Конспектісі «Механика»



бет1/15
Дата11.05.2022
өлшемі123,65 Kb.
#142314
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Д ріс конспектісі «Механика» кафедрасы 2020 Д рістер конспектесі


Қарағанды техникалық университеті


ДӘРІС КОНСПЕКТІСІ
«Механика» кафедрасы

2020



Дәрістер конспектесі


1-тақырып. Бірыңғай конструкторлық құжаттама жүйесінің (БКҚЖ) стандарттар кешені. Бұйымдар түрлері. Конструкторлық құжаттаманың түрлері мен жиынтығы. Сызбаларды әзірлеудің жалпы ережелері. Форматтар. Негізгі жазбалар. Масштабтар. Сызықтар.Қаріптер.Сызбада материалдарды графикалық бейнелеу. Өлшемдерді жазу негіздері. Еңіс, конустылық, түйіндесулер. Сызба тұрғызу үшін қолданбалы бағдарлама пакеттері. (2 сағат)
Дәріс жоспары
1. Бұйым түрлері.
2. Конструкторлық құжаттар түрлері.
3 КҚБЖ туралы түсінік.
4. Сызбаны орындауға керекті құралдар.
5. Форматтар.
6 Масштабтар.
7. Сызбаның сызықтары.
8. Шрифт.
9. Материалдың графикалық белгіленуі.
10. Өлшемдерді қондыру.
11. Еңіс, конустылық, түйіндесулер.
Бұйым деп өндіріс заттарының жиынтығын немесе өндіріс орнында дайындауға жататын кез келген затты айтады.
Атқаратын жұмысына байланысты бұйымдар екі топқа бөлінеді: негізгі өндірістік бұйымдар және көмекші өндірістік бұйымдар.
Негізгі өндірістік бұйымдарға сатуға, яғни сыртқа шығаруға арналған бұйымдар жатад, мысалы: аспап, автомат, білдек т.б.
Көмекші өндірістік бұйымдарға дайындаушы өндіріс орнының ішкі қажеттіліктеріне арналған бұйымдар жатады, мысалы: қалыптар, айлабұйымдар және т.б.
МЕСТ 2.101-68 бұйымның мынадай түрлерін тағайындаған: тетік, құрастыру бірлігі, кешен (комплекс), жинақ (комплект).
Тетік – аты мен таңбасы бірыңғай материалдан құрастыру операцияларын қолданбай дайындалатын бұйым, мысалы: бұрандама, сомын, білікше және т.б. Сонымен қатар, тектіктерге бір үзім материалдан (қатты қағаз, болат қаңылтыр) жасалған қорабша тәрізді бұйымдар да жатады.
Құрастыру бірлігі – құрама бөліктері, дайындаушы өнеркәсіпте құрастырушы операциялар арқылы, қосылатын бұйым түрлері, мысалы: білдек, телефон аппараты, суытқыш және т.б.
Кешен – дайындаушы өнеркәсіпте құрастыру операцияларымен қосылмаған екі және одан көп бұйымдар, бірақ өзара байланысты пайдалыфункция атқаруға тиісті болатын, мысалы: радиостанция, кеме, ракеталық қондырғы және т.б.
Жинақ – дайындаушы өнеркәсіпте құрастыру операцияларымен қосылмаған екі және одан көп бұйымдар. Бұлар көмекші сипаттағы атқаратын қызметі жалпы түрде болатын бұйымдар жиынтығы, мысалы: өлшеуіш аппартура жинағы, қордағы бөлшектер, готовальня және т.б.
Құрастыру бірліктері, кешендер және жинақтар өзгешеленген бұйымдарға жатады, себебі олар бірнеше құрамдық бөліктерден тұрады, ал тетік өзгешеленбеген бұйымға жатады. Әрбір бұйымға арналып құрылмалық (конструкторлық) құжаттар жасалады. Құрылмалық құжаттарға графикалық және текстік (жазбаша) құжаттар жатады, оларда бұйымның құрылымын анықтайтын және оны дайындауға, бақылауға, қабылдауға, пайдалануға, жөндеуге қажетті барлық мәліметтер болады.
МЕСТ 2.102-68 мазмұнына байланысты құрылмалық құжаттардың 25 түрін тағайындаған, соның ішінде:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет