Конспектісі 1 Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы»



бет9/26
Дата28.09.2023
өлшемі164,41 Kb.
#182876
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
дәрістер курсы-1 (1)
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫМЕН ҰҚСАСТЫҒЫ (1), фармакопея 1 том русс, БЖБ3 6А кл матем 23-24 (1), 13 апта Мухаметкарим Диана
Қорытынды сұрақтары:
1. Ортағасырлық қалалар құрылысы, ерекшеліктері
2. Ислам дінінің таралуы
3. ХV- ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулар
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 2 том, 2-бөлім, 7-тарау.

  2. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2005. 2-бөлім, 10-тарау.

4. Маданов Х.М. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. А.,1995.
5..Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. А., 1999.
6.Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. А., 1997.


8 – Тақырып. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан


Мақсаты: Жаңа заман дәуірінің басындағы Қазақ елінің жоңғар басқыншыларына қарсы күресін талдау
Дәріс мазмұны:

1.Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.
2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
3.Жоңғар мемлекетінің күйреуі.


Түйін сөздер: батыр, жоңғар, соғыс, қазақ, күрес, хан.


Дәрістің қысқаша мазмұны

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.


1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін, Хақназар, Тәукенің Қазақ хандығын бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып, өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды. Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған сыртқы жаулар жан-жақтан шабуыл жасады. Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады» - дейді.
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.
XIV ғ. екінші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді. Олар: ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының бақылауындағы Шығыс бөлік. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен. Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғасырдан, яғни Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына ойраттардың күйрете соққы берген 1456 жылынан басталған болатын. Кейіннен ойраттардың бірігіп, 1635 жылы мемлекет құруынан бастап, олардың қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтары күшейе түсті.
Басшысы Батур хунтайшы болды (1635-1653). Қазақ жеріне Жоңғар шапқыншылығының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды. Цэван Рабданның жаулап алу саясатының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне қалмақтар тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне басып кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай» , сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады. Қазақ халқы үлкен қырғынға ұшырап, ол тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталды.. Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған.
Ақтабан шұбырындыда ауа көшкен жұрт Орта Азиядағы көптеген қалалар мен елді мекендердегі отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Оның нәтижесінде Самарқанд, Бұқар, Хиуа, Ферғана сияқты қалалар қаңырап қалды. Сол жылдарда Хиуа маңындағы мекендер мен егіндік жерлер иесізденіп, қаланың өзінде қырық шақты ғана отбасы қалған.
Жаппай босу, аштық, елді, жерді сағыну қазақтардың қайрат-жігерін ұштады, оларды ортақ жауға ұйымдасып, қарсы шығуға жұмылдырды. Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты хандарымыз , билерімізбен қатар батырларымыз еді.
1726 ж. Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, билері жиын өткізіп, онда үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануға келісті.Қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды.
Бұқар жырау өзінің 29 толғауында атақты батырлардың аттарын атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Райымбек, Малайсары, Тайлақ, Саңырақ батырлар.
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.
Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.
Сөйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға күйрете соққы береді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды. Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат-жігерінің жемісін көріп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ арасына ілезде тарап кетті. Алты алаштың рухын көтеріп, оларды күреске шабыттандырған бұл жеңіске жеткен жер «Қалмақ қырылған» деп аталды.
1729 жылы көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болды. Ол Балқаш көлінің маңында (оңтүстік батыс) Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақтарға екінші рет күйрете соққы берді.Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған даусы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейіннен тарихта «Аңырақай шайқасы» деген атпен белгілі болады. Сөйтіп, Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.
Осы тұста Болат хан (Тәукенің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сәмеке, Әбілхайыр, Болаттың үшінші баласы Әбілмәмбет арасында билік үшін күрес жүрді. Сөйтіп, аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Әбілмәмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына Әбілхайыр да, Сәмеке де наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетеді. Нәтижесінде қайтадан феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бөліне бастайды. Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті.
Аңырақайдағы жеңіліске ұшырағанына қарамастан Жоңғар мемлекетінің қазақтардың жеріне қайта шабуыл жасау қауіпі жойылмады. 1734 жылы жоңғарлар Қазақ хандығының жеріне тағы бір үлкен жорығын ұйымдастырды. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандықтан Орта жүз ханы сол жылы Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Қалмақтардың жойқын шабулы өте-мөте Жетісу жеріне ауыр тиді. Өйткені Ұлы жүз қазақтары қаһарлы жауға жалғыз өзі тойтарыс беруге күштері жетпеді.
1740 жылы Ресеймен жақындасу көзқарасын ұстанған Жолбарыс ханның өлтірілуі және өзінің саяси бағдарын жиі өзгеркен Сәмеке ханның қайтыс болуы қазақ хандықтарының сыртқы саяси жағдайларының осалдығын айғақтай түсті. Ойраттар оңтүстік-шығыс шептегі, сондай-ақ Қазақстанның өз ішіндегі оқиғалар туралы да жақсы хабардар болып отырды. Осы жағдайларды пайдаланып, 1739-1740 жылдардың қысында ойрат әскерлері оңтүстіктен, Сырдария өзенінің жоғарғы ағысынан және солтүстіктен Ертіс өзені жақтан шапқыншылық жасап, Орта жүздің Тобыл мен Есіл бойындағы қоныстарын едәуір шығынға ұшыратты.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстарға байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғар басқыншылары оған құлақ аспады. Олар қазақ қоныстары мен орыс қамал-бекіністеріне шектес жатқан жерлерде 20 мың әскер ұстап, қазақтарды мазалауын қоймады.
Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарлардың феодалдық әскер күшіне соққы беру арқылы ғана өз жерін жаудан босатуға болатынына көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан зор еңбек сіңірді. 1711 жылы «қан ішер» Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында оның азан шақырып қойған аты - Әбілмансұр болатын. Қалмақтар Түркістанды алып, Уәли ханды өлтіріп, оның 13 жасар ұлы Әбілмансұрды тұтқындағы басқа адамдармен бірге Хиуа базарына апарып құлдыққа сатпақшы болды. Осы жерде ол тұтқыннан қашып елге келіп, ауқатты адамдардың малын бағуға жалданды. Үйсін Төле бидің түйесін, одан соң Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Ұйпа-тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атаған. Ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, ерлігімен, батылдығмен көзге түседі.
Осы ұрыста «Абылай, Абылай» - деп ұрандап, жігіттерге жігер беріп, жаудың тобына ұмтылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды жекпе-жекте өлтіреді. Атой салып шайқасқа үш рет кірген ол ұрыста жауды талқандап, жеңіске жетуге үлкен еңбек сіңіреді.
Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді. Риза болған ол оған «Абылай» деп ат беріп, хандық тағын ұсынады. Абылай есімін алған Сабалақ хан болудан бас тартып, Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесінде бас ақылшы, кеңесшісі болады.
1741 жылы жазда Ұлытаудың маңында аң аулап жүргенде қапыда қалмақтарға қолға түскен Абылайдан жоңғарлардың ұлы қонтайшысы Қалдан-Серен «Менің ұлымды өлтірген сен бе?» - дегенде, ол «Сенің балаңды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана», - деп жауап берген. Жоңғарияда Абылай 1743 жылдың қыркүйек айына дейін болып, Ресей мемлекеті және Қазақтың үш жүзі атынан Төле би бастаған елшілік жүргізген келіссөз барысында тұтқыннан босатылды. Осыдан кейін ол Орта жүз жерінде уақытша жоғалтып алған билік тізгінін қайта қолға алады.
1745 жылы Жонғар мемлекетінің ханы Қалдан-Серен өліп, оның мирасқорларының арасында хан тағы үшін талас, кескілескен тартыс басталады. Ең әуелі оның орнына 19 жасар үлы Цеван Доржи отырды. Осы орайда көрші жатқан Цинь империясы жоңғарларға қарсы қайта-қайта соғыс ашып, жоңғар мемлекетін әлсіретеді. Міне, осы аласапыран, жанталас уақытты ұтымды пайдаланған Абылай қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту мақсатымен Оңтүстіктегі Телікөлдің маңына үш жүздің әскери жасақтарын жиып, Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат ету жорығына аттанады. Бұл үш жүздің қоян-қолтық басы қосылған алғашқы жорығы еді. Осы жорықта ерен ерлігі , тамаша батырлығымен көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай , Кіші жүздің батыры Бұғыбай, Уақ руының батыры Баян, шапырашты Наурызбай, шақшақ Жәнібек т.б. өз есімдерін өшпес даңққа бөледі.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартып, Түркістанға таяп барды. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты.Батыр Баян Талас өзеніне тақау барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сағасына шегіндірді. Амалы таусылған Цэван Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Қазақ хандығы қарамағына өтті. Түркістан қаласы туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылай бұл жолғы жеңістерін жонғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді.
Қазақ жерін қалмақтардан біржолата тазарту мақсатымен Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай, тағы басқа батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750 жылдың орта кезінде Абылай ханмен Қабанбай батыр ұйымдастырған қазақ қолы Жоңғар қақпасы маңында жаудың негізгі күшін үш қабат қоршап, ес жидырмай талқандап түбегейлі жеңіске қол жеркізді. Бұдан кейінгі жорықтарды Қаракерей Қабанбай батырдың басшылығымен жоңғарлардың алауыздығын пайдалана отырып, 1753-1755 жылдары жалғастырды. Бұл кезде қалмақтарды Алтай, қалба өңірінен қуып, соңғы рет үш айға созылған атақты Шорға соғысында қазақтар жоңғарларды күйрете жеңді. Сөйтіп, қалмақтардың бір ғасырдан астам уақытқа созылған басқыншылық, зорлық-зомбылық соғысы осымен аяқталды.
1755 жылы Қытай империясы жоңғар жеріне басып кірді. Нәтижесінде жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен болатын. Осыдан кейін көп кешікпей Жоңғар мемлекеті 1758 жылы біржола құлады.
1758 жылы Цинь империясы Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесіп жатты. Қытайлар көрші жатқан қазақ елдеріне тынымсыз шабуыл жасады. Абылай басқарған қазақ жасақтары қытай әскерлеріне бірнеше рет соққы беріп, олардың ішке қарай жылжуына мүмкіндік бермеді. Қытай әскерінің басып алу қаупінен сескенген Әбілмәмбет Үлкен Орданы Іле өзенінің бойынан Түркістан жаққа көшіруге мәжбүр болды.
Бір айтып кететін жай, Ресей патшалығы өзінің қол астындағы қазақтарға қытайлар шабуыл жасап жатқанда елшілік жолмен наразылық білдіруден басқа көмек көрсетпеді. Ол наразылыққа құлақ асқан Цинь империясы болған жоқ.
Абылай ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, Цинь әкімдерімен елшілік қатынас орнату мақсатында Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, ол Цинь империясымен сауда, экономикалық байланыс орнатудың амалын істеді. Ол Ресеймен қарым-қатынасты да ұлғайтты. Абылай хан қазақ жерін, қазақ халқын көршілес күшті елдердің (Ресейдің, жонғарлардың, қытайдың ) қаупінен қорғап қалуға үлкен еңбек сіңірді. Батырлығы, ұйымдастыру шеберлігі, саясатшылығы арқасында қазақ халқының елдігін сақтау үшін көп жұмыс тындырды.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ жылқы сойып, ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.
Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жердегі Жаңғызтауда ағаш үй салынды. Абылай 1781 жылы мамыр айында Ташкентке жақын жерде 69 жасында қайтыс болды. Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет