Контентті дайындауда Қр білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізге алынды


Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б



бет5/5
Дата16.04.2020
өлшемі1,23 Mb.
#62688
1   2   3   4   5
Байланысты:
контент топырақтану.АГР-19-31 15.02.2020
Раушан Р. Д. Силлабус. Мелиорат егіншілік МРОЗ 2019doc, контент топырақтану.АГР-19-31 15.02.2020

1. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б.

2. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997. -168 б.


3. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959. -310 бет.

4. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ геогра-


фиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.
Бақылау сұрақтары:

1.Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігі.

2.Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігін анықтау тәсілдері.

3.Топырақтың ылғалдылыққа байланыстылығы.


Тақырыбы:Топырақтың абсолют және салыстырмалы жасы

Дәріс мазмұны. Топырақтың абсолют және салыстырмалы жасы.

Солтүстік жарты шарда ерте жаратылған топырақтар өзгеріске көп түседі. Бұл аймақта кайнозой эрасының антропоген немесе төрттік кезеңінде мұнан 1 млн. жылдай бұрын басталған, еріп қайтқанына 20 мың жылдай болған соңғы мұзданудан оңтүстік аудандар ерте, мұнан кейін орталық, ең кеш солтүстік аудандар босады. Соңғыларының топырақтары жас болады. Жас топырақтар аллювиалдық және делювиалдық тұнбаларда кездеседі.

Аллювийлік шөгінділер (лат. аллювио – тасынды, үйінді) - өзен аңғарларында су ағындары әрекетінен түзілетін шөгінділер. Өзен шөгінділері малтатас, қиыршық тас, құм, саздардан тұрады. Өзен жайылмасына, жағаларына, әсіресе сағаларына жиналады.

Делювийлік шөгінділер (лат. делюви – шаямын) – жаңбыр мен еріген қар суларының беткейлердегі үгілме борпылдақ таужыныстарды шайып, төмен қарай көшіруі нәтижесінде жиылған шөгінділер. Делювийдің құрамы беткейде жоғарыдан төмен қарай киыршық тастан балшыққа дейін өзгереді.

Топырақтар жасын абсолюттік және салыстырмалы жастар деп бөледі. Абсолюттік жас деп, сол топырақтың бастапқы түзілуінен бергі жасын атайды. Салыстырмалы жас деп, абсолюттік жасы бірдей, бірақ рельефке, жыныстардың құрамына байланысты топырақ түзілу стадиялары әртүрлі жылдамдықпен жүретіндіктен тұратын топырақтар жас болады. Мысалы, өзен сағасындағы, құйылысындағы және тау беткейіндегі топырақтар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б.

2. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997. -168 б.


3. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959. -310 бет.

4. Тазабеков Т.Т., т.б. Жалпы топырақтану. - Агроуниверситет.1998. -136 бет


Бақылау сұрақтары:

1.Топырақтың абсолют жасы

2.Топырақтың салыстырмалы жасы
Дәрiс №6

Тақырыбы:Топырақтың морфологиялық белгілері
Дәріс мазмұны. «Морфология» - гректің екі сөзінен шыққан: morphe – пішін және logos – түсінік, ілім.

Топырақ морфологиясы көбінесе көру және сезіну көмегімен анықталатын топырақтардың сыртқы белгілері туралы ғылым. Негізгі морфологиялық белгілерге жататындар: жекелеген горизонттардың топырақ кескіндерінің құрылысы мен қалыңдығы, түсі немесе боялуы, механикалық құрамы, структурасы, қалыптасуы, қосындылары мен жаңа түзілімдері.

Топырақтың морфологиялық белгілері – топырақтарда жүретін үрдістер көрінісі. Топырақтың сыртқы (морфологиялық) белгілері жалпы алғанда топырақ түзілуі үрдісін құрайтын биологиялық және физика-химиялық үрдістердің әсер етулерінен болып жататын органикалық және минералдық заттар айналымы мен олардың басқа күйге ауысуын айтады.

Топырақ түзілу үрдістерін зерттеу үшін топырақ кескіндеріне, сыртқы морфологиялық белгілеріне қарап, үлгілер алынады.

Кез-келген топырақтың кескіне қарап, бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше қабаттардан тұратындығына көз жеткізуге болады.



Топырақтың кескіні – топырақтың бетінен жыныстың топырақтүзілу процесімен өзгермеген 1-1,5 м тереңдіктегі қазба шұңқыры. Шұңқырдың тік қабырғасында топырақ кескінінің размері, топырақтың жеке генетикалық қабаттарының түсі мен жайласуы, түрлі кірмелер мен жаңа жарандылар көрінеді.

Топырақ кескінін сипаттау үшін оның жекелеген горизонттарының жазбасы жазылады. Әрбір горизонтқа әріптік белгі беріледі. В.В.Докучаев ұсынған және оны совет ғалымдары дамытқан әріптермен белгілеу жүйесі (латын шрифті) кеңінен қолданылады. Топырақтың көпшілігіне қабаттардың келесідей орналасуы тән:



А1 қабаты – тым қара түсті, топырақтың төменгі қабаттарынан жоғары мөлшердегі органикалық заттармен ажыратылатын қарашірінділі (қарашірінділі-аккумулятивті) қабат. Бұл қабатта қарашірінді мен күлді элементтер жиналады, олар аккумуляцияланады. Қара топырақтарда қарашірінділі қабат қаралау сияқты түсті, сұр орманды топырақтарда – ашық-сұрдан қара-сұрға дейін, қара қоңырда – қоңыр-сұр түсті болады. Шымды күлгінді топырақтарда А1 қабаты ақшылдау-сұр.

А2 қабаты – ашық түсті (күлгінді). Бұл қабат силикаттар, алюмосиликаттар, органикалық заттардың бұзылуынан олардың төменгі қабаттарға шығарылуымен түзіледі. Күлгінтүзілу процесінен айқын көрінісінен А2 қабаты ақшылдау болады.

Топырақ бетін жауып тұратын ыдырамаған орман төсеніші немесе тығыз шым – А0 қабаты болып белгіленеді. Күлгін топырақтарда А2 қабаты тура орман төсенішінен (А0) кейін келеді. Егер жоғарғы қабат шымтезектен тұратын болса, ол «Ш» әріпімен белгіленеді.

Жыртылған жерлерде А0, А1 және А2 қабаттары өңдеуге тартылады, араласады және олардың орнына қалыңдығы жырту тереңдігіне байланысты болатын Аж (жырту) қабаты пайда болады.

В қабаты – шайынды (иллювиалды), аналық жынысқа өтпелі қабат. Ол жоғарғы қабаттан қарашірінді мөлшерінің аздығымен ерекшеленеді, сондай-ақ онда жоғарғы қабаттардан жуылған топырақтар мен минералды тұздар жиналады, аналық жыныстардың өзін өзгертумен минералдық қосылыстардың жаңа жарандылары түзіледі. Әдетте В қабаты қызыл-қоңыр түсті және түрлі құрылымды болады: жаңғақты (күлгінді және сұр-орман топырақтарында), түйіртпекті (қара топырақтарда), бағаналы (кебірлерде) және т.б. Сонымен қатар, бұл қабат сыртқы белгілеріне (түсі, құрылымы) байланысты бірнеше қабатшаларға (В1, В2 және т.с.с.) бөлінуі мүмкін.

Батпақты топырақтардың әртүрлі қабаттарында кейде глейлі – G қабат бөлінеді. Онда тым ылғалдану мен ауаның жетіспеуінен темір мен алюминийдің көк-жасыл түсі шала тотыққан қосылыстары түзіледі.



С қабаты – топырақ түзуге қатысқан аналық жыныс. Бұл қабат қалыңдығы әртүрлі және онда көбіне малта тастар, қойтастар, әк шөгінділері және т.б. түрдебі кірмелер кездеседі.

Д қабаты – аналықтан айырмасы, топырақтүзу процесі болмаған төсенішті жыныс.

Бір қабаттан басқасына, келесі қабатқа күрт өту болмаған жағдайда ондағы өтпелі қабаттарды ажыратуға болады. Мысалы, А2В, ВС сияқты.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б.

2. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997. -168 б.


3. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959. -310 бет.

4. Тазабеков Т.Т., т.б. Жалпы топырақтану. - Агроуниверситет.1998. -136 бет


Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың морфологиялық белгілері.

2. Топырақ кесіндісінің сипаттамалары.
Дәріс№7

Тақырыбы:Топырақтың минералогиялық және механикалық құрамы
Дәріс мазмұны. Топырақтардың әртүрлі мөлшердегі бөлшектерінің арақатынасы пайызбен өлшеніп - механикалық құрам деп, ал мөлшерлері шамалас бөлшектер – механикалық элементтер деп аталады. Механикалық фракциялардың мөлшерлері өзгергенде, олардың су мен ауаға қатысты механикалық және химиялық қасиеттерімен қатар, минералдық құрамы да өзгереді.

Минералдық заттардың көзі жер қабатының қатты қабығын (литосфера) құрайтын таулы породалар. Минералдық бөлік топырақтың 80-90 пайызын құрайды, ал органикалық заттар топырақта 10 пайыздан кем болады. Топырақтың органикалық бөлігі өсімдік пен жануарлар тектес заттардың ыдырауынан және осы процесс кезінде жүретін реакциялар арқасында пайда болатын заттардың өнімдерінен тұрады. Топырақтың құрамында барлық белгілі химиялық элементтер анықталған.

Топыраққұраушы жыныстар мен топырақ құрамына біріншілік және екіншілік минералдар кіреді. Біріншілік минаралдар магмалық жыныстарды түзетін болса, борпылдақ жыныстар мен топырақта бастапқы жыныстардың бұзылуынан қалған материал санасында кездеседі. Екіншілік минералдар болса, биоклиматтық жағдайлар әсерінен біріншілік минаралдардан құралады. Біріншілік минералдар көбінесе 0,001 мм-ден ірі, ал екіншілік минералдар-0,001 мм-ден майда түйірлерден тұрады.



Біріншілік-минералдарға (жыныс пен топырақтағы) кварц (магмажыныста Ф.У.Кларше-12,0) дала шпаты (59,5), амфиболдар (мүйіз жалатпасы) мен пироксен (16,8), слюда (3,8 проц), т.б. жатады.Топырақ минералды және органо-минералдық заттардан тұрады.

Екіншілік минералдар құрамы (біріншіліктердей) да көп емес. Олар арасында қарапайым тұздар, су тотықты және тотықты минералдар мен балшықты минералдар ажыратылады.

Қарапайым тұзды минералдар біріншілік минералдар бұзылуы және топыраққұралу процесі нәтижесінде жаралады. Оларға кальцит-CaCo3, магнезит –MgCo3, доломит-Ca, Mg (CO3)2, сода-Na2CO3*10H2O, гипс-CaSo4*2H2O, мирабилит-Na2SO4*10H2O, галит NaCl, фосфаттар, нитраттар т.б жатады. Бұл минералдар құрғақ климат жағдайында топырақта көп мөлшерде шоғырлануы ықтимал. Олардың санды және сапалы құрамы топырақтың тұздану деңгейі мен бағытын анықтайды.

Сутотықты және тотықты минералдар-кремний,алюмений, темірдің және марганецтің су тотықтары,аморфты қоймалшың құрылым күйінде біріншілік минералдар бұзылуынан жаралады. Жоғарғы температурада олар қатты кристалл күйіне кешеді, мыс, сулы кремний тотығы көнеленіп қатты гельге (шөгінді)-опалға (SiO2*H2O) одан әрі суын жоғалтып(2-30%) ,кристалды халцедон мен кврацқа (SiO2) айналады.басқа да сулы тотықтар көшу саны мынадай: [.Al2*H2O,Fe2O3*H2O] бемит Al2O3*H2O, гиббсит Al2O3*3H2O немесе Al (OH)3 ;гематит Fe2O3 гетит Fe2O3*H2O , гидрогетит Fe2O3*3H2O. Бұл минералдар аз мөлшерде барлық топырақтарда кездеседі, ал гетит пен гиббсит тропикалық фералиттерде көп болады.

Балшықты минералдарға екіншілік алюмосилликаттар жатады,жалпы формуласы nSiO2*Al2O3HO; Si мен Al тотықтардың арақатынасы 2-5 ке тең. Балшықты минералдар біріншілік минералдар бұзылғанда шыққан қарапайым продуктілері-сулы тотықтар,тұздар синтезінен олардың бұзылуы мен топыраққұралу процестері жолымен бірте-бірте өзгеруінен жаралады;олар өсімдік қалдықтары ыдырағандағы (минералдану) продуктілерінен де (биотекті жолмен) жаралуы мүмкін.

Топырақтың механикалық құрамы оның сулы-физикалық, физикалық-механикалық, ауалық және жылулық қасиетіне, қышқылдану қалпына келу жағдайына, сіңірулік қасиетіне, топырақта, азоттың жиналуына әсер етеді. Механикалық құрамына байланысты топырақта оны өңдеудің, егістік жұмыстардың жүргізілуіне, тыңайтқыш шашу мөлшеріне және ауылшаруашылық өнімдерін себу жағдайлары өзгереді: Егер құмды және құмдақ топырақтар жылдам өңделгенмен, оларда гумуспен пен ылғал аз болады және олар жел эррозиясына төзімсіз келеді.

Топырақ бөлшектерінің көлденеңі 1 мм-ден артық болса, онда оларды топырақтың қаңқасы деп атайды, ал 1 мм-ден кем болса, ол бөлшектерді топырақтың ұлпасы (мелкозем) деп атайды. Топырақтың қаңқасына жататын механикалық бөлшектер тастар (көлденеңі 10 мм-ден ірі), ірі қиыршық (5—10 мм), орташа қиыршық (3—5 мм) және ұсақ қиыршық (1—3 мм).

Кесте 1


Топырақтың қаңқасына жататын механикалық бөлшектер түрі

Размері, мм

Тастар

Көлденеңі 10 мм-ден ірі

Ірі қиыршық

5-10 мм

Орташа қиыршық

3-5 мм

Ұсақ қиыршық

1-3 мм

Топырақтың ұлпасына кіретін бөлшектер ірі құм (0,5 мм), орташа құм (0,25—0,5 мм), майда құм (0,05— 0,25), ірі шаң (0,001-0,005 мм), тозаң (0,001-0,0001 мм) және коллоидтар (0,0001 мм-ден аз бөлшектер).

Кесте 2


Топырақтың ұлпасына кіретін бөлшектер түрі

Размері, мм

Ірі құм

0,5 мм

Орташа құм

0,25-0,5 мм

Майда құм

0,05-0,25 мм

Ірі шаң

0,001-0,005 мм

Тозаң

0,001-0,0001 мм

Коллоидтар

0,0001 мм-ден аз

Механикалық тұрғыдан топырақ тасты, қиыршықты тастақты, құмдақ (80 пайызға астамы құм, 10 пайыз дейін сазы бар), құмдауыт (құмы 70 пайыздан астам, сазы 30 пайыз аз), ұсақ сазды (10-80 пайыз саз, қалғаны құм), саздақ, сазды, борлы, әкті (20 пайыздан астам әк), қара топырақ (20 пайыздан астамы гумус) және қара шірік (торф) болып бөлінеді.

Кесте 3


Механикалық тұрғыдағы

топырақ түрі



Құрамы, %

Құмдақ

80 %-дан астамы құм, 10%-ке дейін сазы бар

Құмдауыт

70% астамы құм, 30%-н азы саз

Ұсақ сазды

10-80% саз, қалғаны құм

борлы, әкті

20% астамы әк

Қара топырақ

20% астамы гумус



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б.

2. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997. -168 б.


3. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959. -310 бет.

4. Тазабеков Т.Т., т.б. Жалпы топырақтану. - Агроуниверситет.1998. -136 бет


Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың минералогиялық құрамы.

  2. Топырақтың механикалық құрамы.



Дәріс №8

Тақырыбы:Топырақтың физикалық және

физико-механикалық қасиеттері
Дәріс мазмұны. Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне – оның тығыздығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.

Топырақтың тығыздығы деп –абсолютті құрғақ топырақтың қатты фазасы массасының тең көлемдегі температурасы 40С судың массасына қатынасын айтады (осы температурада 1 см3 су 1 грамға тең), бұл ешқандай қуыстылығы жоқ 1 см3 топырақтың граммен алынған массасы.

Топырақтың тығыздығы аз болған сайын, оның қарашірігінің мөлшері көп, құнарлығы жоғары болады.

Құмды топырақтың тығыздығы – 2,70 г/см3, ауыр күлгінді саздақтарда – 2,67, қара топырақтарда – (қарашірігінің мөлшері-10,3%) – 2,37, органикалық заттарда - 1,4-тен жоғары емес.

Топырақтың қатты фазасының тығыздығы оның қуыстылығын есептеуге қолданылады. Ол төмендегі формуламен анықталады.




мұнда: Р - топырақтың қатты фазасының тығыздығы, г/см3;

а – суы бар пикнометрдің массасы, г;

b – топырақ өлшемі, г;

с – суы, топырағы бар пикнометрдің массасы, г;

к – абсолютті құрғақ топыраққа ауыстыру үшін түзету коэффициенті.
Топырақтың көлемдік массасы (құрылым тығыздығы) деп – табиғи құрылымы бұзылмаған барлық қуыстары сақталған 1 см3 (1050С-да тұрақты массаға дейін кептірілген) топырақтың массасын айтады.

Топырақ қопсыған, структуралы және қарашірікті болған сайын оның көлемдік массасы да азаяды. Топырақтың көлемдік массасы 0,8-1,8 г/см3 аралығында болады. Топырақтың көлемдік массасы оның жырту қабатының (0-30 см-ге дейін) гектардағы массасын, қуыстылығын, қоректік элементтердің, судың, гумустың қорын есептеу үшін қажет.



Топырақтың көлемдік массасын (құрылым тығыздығын) мына формуламен анықтаймыз.

ҚТ=

мұнда: ҚТ - құрылым тығыздығы, г/см3;

m – абсолютті құрғақ топырақтың массасы, г;

V – топырақтың көлемі, см3.

Мысалы, цилиндр бұрғының көлемі – 50 см3, құрғақ топырақтың массасы – 60,5 г,
ҚТ=60,5/50=1,21 г/см3.
Топырақтың қуыстылығы. Әртүрлі топырақ түзуші жыныстарда қуыстылық мынадай болады: сазда – 44-50%, лёсте - 45% шамасында, ірі құм мен малта таста – 35-40%, құмда – 36-42%, құмайт топырақтарда 42-45% шамасында.

Табиғи қалпы бұзылмаған топырақтың көлем бірлігіндегі барлық қатты бөлшектер және кесекшелер аралық қуыстардың көлемдік жиынтығын жалпы қуыстылық деп айтады. Жалпы қуыстылықтың ауамен толған бөлігін аэрациялық қуыстылық дейді.



Топырақ аэрациясы деп – топырақ ауасының атмосфера ауасымен алмасуы.

Егер топырақтың ығыздығы оның қатты фазасын, ал құрылым тығыздығы бұзылмаған қалпындағы барлық қуыстылықты көрсететін болса, онда 1 см3 топырақтың қатты бөлшектері қанша көлемін, қуыстылық қанша көлемін алып жататынын анықтау керек.



Мысалы, ҚТ-1,21 г/см3, қатты фазасының тығыздығы (Р) – 2,52 г/см3 болса, онда қуыстылық 1,21/2,52=0,48. Олай болса 1 см3 топырақтың қатты бөлшектері -0,48 см3 (48%), ал топырақ қуыстары – 0,52 см3 (52%) көлемді алады. Жалпы қуыстылықты мына формуламен анықтайды:
ЖҚ = (1, немесе ЖҚ =
мұнда: ЖҚ - жалпы қуыстылық, %;

ҚТ – құрылым тығыздығы, г/см3;



Р – топырақтың қатты фазасының тығыздығы, г/см3

ЖҚ = (1%, немесе ЖҚ = %.
Топырақтың қуыстылығы беткі қабаттарында 55-70%, төменгі қабаттарында 35-50% болады. Топырақтыѕ қуыстылығы 40% кем болса өсімдік тамырларының өсуі қиындайды.

Қуыстылықты жоғарылату үшін топырақты дер кезінде дұрыс баптау, қопсыту, органикалық тыңайтқыштарды енгізу, сор топырақтардың тұзын сумен шайдыру т.б. шараларды жүргізеді.



Топырақтың физика-механикалық қасиеттері.

Топырақтың физика-механикалық қасиеттеріне – байланыстылық, иілгіштілік, жабысқақтық, көтерілуі (ісінуі) және сығылысуы жатады.

Топырақтың байланыстылығы деп – оның бөлшектерін ыдыратуға тырысқан сыртқы орта жағдайларына топырақтың қарсы тұру қасиетін айтады.

Өте үлкен байланыстылық сазды, құрылымсыз, шымданған топырақтарда болса, ең төмен – құм топырақтарда болады.



Топырақтың иілгіштігі дегеніміз – оның сыртқы күш әсерінен формасын өзгерту мен өзінің жаңа формасын сақтау қабілеті. Бұл қасиет тек қана топырақтың ылғал жағдайында көрінеді және механикалық құрамына байланысты болады. Топырақта саз көп болған сайын иілгіштігі жоғары.

Жабысқақтық - ылғал топырақтың түрлі заттарға жабысу қасиеті. Ылғалдылық пен сазды бөлшектер мүлшері көбейген сайын, топырақтың жабысқақтығы артады. Жабысқақтық топырақта натрий көп болса артады, ал кальций көбейсе кемиді.

Топыраөтың көтерілуі – оның су сіңіргенде көлемін ұлғайтуы, ал сығымдалуы, немесе отыруы – топырақтың кепкен кезде жарылып көлемін кішірейту қабілетін айтады. Бұл қабілетін түрлі мелиоративтік құрылыс пен суару желілерін жүргізгенде ескереді. Топырақтың көтерілуі мен отыруы өсімдіктердің тамыр жүйесінің деформациялануын тудырады және онда өсімдіктер қысылып қалуы мүмкін.

Топырақтың физикалық және физика-механикалық қасиеттері топырақ өңдеу жүйесін жобалау мен іске асыру, сондай-ақ жаңа топырақ өңдеу машиналары мен құралдарын жетілдіру немесе жасауда ескеріледі.



Топырақ коллоидтары (түірлері) – топырақтың көлемі 0,0001 мм шамасынан кіші болатын ұсақ бөлшектері.

Шым - өсімдіктің өлі тамырлары мен тірі тамырлары қаптап таралған топырақтың беткі қабаты.

Капиллярлы (қылтүтік) ылғал – топырақ түйірлерінің ылғал сіңіру күшіне қарай онымен байланысқан, бірақ өсімдік пайдалана алатын ылғал.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б.

2. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997. -168 б.


3. Тазабеков Т.Т., т.б. Жалпы топырақтану. - Агроуниверситет.1998. -136 бет

Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың қатты фазасының тығыздығын анықтау.

  2. Топырақтың көлемдік массасын (құрылым тығыздығын) анықтау.

  3. Топырақтың қуыстылығын анықтау.

  4. Топырақтың физика-механикалық қасиеттері.


Дәріс №9

Тақырыбы:

Дәріс №10

Тақырыбы:Топырақтың сулық қасиеттері және су режимі
Дәріс мазмұны. Топырақ қатты, сұйық және газ тәрізді фазалардан тұратын күрделі жүйе. Ал өсімдіктер тіршілігінде су негізгі факторары болып саналады. Өсімдіктердің сумен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі топырақтың сулық қасиеттеріне тікелей байланысты.

Су өсімдіктердің өздерінің құрамына да кіреді. Өсімдіктердің 40-70 %, ал жасуша протоплазмасының 53-60 % судан тұрады. 1 кг құрғақ органикалық зат (ағаш сүрегі, діңі, сабан, т.б.) шығару үшін өсімдік 300-ден 1000 литрге дейін, кеде одан да көп су шығындайды. Судың жоқтығы немесе аздығы да өсімдіктердегі қоректік элементтердің жетіспеушілігі кезіндегідей зиянды әсерін тигізеді.

Құрғақ топырақты 1050С те кептіріп, процентпен анықталған су мөлшерін ылғалдылық дейді, оның қорын м3/га және мм-мен белгілейді.

Топыраққа су атмосфералық жауын-шашын, ыза суы, ауа буының қоюлануы (конденцация) және қолдан беру (суару) жолдарымен келеді. Өсімдіктер органикалық заттар түзуге суды әр мөлшерде қажет етеді. Бір мөлшердегі органикалық зат түзуге керек су көлемін транспирациялық («жіпсу») коэффиценті (ТК) деп атайды. Транспирациялық коэффицент көп жағдайларға, яғни дақылдардың сортына, топырақтың өңдеу тәсілдеріне, су режиміне байланысты өзгереді. Сондықтан, қолайлы су режимін қалыптастыру-агротехниканың басты мақсаты.

Өсімдіктерді сумен қандыру, тек топыраққа сіңген судың көлемімен өлшенбейді, ол топырақтың су құбылымына: су сіңірілуіне, өткізгіштігіне, суды ұстап қалуына, оны сақтауна және өсімдіктеді дер кезінде сумен қамтамасыз етуіне байланысты. Сондықтан бір климат жағдайында, біркелкі жыртылған, беті тегіс танап топырақтарындағы су мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Бір дәрежеде ылғалданған топырақтағы тиімді судың мөлшері оның механикалық құрамына, қарашірінді мөлшеріне және де басқа қасиеттерге байланысты өзгереді. Сондықтан, топырақтағы судың құбылымы тек жауын суының мөлшеріне емес, көп жағдайда, ондағы су күйіне байланысты. Өсімдіктерге қажет топырақтағы судың мөлшерін, ондағы су қарым-қатынасын және күйін білу керек. А.Лебедев, С.Долгов және А.Роденің зерттеулерінше су топыраққа үш-қатты (мұз), сұйық және бу күйінде болады. Олардың топырақпен байланысы бірдей емес (7-кесте).

Топырақпен байланысы және байланысы (С.Монинше)



Ылғал түрі

Топырақпен байланысты және байланыс ерекшеліктері

І.Сұйық ылғал немесе су

  1. Гравитациялық су.

  2. Топырақ түйіртпектері ішіндегі су

  3. Қабыршақта су

күшті тартылып тұрған су

еркін сулар

физикалық бос байланған су

молекулалары



ІІ. Бу

  1. Бу.

  2. Гидроскопиялық су

ұшпа су

физикалық берік байланған су молекулалары



ІІІ. Қатты су

  1. Мұз

  2. Кристалдық су

  3. Клеткалық су

қатты су

химиялық байланған гидраттық сулар

биологиялық байланған су



Негізгі су қасиеттеріне топырақтың суөткізу, суұстау, су сыйымы және сукөтеру қабілеті жағады.

Сусыйымына топырақтың суды сіңіріп, ұстап тұру қабілеті жатады. Оның толық, далалық, қылтүтікшелік және гигроскопиялық түрлері бар.

Толық сусыйымы (ТСС) деп, топырақтың барлық қуыстары гравитациялық суға толған кездегі ылғалдылықты айтады. Мұндай жағдайда топырақтың ауа алмастыру қабілеті (аэрация) бәсеңдеп,өсімдік тамырлары түншығады.

Далалық (кіші) сусыйымы (ДСС) деп, топырақтың гравитация суы төмен ағып кеткеннен кейінгі ұсталған (ілінген) судан құралған ылғалдылығын айтады.Оның мөлшері топырақтың механикалық,минералдық және химиялық құрамына,көлемдік тығыздығына байланысты. Далалық,су сыйымдылықтың құм топырақтардағы мөлшері 3-5, құмбалшықты және балшықты топырақтарда 18-23 процентке тең, оның ең жоғары мөлшері (35%) берік түйіртпекті құмбалшықты қара топырақтарда болады.

Сукөтеру деп, топырақтың қылтүтіктері арқылы ыза деңгейінен мениск күшімен сукөтеру қабілетін айтады.Судың топырақта көтерілу жылдамдығы мен биіктігін қылтүтікшелер диаметрі анықтайды, яғни қылтүтіктер диаметрі жіңішкерген сайын,олардың сукөтеру қабілеті артады.Бұл құбылыс керсінше де білінеді. Мысалы, қылтүтікшелер мен сукөтерілу құм топырақта 30-60 см болса,ләсті құмбалшықта 3-4 м-ге тең, ал балшықта 6-7 м-ге тең жетеді. Шаңды бытыранды топырақта, түйіртпекті топыраққа қарағанда, қылтүтікшелілік су көтеру қабілеті жақсы жетелген.

Сусіңіру-топырақтың жоғары қабаттан төмен қарай су өткізу қабілеті. Су топыраққа үш ретті құбылыспен сіңеді: сіңу, ылғалдану, өту.

Сіңу мен ылғалдану деп, топырақтың бос кеңістіктерінің бірте-бірте суға толуын айтады.Бұл топырақтың су сіңіру қабілетінің бірінші сатысы.Ылғалдану құбылысы топырақ, массасы толық (түйіртпектер іші мен аралығында кеңістік) суға толғанша жүреді. Өту деп, гравитациялық судың өз салмағы мен топырақ қуыстары арқылы төмен жылжуын айтады. Егер топырақ бірінші сағатта суды 15 см тереңдікке сіңірсе-жақсы, 5-тен 15-см-ге-орташа, ал 5-см-ге дейін ғана сіңірсе-аз сіңіретін болып саналады.

Булану деп, сұйық судың қызған топырақ бетінен буға айналу құбылысын айтады. Ол топырақтың механикалық құрамына, түйіртпектілігіне, беткі жанды өсімдік жамылғысы, жансыз органикалық қалдықтармен бүркелуіне және құрғақ бедеріне, ылғалдануына және климатқа байланысты өзгереді. Аса жоғары булану түйіртпексіз, түсі қара, қылтүтіктері ылғалға толған топырақта, ал аз мөлшердегі булану ірі дәнді,құмды және өсімдік жамылғысы бар топырақтар бетінде байқалады.

Өсімдіктер топырақ ылғалының тек тиімді бөлігін ғана тіршілігіне жаратады.Тиімді немесе өнімдік су органикалық зат түзуге өнімділікке жұмсалады.Өсімдіктер топырақтағы суды тамырларының сору күші арқылы сіңіреді,сондықтан сору күшінен асқан су өсімдіктерге тиімсіз. Ауылшаруашылық дақылдар тамырларының сору күші 1,5 х 103 КПА немесе 15 атмосферадан аспайды.Өнімдік ылғалды пайдаланғаннан соң,өсімдіктер сола бастайды.Өсімдіктердің тұрақты солуы басталатын ылғал деңгейінің белгілі бір мөлшерін сору ылғалдылығы дейді.Одан жоғары ылғалдылықта өнім құрала бастайды.

Агрономиялық тәжірибеде мынадай топырақ-гидрологиялық су константылары (тұрақты көрсеткіштер) қолданылады: максимальды гигроскопиялық (МГ),солу ылғалдылығы (СЫ), қылтүтіктердегі үзілмелі ылғал (ҚҮЫ), кіші (дала) су сыйымдылық (ДСС),толық су сыйымдылық (ТСС).

Құрғақ топырақ деп аталғанымен, онда берік байланған, адсорбцияланған, өсімдік тамырларының сору күші жетпейтін су болады. Мұндай су диффузиялы күшпен жылжиды.Бұл өсімдіктерге тиімсіз.

Максимальды адсорбциялықжәне қылтүтіктердегі үзілмелі ылғалдылық арасында (диапазонда) осал байланған қабыршақты су болады.Ол топырақта сорбциялық (тарту) күшпен ұсталады,сәл жылжымайтын өсімдіктерге тиімсіз,ал СЫ мен ҚҰЫ арасындағы судың өнімділігі аз,яғни оған қараған өсімдіктер нашар өсіп-өнеді.ҚҮЫ-ДСС арасындағы су қылтүтікшелерге толған судан тұрады; ұстап тұратын күш осал болғандықтан, оның өсімдікке тиімділігі жақсы,өнімділігі жоғары болады.

ДСС пен ТСС арасында гравитациялық су тұрады,ол өсімдікке өте тиімді,бірақ артық мөлшерде болғандықтан өнімділігі нашар қуыстылық азаюынан,тіпті оның жоғалуынан, топырақта ауа алмасу (аэрация) нашарланып,өсімдіктер өніп-өсуі төмендейді. Топырақ суға толық көктемде, қар еріген кезде немесе ұзақ суарудан соң қанады.Бірақ топырақ кескінінен гравитациялық су тез өтіп кеткендіктен, бұл сумен ылғалдану уақыты қысқа болады.Толық су сыйымдылық пен кіші су сыйымдылытың ара қашықтығын максималды суберу (МСБ) жүйесі деп атайды.Сонымен,өнімді ылғалдылық СЫ пен ДСС аралығында байқалғанымен, ең қолайлы, жоғары өнімді ылғалдылық ҚҮЫ мен ДСС арасында жатыр.Өнімді ылғалдылықтың төменгі деңгейі-СЫ, оның мөлшерін вегетациялық тәсілмен (өсімдіктер өсіру) және есептеу арқылы, яғни максималды гигроскопиялық (МГ х 1,5) арқылы шығарады. Ал жоғары өнімді ылғалдылықтың төменгі деңгейі-ҚҮЫ.Суару алдындағы топырақ ылғалдылығы ҚҮЫ-дан төмен болмағаны керек,яғни құмбалшықты,балшықты топырақтар үшін ол ДСС-тің 60-70 процентіне тең.

Топырақтағы су құбылымын да білу керек,ондағы су қорының кірісі мен шығысын су балансы,кірісі мен шығысының тепе-теңдігі дейді.(8-кесте)

Кесте 8


Топырақтың су балансы

Судың кірісі

Судың шығысы

Жауын суы.

Құрлық бетімен ағып келетін су

Құрлық астымен ағып келетін су

Будан жиналған (конденцацияланған) су



Өсімдік денесіне және заттарға ұсталған су

Құрлық үстімен ағып кеткен су

Құрлық астымен ағып кеткенсу

Жел ұшыраған қар.

Өсімдік тамырлары сорып, жапырақтары арқылы транспиран-цияланған (өнімге кеткен) су.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б.

2. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997. -168 б.


3. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959. -310 бет.

4. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ геогра-


фиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.

Бақылау сұрақтары:

Топырақтың су режимі.

Топырақтың сулық қасиеттері.

Өсімдіктердің топырақ ылғалдылығын пайдалануы.

Топырақтың су балансы.

Топырақтардағсу құбылымдарының типтері.


6. Қосымша оқу материалдары
(Ескерту: контентке презентациялық, бейнелік, дыбыстық, анимациялық материалдар қосымша ұсынылған, жүктелген жағдайда осы 6-шы бөлімге файл аттары көрсетіледі)

7. Пән мазмұны бойынша қосымша тапсырмалар мен талқылау сұрақтары


    1. Чат-сабақта талқыланатын сұрақтар тізімі

  1. Топырақтану ғылымының тарихы

2.Топырақтану ғылымының ғылыми негізін салушылар

  1. Топырақ және оның пайда болуы.

4.Топырақтың пайда болуында физикалық, химиялық және биологиялық үгілу ерекшеліктері.

5.Топырақ түзілу құбылысы туралы түсінік.

6.Топырақтың түзілу факторіне аналық тау жынысының әсері.

7.Топырақтың түзілу факторіне өсімдіктердің әсері.

8.Топырақтың түзілу факторіне ауа-райының (климаттың) әсері.

9.Топырақтың түзілу факторіне жер бедерінің (рельефтің) әсері.

10.Топырақтың абсолют және салыстырмалы жасы.

11.Адамның топыраққа тигізетін әсері.

12.Топырақтағы гравитациялы су.

13.Топырақтағы химиялық байланысқан су.

14.Топырақтағы капиллярлы (қылтүтікті) су.

15.Топырақтағы бутәрізді және қабықты сулардың түрілері.

16.Топырақтағы гигроскопиялы немесе адсорбцияланған сулардың түрлері

17.Топырақтың абсолют жасы

18.Топырақтың салыстырмалы жасы

19.Топырақтың морфологиялық белгілері.

20. Топырақ кесіндісінің сипаттамалары

21.Топырақтың минералогиялық құрамы

22.Топырақтың механикалық құрамы

23.Топырақтың қатты фазасының тығыздығын анықтау

24.Топырақтың көлемдік массасын (құрылым тығыздығын) анықтау

25.Топырақтың қуыстылығын анықтау.

26.Топырақтың физика-механикалық қасиеттері

27.Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігі

28.Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігін анықтау тәсілдері

29.Топырақтың ылғалдылыққа байланыстылығы

30.Топырақтың су режимі

31.Топырақтың сулық қасиеттері.

32.Өсімдіктердің топырақ ылғалдылығын пайдалануы.

33.Топырақтың су балансы.

34.Топырақтардағсу құбылымдарының типтері

35.Топырақтың ауалық қасиеттері

36.Топырақтың ауа режимі

37.Топырақтың жылулық қасиеттері.

38.Топырақтың жылу режимі

39.Топырақтың химиялық қасиеттері.

40.Элементтік құрам.

41. Макроэлементтер және кіші элементтер.

42. Радийбелсенділік

43.Топырақтың коллоидтары.

44. Топырақтың коллоидтарының құрылысы мен қасиеттері
7.2. Форумда талқыланатын сұрақтар мен орындалатын тапсырмалардың, реферат тақырыптарының тізімі


  1. Топырақтағы органикалық заттар.

  2. Қарашіріктің түзілу факторлары және көздері.

3.Топырақ ерітіндісі туралы түсінік.

4.Топырақ ерітіндісінің құрамы мен қасиеттері

5.Топырақтың сіңіргіштік қабілеті.

6.Механикалық сіңіру қабілеті.

7.Топырақтың физикалық сіңіру қабілеті.

8.Физика-химиялық (иондық-сорбциялық) немесе ауыспалы сіңіру қабілеті.

9.Топырақтың химиялық сіңіру қабілеті.

10.Биологиялық сіңіру қабілеті

11.Топырақты топырақтық-географиялық аудандастыру

12.Топырақ классификациясы

13. Қара-қоңыр топырақтар алқабы.

14.Кәдімгі қоңыр топырақтар алқабы.

15.Ақшыл-қоңыр топырақтар алқабы

16.Шөлді аймақ топырақтары.

17.Шөлді аймақтағы боз топырақтар.

18.Шөлді аймақтағы сұрғылт-боз және тақыр тәріздес топырақтар

19.Шөлді аймақтағы боз топырақтар.

20.Шөлді аймақтағы сұрғылт-боз және тақыр тәріздес топырақтар

21.Топырақтану ғылымының ғылыми пән ретінде зерттейтін мәселелері, нысандары және зерттеу әдістері. Топырақты мелиорациялау туралы түсінік

22.Топырақтың морфологиялық белгілері. Топырақтың минералогиялық және механикалық құрамы

23.Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігі және оның ылғалдылыққа байланысты болуы. 24.Топырақтың сулық қасиеттері және су режимі

25.Топырақты топырақтық-географиялық аудандастыру және жіктеу. Далалық және орманды далалық аймақтың қара топырағы

26.Шөл аймақтың топырақтары. Тұзданған топырақтар

27.Топырақтық –мелиоративтік ізденістер.

28.Мелиорацияланған жерлерді құрғату, суару және пайдалану жобаларын негіздеу үшін топырақтың мелиоративтік ізденістер

29Аридті және гумидті зоналардың топырақтарын топырақтық –мелиоративтік топтастыру.

30.Топырақтық –мелиоративтік картаны құрастыру және оларды мелиоративтік шараларды жобалауда пайдалану

31.Жер кадастры және оның құрама бөліктері.

32.Жер кадастры туралы түсінік

33.Топырақты бонитировкалау.

34.Топырақты бонитировкалаудың әдістері мен міндеттері.

35.Мелиоративтік жерлерді бонитировкалаудың ерекшеліктері

36.Топырақ қасиеттерінің сандық өзгерулерінің сапалық өзгерулерге тигізетін әсері. 37.Құнарлылық түрлері: табиғи, тиімді және потенциальды.

38.Биологиялық заңдар.

39.Құнарлылық динамикасы және оны жақсарту мүмкіншіліктері

40.Топырақты мәдени түрге келтіру.

41. Топырақты мәдени түрге келтіру туралы түсінік, мәдени түрге келтіру процесінің қолданылатын шараларға байланысты

42.Топырақты мәдени түрге келтіру.

43.Топырақ мәдени түрге келтіру туралы түсінік, мәдени түрге келтіру процесінің қолданылатын шараларға байланысты.

44.Агромелиративтік шаралар, олардың құрамы, топырақ қасиетіне әсері, олардың құнарлығын арттыру.



8. Білімді бағалау сұрақтары


    1. Чат-сабақта берілетін сұрақтар тізімі

  1. Топырақ кесіндісінің сипаттамалары

2. Топырақтың минералогиялық құрамы

3. Топырақтың механикалық құрамы

4.Топырақтың қатты фазасының тығыздығын анықтау

5. Топырақтың көлемдік массасын (құрылым тығыздығын) анықтау

6. Топырақтың қуыстылығын анықтау.

7.Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігі

8.Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігін анықтау тәсілдері

9.Топырақтың ылғалдылыққа байланыстылығы

10.Топырақтың су режимі

11.Топырақтың сулық қасиеттері.

12.Өсімдіктердің топырақ ылғалдылығын пайдалануы.

13.Топырақтың су балансы.

14.Топырақтардағсу құбылымдарының типтері

15.Топырақтың ауалық қасиеттері

16.Топырақтың ауа режимі

17.Топырақтың жылулық қасиеттері.

18.Топырақтың жылу режимі

19.Топырақтың химиялық қасиеттері.

20.Элементтік құрам.

21. Макроэлементтер және кіші элементтер.

22. Радийбелсенділік

23.Топырақтың коллоидтары.

24. Топырақтың коллоидтарының құрылысы мен қасиеттері


    1. Чат-сабақты өтеу үшін берілетін тестілеу сұрақтарының тізімі

1.Топырақты топырақтық-географиялық аудандастыру

2.Топырақ классификациясы

3. Қара-қоңыр топырақтар алқабы.

4.Кәдімгі қоңыр топырақтар алқабы.

5.Ақшыл-қоңыр топырақтар алқабы

6.Шөлді аймақ топырақтары.

7.Шөлді аймақтағы боз топырақтар.

8.Шөлді аймақтағы сұрғылт-боз және тақыр тәріздес топырақтар

9.Шөлді аймақтағы боз топырақтар.

10.Шөлді аймақтағы сұрғылт-боз және тақыр тәріздес топырақтар

11.Топырақтану ғылымының ғылыми пән ретінде зерттейтін мәселелері,нысандары және зерттеу әдістері. Топырақты мелиорациялау туралы түсінік

12.Топырақтың морфологиялық белгілері. Топырақтың минералогиялық және механикалық құрамы

13.Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігі және оның ылғалдылыққа байланысты болуы. 24.Топырақтың сулық қасиеттері және су режимі

15.Топырақты топырақтық-географиялық аудандастыру және жіктеу. Далалық және орманды далалық аймақтың қара топырағы

16.Шөл аймақтың топырақтары. Тұзданған топырақтар

17.Топырақтық –мелиоративтік ізденістер.

18.Мелиорацияланған жерлерді құрғату, суару және пайдалану жобаларын негіздеу үшін топырақтың мелиоративтік ізденістер

19Аридті және гумидті зоналардың топырақтарын топырақтық –мелиоративтік топтастыру.

20.Топырақтық –мелиоративтік картаны құрастыру және оларды мелиоративтік шараларды жобалауда пайдалану



    1. І-аралық бақылау сұрақтарының тізімі

1.Топырақтану ғылымының тарихы

2.Топырақтану ғылымының ғылыми негізін салушылар



  1. Топырақ және оның пайда болуы.

4.Топырақтың пайда болуында физикалық, химиялық және биологиялық үгілу ерекшеліктері.

5.Топырақ түзілу құбылысы туралы түсінік.

6.Топырақтың түзілу факторіне аналық тау жынысының әсері.

7.Топырақтың түзілу факторіне өсімдіктердің әсері.

8.Топырақтың түзілу факторіне ауа-райының (климаттың) әсері.

9.Топырақтың түзілу факторіне жер бедерінің (рельефтің) әсері.

10.Топырақтың абсолют және салыстырмалы жасы.

11.Адамның топыраққа тигізетін әсері.

12.Топырақтағы гравитациялы су.

13.Топырақтағы химиялық байланысқан су.

14.Топырақтағы капиллярлы (қылтүтікті) су.

15.Топырақтағы бутәрізді және қабықты сулардың түрілері.




    1. ІІ-аралық бақылау сұрақтарының тізімі

  1. Топырақтағы органикалық заттар.

  2. Қарашіріктің түзілу факторлары және көздері.

3.Топырақ ерітіндісі туралы түсінік.

4.Топырақ ерітіндісінің құрамы мен қасиеттері

5.Топырақтың сіңіргіштік қабілеті.

6.Механикалық сіңіру қабілеті.

7.Топырақтың физикалық сіңіру қабілеті.

8.Физика-химиялық (иондық-сорбциялық) немесе ауыспалы сіңіру қабілеті.

9.Топырақтың химиялық сіңіру қабілеті.

10.Биологиялық сіңіру қабілеті

11.Топырақты топырақтық-географиялық аудандастыру

12.Топырақ классификациясы

13. Қара-қоңыр топырақтар алқабы.

14.Кәдімгі қоңыр топырақтар алқабы.

15.Ақшыл-қоңыр топырақтар алқабы

8.5 Емтихан сұрақтарының тізімі


  1. Жерге орналастырудың тиімділігі өндірістің дамуымен және табиғи ресурстарының пайдалануымен бірге қарастырылатын үш түрлері

  2. Жерге орналастырудың экологиялық тиімділігі

  3. Жерге орналастырудың экономикалық тиімділігі

  4. Жерге орналастырудың әлеуметтік тиімділігі

  5. Жер реформасы

  6. Жер реформасының негізгі міндеті

  7. Ауыспалы шабындық

  8. Ауыспалы егістік типтері

  9. Ауылшаруашылық мақсаттағы жер

  10. Әкімшілік ауданның жерге орналастыру схемасы

  11. Делимитация

  12. Демаркация

  13. Дефляция

  14. Жел эрозиясы

  15. Жерді жалға алу

  16. Жер үлесі

  17. Жер қоры

  18. Жер пайдаланушылық (жер иеленушілік)

  19. Жерге орналастыру процесі

  20. Жер ресурстары

  21. Жерге орналастыру құжаттамасы

  22. Жерге орналастыруды жобалау

  23. Жерге орналастыру

  24. Жерді түгендеу (инвентаризациялау)

  25. Жер категориялары (санаттары)


9. Қажетті ақпараттар көзі

Негізгі:

1. Зайдельман, Ф.Р. Мелиорация почв [Текст]: Учебник / Ф.Р. Зайдельман.- 3-е изд., испр. и доп.- Москва: Изд-во МГУ, 2003.- 448 с.

2. Кенбаев, Б.Қ. Топырақ және құнарлылық [Мәтін]: Оқу құралы / Б.Қ. Кенбаев.- Қызылорда: Тұмар, 2009.- 100 б.

3. Кузнецов, М.С. Эрозия и охрана почв [Текст]: Учебник / М.С. Кузнецов, Г.П. Глазунов.- Москва: КолосС, 2004.- 352 с.

4. Мелиоративное почвоведение по спец. 050810-"Мелиорация, рекультивация и охрана земель". (3 кредита): Тип. учеб. программа. [Текст] / Мин. обр. и науки РК.- Тараз: ТарГУ им. М.Х.Дулати, 2007

5. Ауылшаруашылық мелиорациясының негізі [Мәтін]: Оқулық / Ж.С. Мұстафаев, Ә.Т. Қозыкеев.- Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014



Қосымша:

1.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б.



2. Тұзданған жерлерді мелиорациялау [Мәтін]: Оқу құралы / Ә.С. Сейітқазиев.- Алматы: "Отан" баспасы, 2015.- 150 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет