Конспектісі «Механика»



бет3/15
Дата11.05.2022
өлшемі123,65 Kb.
#142314
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Д ріс конспектісі «Механика» кафедрасы 2020 Д рістер конспектесі

габариттік сызбабұйымның габариттік, орнату және жалғастыру өлшемдерімен берілген контурлық кескіндері болатын құжат;
жинақтау сызбасы – бұйымның оңайлатылған кескіні мен оны орнатуға қажетті мәліметтер болатын құжат;
сұлба – бұйымның құрама бөліктері және олардың арасындағы байланыс шартты кескіндер немесе белгілеулер түрінде көрсетілген құжат;
түсіндірме хат – бұйымның құрылғысы мен әсерлік принципін түсіндіретін және қабылданған техникалық және техника – экономикалық шешімдерді негіздейтін құжат;
техникалық шарттар – бұйымды пайдалану көрсеткіштері және оның сапасын бақылау әдістері болатын құжат.
Бұдан басқа, құрылмалық құжаттарға түрлі тізімдік ққағаздар, кестелер, есептеулер, пайдалану және жөндеуменбайланысты құжаттар кіреді. Құрылмалық құжаттар дайындау сатысына байланысты: жобалық және жұмыстық болып бөлінеді.
Жобалық құжаттарға: техникалық ұсыныс, нобайлық (эскиздік) жобалау және техникалық жобалау (соның ішінде жалпы көрініс сызбасы) жатады.
Жұмыстық құжаттарға: тетік сызбасы, құрастыру сызбасы, сипаттізім және т.б. жатады.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1. Негізгі әдебиеттер [5, 6, 7, 8]
2. Қосымша әдебиеттер [11]

СӨЖ-ға арналған бақылау тапсырмалары (8-тақырып)


1. Бұйымдар түрлеріне анықтама беру: тетік, құрастыру бірліктері, комплекс, комплект.
2. Жалпы түрдегі сызба және құрастыру сызбасынын тоғайындалуын түсіндіру.
3. Құрылым схемасы және сипаттізім тоғайындалуын түсіндіру.
4. Құрамды және құрамсыз бұйымдардын айырмашылығын түсіндіру.
5. Бұйымнын конструкторлық құжаттамаларының комплектісің тізімдеу.
6. Сипаттізім бөлімдерін тізімдеу.

Инженерлік графика техникалық құжатқа негізделген графикалық үлгілердің көмегімен техникалық ақпаратты беру тәсілдері мен ережелері туралы ғылымды білдіреді. Құру туралы өзара байланысты құрылымдаущы құжаттар ҚҚБЖ реттеледі. ҚҚБЖ объектілері терминдердің, ережелердің, нормалардың, шама бірліктердің кең шеңбері жатады.


МЕСТ 2.301-68 сәйкес формат деп сызбаның өріс өлшемін айтады. Барлық негізгі форматтар АО 1189х841 өлшемінен м2 ауданына дейін болады. Келесі ұсақ форматтар А1, А2, А3, А4 и (А5) .
Сызбаны өлшемдері МЕСТ 2.301-68 стандартына сай анықталған қағазға салады. Осындай өлшемдері тағайындалған қағазды пішім (формат) деп атайды. Ауданы 1 м2 болатын пішім АО (841х1189) және басқа сәйкес пішімнің қысқа жағына параллель, сызықпен екі тең бөлікке біртіндеп бөлу арқылы алынған пішімдер – негізгілердің қатарына жатады. Пішім А4 (210х297) –өлшемдері басқа пішімдердің өлшеу бірлігі ретінде қабылданған.
Көмекші пішімдер негізгі пішімдердің қысқа жағын, пішім А4 өлшемдеріне еселі болатын, шамаға ұлғайтумен жасалады.



Пішімнің белгілері

А4

А3

А2

А1

А0




210х297

297х420

420х594

594х841

841х1189

Қағазға сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алады. Одан кейін сызба өрісін анықтайтын рамка деп аталатын тік төртбұрыш салынады.


Рамканы жоғары, оң және төменгі пішім шетінен 5 мм қашықтықта жүргізеді. Пішімнің сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ сызбаларды альбом түрінде тігу үшін қалдырады. Пішімнің оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазуды орналыстырады, ал ол А4 пішімінің қысқа жағына сызылады.
Негізгі жазудың рамкасы мен графаларын тұтас жуан негізгі және тұтас жіңішке сызықтармен орындайды. Негізгі жазудың тұлғасын, өлшемдерін және мазмұның МЕСТ 2.104-68 анықтайды.
МЕСТ2.302-68* Бұйымның мөлшеріне және күрделігіне байланысты оны үлкейтіп немесе кішірейтіп сызуға тура келеді. Масштаб деп бұйымның сызбадағы сызықтық өлшемі мен натурал өлшемінің қатынасын айтады. Стандарт МЕСТ 2.302-68 тағайындаған масштабтар:
- кішірейту масштабтары 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000;
- үлкейту масштабтары 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1;20:1; 40:1; 50:1; 100:1
- натурал шама: 1:1.
Ірі объектілердің бас жоспарларын жобалауда мынадай масштабтар қолданылады: 1:2000; 1:5000; 1:10000; 1:20000; 1:25000; 1:50000
Егер сызба бірдей масштабта орындалса, онда оның мәнін сызбаның негізгі жазуындағы арнаулы графада мынадай түрде көрсетеді: 1:1; 1:2; 1:100 және т.т.
Егер қайсыбір кескін сызбадағы негізгі жазуда көрсетілген масштабтан өзгеше орындалса, онда кескіннің сәйкес атының астында М 1:1; М 1:2 және т.т. түрінде масштабтарды көрсетеді.
Жуан тұтас негізгі сызықтың жуандығы S сызбаның пішіміне, мөлшеріне және кескіннің күрделігіне байланысты 0,5 мм-ден 1,4 мм-ге дейінгі аралық болады. Үзілме, нүктелі үзілме сызықтар сызықшаларынан басталады, сызықшаларымен аяқталады және сызықшаларымен қиылысады. Кескіндегі шеңбердің диаметрі 12 мм-ден кем болса, онда центрлік сызық ретінде пайдаланылатын үзілме нүктелі сызықты тұтас жіңішке сызықпен алмастыру керек.
Тұтас ирек сызықтарды және тұтас тіркесінді сызықтардың сынықтары қолданжүргізіледі. Өлшем сандары және жазулар сызба сызықтарымен қиылыспауға тиіс. Сызба рамкасы, кестелер, негізгі жазулар мен сипаттізімдер жуандағы S тұтас сызықтармен орындалады.
Сызбаларда өлшемдерді қою ережелерін МЕСТ 2.307-68 бекітеді. Өлшемдер өлшем сандары мен өлшем сызықтарының кқмегімен қойлады. Аяғындағы өлшем сызықтары бағыттаушымен шектеледі. Сандар милимметрмен қойлады. Контурдан бірінші өлшемді сызыққа дейінгі минималды арақашықтық 10 мм аз болмау керек. Көршіліс сызықөтар арасында 7 мм кем болмау керек. Сандар кеңістіктегі өлшем сызықтарын қатысты қойлады. Аз өлшемдер өлшем бірліктерінің көрсетілуімен қойлады (градус, мин, сек).
Сызбаларда кейбір бұрыштарға тік және көлденең орналасқан түзулер кездеседі. Жұмыс сызбаларын сызғанда қиық конустарды сызады. Конустылық деп доңғалақ конустық биіктігіне қатысты шеңбер диаметрі білдіреді. Сызбада конустылықты қатынаспен білдіреді.
Бөлшекті өлшеу үшін онын көлеміне байланысты арнайы өлшегіш құралдары қолданылады.
Бөлшекті өлшеу 0,5...1 мм дәлдігіндегі темір сызғыш, сыртқы және ішкі өлшедерін алатын құрал, дәлірек өлшейтін 0,01...0,1 мм – штангенциркуль, микрометр және басқадай құралдар қолданылады.
Радиусты өлшеу үшін радиус өлшегіш, бұранданын адымын өлшеу үшін екі түрден тұратын бұранда өлшегіш қолданылады.
Жұмыс сызбаларында өлшем бірліктері көптеген факторларды ескере отырып қойылады олар бөлшектін геометриялық көлемі, конструкциялық ерекшелігіжәне тағайындалуы, өнделу дәлдігі, бақылау ынғайы. Өлшем бірліктерін келістіріп қондыру үшін базалар деп аталатын арнайы жерден бастау қажет.
База деп бөлшектің құрастыру бірлігінде немесе өндеу барысындағыорнын көрсететің нүктені немесе түзуді, бетті айтады. Базалар төрт түрге бөлінеді олар конструкторлық, технологиялық, өлшегіш және құрастыру базалар.
Базалардың дұрыс таңдалуы – жұмыс қабілеттілігі бар бұйым жасаудың қажетті шарты.
МЕСТ 21495-76-ге сәйкес, өлшемдерді қойғанда мынадай базаларға қарап ажыратады:
- құрылымдаушы өлшемдер бөлшектің механизмде орналасуын анықтағанда;
- технологиялылық өлшемдер бөлшекті жасағанда өңделетін беттің бағдарын көрсеткенде;
- өлшегіштік дайындама немесе бұйымның орналасуын өлшеу көзін анықтағанда.
Бөлшектің жұмыс сызбасы механизмді жалпы қарастыру арқылы жасалады, бірақ өлшемдерді қойғанда әр бөлшектің жасалу технологиясын ескеру қажет.
Практикада өлшемдерді қондырудын үш әдісі қолданылады олар тізбектелген, координаталық және аралас өлшем қондыру әдістері.
Тізбектелген әдіс бойынша бөлшектің жекелеген бөліктерін ретімен өнделетіндей тізбектеліп беріледі.
Координаталық әдіс бойынша өлшемдерді қондыру бір базадан басталады.Осы жағыдайда өлшемдерді қондыру ынғайлы және кейбір бөлшектің элементтерінің өлшемдерін бақылауды женілдетеді.
Аралас әдіс тізбектелген және координаталық әдістін біріктірілген түрі. Бұл жерде негізгі өлшегіш базадан басқа көмекші базаларда қолданылады.
Кез келген әдісті қолдансада өлшемдер тұйық болмауы тиіс.
Құрастыру сызбасын оңай әрі жылдам сызу, оқу үшін стандартқа сәйкес (МЕСТ 2.109-73) шарттылықтарды ескеріп, қолдана білу керек. Көптеген аппараттар мен механизмдердің (вентильдер, сорғыштар, бүркігіштер) қозғалмалы, тұрқыдан шығып тұратын бөліктері – реттегіш қалқан (клапан) айналдырықтары, тығынжылдар және т.б. болады.
Құрастыру сызбаларында әр түрлі тегершікшелерді жиі кескіндеуге тура келеді. Бұл бөлшектердің пішіндерін екі көрініспен көрнекті етіп көрсетуге болады.
Қиықжиектерді, бунақтарды, жырашықтарды, тереңдетушлерді, бүрлеулерді, бедерлеулерді, шығыңқылықтарды және т.б. майда элементтерді көрсетпеуге де болады.
Тұтас біліктер, өзектер, айналдырықтар, саптар, шариктер, стандартты бекітпе бұйымдар, кілектер сияқты бөлшектер ұзына бойы қималарда МЕСТ 2.305-68-ге сәйкес қиылмай бейнеленеді.
Құрастыру сызбасындағы бұйымнын құрамдас бөліктері сипатттізімде көрсетілген номерлерге сәйкес белгіленеді.
Позиция номері шығарма сызықтардын көлденен сөрелерінде беріледі.Позиция номері көрінетін бөлшектерде берілуі тиіс.
Бекітетің бұрандалар тобына бір шығарма сызықтан бірнеше сөрелер шығарып беруге болады.
Шығарма сызықтар бір-бірімен қиылыспауы керек.
Құрастыру сызбасын орындағанда мынадай негізгі өлшемдерді қояды:
- габаритті, бұйымның ішкі және шеткі кескінін анықтамайтын өлшемдер;
- орнату, монтаж орнында бұйымды орналастыру өлшемдері;
- қосқыш, берілген бұйымның басқа бұйымдарымен қосылатын өлшемдер;
- бұрандалар өлшемдері;
- қажетті анықтамалық.
Бөлшектің геометриялық элементтерінің өлшемдерін басқа элементтер жиынтығына қатысты қояды. Мұндай жиынтықты база деп атаймыз. Бұл өңдеу басталатын жазықтық, түзу сызық немесе симметрия осі, нүкте болуы мүмкін.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Негізгі әдебиеттер [5, 6, 7, 8]
2. Қосымша әдебиеттер [11]

СӨЖ-ға арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып)


1. Сызбаларды орындау құралдары.
2. Форматтар, негізгі жазу, сызықтар, әріптер.
3. Масштабтар.
4. Сызықтар.
5. Сызба әріптері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет