Конспект Тақырып. Зат алмасу үрдістерін реттейтін дәрі -дәрмектер. Гормоналді препараттар. Дәруменді препаратттар. Гормоналді препараттар



бет14/14
Дата07.02.2022
өлшемі28,36 Kb.
#97771
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Лекция -1. Гормоналді препараттар. Дәруменді препаратттар. Фармакотерапия.
АҚЖ синдромдары , АҚЖ синдромдары , Асқ жарасы бақ блогі, Анемиялар бақ блог
Пиридоксин гидрохлориді (Vit В6) 1% және 5% 1 мл еріт. амп.-1 мл тәулігіне 1 рет б/е және т/а енгізіледі. Гиповитаминоз кейде балаларда (тырысу, дерматит) және туберкулезге қарсы препараттармен (изониазид) емдеуде (шеткерлік неврит байқалғанда пиридоксинмен басамыз) байқалады.Витамин жеткіліксіздігінде, изониазидпен, антибиотиктермен емделуде, жүктіліктің токсикозында, паркинсонизмде, радикулитте, невритте, сәуле ауруында, гепатитте және тері ауруларында қолданылады.
В12 және Вс витаминдері («Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).
Аскорбин кышкылы (Vit.С): 0,1 таб. 0,05 драже; 5% және 10% 1 мл еріт. амп. шығарылып, 1 мл-ден б/е, к/т енгізіледі, Гиловитаминозда, қан кетулерде, инфекцияларда, химиялық заттармен улануда, атеросклерозда, сәуле ауруларда, ағзаға шамадан тыс күш түскенде және т.б. жағдайларда белгіленеді. Үлкен мөлшерде ұзақ қолданғанда ұйқы безі мен бүйректі (АҚ-ы жоғарылатады) зақымдайды.
Рутин (Vit. Р): 0,02 таб. шығарылып, цитрустарда, итмұрын (шиповник) жемісі, қара жемісті шетеннің жидегі (рябина черноплодная), көк шай жапырақтарының және т.б. құрамында кездеседі. Жеткіліксіздігінде капилляр жарылуы (қан кетулер) байқалады. Геморрагиялық диатезде, әсіресе аскорбин қышқылымен бірге (қиыстырылған препараттары: «Аскорутин» - қолданған тиімді.

  1. Майда еритін витаминдер

Ретинол ацетаты (Вит. А): Жеткіліксіздігінде гемеролопия (ақшам соқыр), терінің қабыршықтануы, ксерофтальмия, кератомапяция, жоғарғы тыныс жолдарының, АІЖ-ң, несеп жыныс жолдарының зақымдалуы, гипохромды анемияға қарсы түру қабілетінің төмендеуі байқалады. Гиповитаминозда, тері және көз ауруларында, күйгенде, үсуде, жүқпалы ауруларда және АІЖ- ң ауруларында қолданылады
Эргокальциферол (Vit. D2) (Б); 0,125% 10 мл майлы еріт. флаконда шығарылып, 0,5% 5 мл спиртті ерітіндісін 1-2 тамшыдан тағайындайды. D2витамині балық майының, сары май, жұмыртқа сарысының құрамында кездеседі. Сүйек ұлпасының минерализациясы мен қандағы Са2+ иондарының мөлшерін реттейді. Жеткіліксіздігінде: рахит, остеомаляция, остеопороз байқалады. Рахитте, остеодистрофияда тағайындалады.
Токоферол ацетаты (Vit.Е); Өсімдік майларының құрамында кездеседі. Жыныстық бездерінің қызметін реттейді. Антиоксидантты әсері бар. Өздігінен болған түсікте, бұлшық ет дистрафиясында, стенокардияда, шеткерлік тамырлардың зақымдалуында және ревматоидты артритте белгіленеді.
Витамин К («Викасол» препараты). («Қан жүйесіне әсөр ететін дәрілер» тақыбына қараңыз).

  1. Поливитаминдер

Поливитаминді препараттардың құрамында әртүрлі микро-макро элементтер қосылған әртүрлі мөлшердегі витаминдер жиынтығы. Әртүрлі жағдайларда емдеу және алдын алу үшін қолданылады.
Толықтырғышы жоқ поливитаминді препараттарға «Аскорутин», «Гексавит», «Гептавит» «Декамевит» таблетка; «Ревит», «Ундевит»драже; «Аевит» капсула; «Витанова» грануласы және т.б. жатады.
Микро-жөне макро элементтері қосылған поливитаминді препараттарга: «Олиговит», «Супрадин», «Квадевит» драже; «Юникап М», «Юникап Т», «Прегнавит» (таб., капс.); «Таксофит» капс. Джунгли (таб. сироп, тамшы), т.б. жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет