезіне тән әртүрлі варияцияларда пайдаланылады. Әлеуметтануда осы әдісті қолдана отырып өте ірі ғылыми-әлеуметтік мәселелер шешілген. Мысалы, М.Вебер қоғам дамуында социомәдени фактор бар екендігі туралы гипотеза жылжыта отырып, оны осы әдіспен дәлелдеп шықты. Осы әдістің нақты, қатал түрі контент-анализ болып табылады. Бұл сұрыптау түрі жазба құжатты әлеуметтік маңыз немесе оған әлеуметтік мән бере отырып сұрыптау арқылы іске асырылады. Бақылау. Егер социолог анықталған бағдарлама, гипотеза, зерттеу негізінде бақылау жүргізсе, бұл стандартталған бақылау деп аталады. Мұндай жағдайда социолог өз бақылауын өзі бұған дейін болжаған индикаторларға сәйкес тіркеп отырады. Әлеуметтануда тікелей бақылау әдісі кең таралған. Мұндай жағдайда социолог өз зерттеу объектісінің ортасында өмір сүреді. Бұл зерттеу әдісінің бір кемшілігі, объектіге тікелей енген зерттеушіде сол ортаға байланысты антипатия не симпатия сияқты сезімдік көзқарас пайда болуы мүмкін. Ал бұл еріксіз социологты субъективизмге ұрындырады.
3. Жалпы логикалық, теориялық және эмпирикалық социологиялық зерттеулердегі гипотеза.
Әлеуметтік зерттеу гипотезадан басталады. Гипотеза бір фактілер басқалармен себепті тәуелділік негізінде байланысқан деп көрсететін болжам. Теория бір-біріне сәйкестендірілген гипотезалар жүйесі. Әлеуметтік әдістер – бұл соның көмегі арқылы фактілер, гипотезалар және теориялар бір-бірімен түптелетін ережелер мен әдістер.
3 Практикалық сабақтың тақырыбы: Социологияның теориялық әдістері.
Тапсырма:
1. Микросоциология, оның ерекшеліктері мен түрлері.
3 ОЖСӨЖ тақырыбы: Социологияның теориялық әдістері.
Тапсырма:
СӨЖ мазмұны: Әлеуметтанудағы әдіс түрлерімен таныстыру және оны қолдану тәсілдерімен таныстыру.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Аяғанов Б, Тәжин М. Социология негіздері. Алматы 1993 ж
2. Социология Ред. Басқарған Тұрғынбаев Ә.Х. Алматы 2001 ж
3. Аитов Н.А. Основы социологии. А., 1997 г.
4. Кравченко А.И. Основы социологии. М., 2000 г
5. Шынтемірова Б.Г., Шайхиев Т.Т. Социология Оқу-әдістемелік құрал. Орал 2005 ж.
6. Батурин В.К. Социология образования: учебное пособие для студентов вузов / В.К. Батурин. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2011. – 191 с.
7. Волков Ю.Г. Социология. - Ростов на/Д: Феникс, 2014. - 672 с.
8. Рыжов О.А., Ларченков В.В. Управление социальным конфликтом // Власть. - 2012. - № 5. - С. 114 - 117.
9. Соломатина Е.Н. Теоретико-методологические подходы к исследованию социального конфликта // Вестник Московского университета. Серия 18: Социология и политология. - 2012. - № 4. - С. 70 - 85.
10. Коротец, И.Д. Основы социологии и политологии: Учебное пособие / И.Д. Коротец, Т.Г. Тальнишних.. - М.: ИНФРА-М, Академцентр, 2013. - 256 c.
11. Кравченко, А.И. Основы социологии и политологии: Учебник / А.И. Кравченко. - М.: Проспект, 2015. - 352 c.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет