КӨп компонентті қҰрмалас сөйлемдерді тиімді оқыту



Дата26.08.2017
өлшемі67,35 Kb.
#27993
КӨП КОМПОНЕНТТІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІ ТИІМДІ ОҚЫТУ.

Жұмашев М.Д.


ҚМПИ
Қазіргі қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлемдерді оқыту өзекті мәселелердің бірі.

Қалыпты (екі бөлімді, екі компонентті) құрмалас сөйлемді бір немесе бірнеше компоненттермен (предикативтік бірліктермен) толықтырғанда және күрделендіргенде құрмалас сөйлемнің ерекше бір түрі жасаланылады. Дәстүрлі түрде олар құрмалас сөйлемнің күрделенген түрі немесе көп құрамды, көп компонентті құрмалас сөйлемдер деп аталынады. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер қазақ әдеби тілінің стильдерінің көпшілігінде кеңінен қолданылады. Қалыпты құрмалас сөйлемдерден ерекшелендіретін өзіне тән құрылымға ие және жазба, ауызекі сөйлеу түрінде қолданылады.

Бұндай сөйлемдерді граммтикалық талдау үшін көп компонентті құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата білуіміз керек. Қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлемдер қазір әр түрлі аталып жүр. Олар құрмаласу жолдарына қарай түр-түрге бөлінеді. Дегенмен қазіргі дейін құрмаластың осы түрін бір жүйеде талдаудың үлгісі болмай келеді. Негізінен көп компонентті құрмаластар: көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлемдер, аралас құрмалас сөйлемдер. Қазақ тілі білімінде бұндай сөйлемдер туралы алғашқы пікір айткан А.Байтұрсынұлы болды. Ахаң бұндай құрылымдағы сөйлемдерді өрнекті сөйлемдер деп атап, оған мынадай анықтама береді. «Өрнекті сөйлем деп, құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, яки кілемге салынған түр сияқты болмағанымен, өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнші оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлеу оралым деп аталады." (1).

Көп компонентті құрмалас сөйлем компоненттерінің тіркесімі құрмалас сөйлемнің көлеміне байланысты зерттеледі, өйткені созылыңқылық пен тіркесімділік бір-біріне өте байланысты: Созылыңқылық компоненттердің тіркесуі нәтижесінде қалыптасады, ал тіркесімділік өз кезегінде белгілі предикативтік бірліктердің санына байланысты болуы мүмкін.

Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде сирек кездескенімен, әдеби тілімізде жиі кездеседі.

Мысалы: Үміт пен қатер безбенге түсіп, кейде үміт кейде қатер басып, Әбіштер ауылына жеткенше еңсе алмады. (М. Әуезов)

Күрделі құрмаластардың пайда болуына себепкер – айтушы. Әсіресе, жазба тілде айтушы ойға қазық болатын бас пікірді жан-жақты толықтырып беру мақсатында үш –төрт сөйлемді қырларын келтіре отырып, үздіксіз созылмалы интионациямен береді. Ауызекі сөйлеу тілінде күрделі құрмаластар жай құрмалас сөйлемдер сияқты көп кездесе бермейді. Көп компонентті құрмаластардағы әрбір жай сөйлемдер жеке-жеке тұрғанда өзі алдына бір-бір дербес бірліктер. Бірақ, құрмаластың құрамында үлкен хабардың күрделі бір ойдың құраушы бөліктері, айтылатын негізгі ойды толықтырушы жан-жақты сипаттаушы элементтер болып табылады. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің талдануларына көз жіберсек, көп сыңарлы- салалас құрмалас құрамында, көп бағыныңқылы, көп басыңқылы - сабақтас құрмалас сөйлем құрамынан, ал аралас құрмалас сөйлемді жеке-дара көреміз. Осы күрделі құрмалас сөйлемдердің жүйелі талдауын үлгі ететін еңбектер бүгінгі таңда өте аз. Бұндай күрделі құрмаласты талдау үшін құрмалас сөйлемнің грамматикалық құрылымын толықтай білу керек. Көп компонентті құрмалас сөйлемнің әр түріне қысқаша тоқтала өтейік.

1) Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Мысалы: Алғашқы бір қағысулар осымен өтіп, ойын арасында айтысқа тағы оралып келді, Қуандық ән айтты, термеде тартты. (М.Әуезов)

Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп «бағыныңқы – басыңқы –басыңқы» тұлғалы сыңарлардың мағыналық және интонациялық жағынан тығыз байланыста болып, синтаксистік байланыстың тәсіліне бағынған күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді айтамыз. Бұл жерде ескеретін бір мәселе - аралас құрмалас сөйлем мен көп басыңқылы сабақтас құрмаластың ұқсастығы мен айырмашылы.

2) Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас.

Мысалы: Бұлар түн ортасы ауа үйге келсе, Балтабек ұйықтап қап, Айбала көйлек жамап отыр екен. (Ж. Аймауытов)

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің басты ерекшелігі бір-бірімен ұласа байланысқан жай сөйлемдердің соңғысынан басқасы тиянақсыз тұлғада тұрады. Сабақтас құрмаластың грамматикалық құрылымы өзіне тәндігімен ерекшеленеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымында компоненттердің қызметі бағыныңқылық және басыңқылық сипатта болады. Сөйлемдегі предикаттылықты білдіру мен анықтауда басыңқы және бағыныңқы компоненттердің рөлі бірдей емес. Шешуші рөл предикаттылық орталықты ұйымдастырушы басыңқы компонентте. Бағыныңқы компоненттер басыңқыға немесе сондағы сөз тіркесіне, сөзге бағына отырып қызмет етеді. Сонымен бағыныңқы компоненттің қызметі басыңқы предикаттық орталыққа немесе оның бөлігіне қызмет ету және бағыныңқылық синтаксистік қатынасты білдіру болып табылады. Бағыныңқының предикаттылықты білдірудегі рөлі екінші деңгейде.

3) Көп сыңарлы салалас сөйлемдер; Мысалы: Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала қалатын әдеті бар еді, бұл жолы ол тесіле қараған жоқ, Әбдірахманның тұла бойын, жүзін шарлап қарады. (М. Әуезов)

Көп сыңарлы салалас сөйлемнің құрамындағы сыңарлар теңдік қатынаста салаласа байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің сабақтас құрмалас сөйлем функциясынан айырмашылығы компоненттерінің (сыңарларының) бір-бірімен салыстырғанда өзіндік қасиетімен көрінеді. Салалас сөйлем құрылымында тең дәрежедегі компоненттер тіркеседі. Бұл олардың жекелей қолданылуына мүмкіндік береді. Бірақ жай сөйлеммен құрмалас сөйлем компоненті ретінде келетін сөйлемнің арасында айырмашылықтар бар. Әрбір жай сөйлем өзінің предикаттық орталығы бола тұрып, көріністі белгілейді және шындыққа жеке байланысады. Екі құбылыстың ара қатынасын белгілеу қажеттілігінен салалас құрмалас сөйлем туады. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы екі немесе оданда көп жай сөйлемдер жеке қолданылатын жай сөйлемдермен құрылымы жағынан тең бола тұра, бірі-біріне бағытталуымен, толықтыруымен ерекшеленеді. Құрмалас сөйлемде компоненттердің бір-біріне өзара бағытталған тіркесімен ғана берілетін предикаттылық пайда болады. Сонымен салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің қызметі предикаттылықты көрсетуде тең дәрежеде қатысу болып табылады.

4) Аралас құрмалас сөйлемдер:

Мысалы: Тап сол күні аң қатыдан шыққан жолаушылар Теректіден үлкен бір селоның шетіне төніп келгенде, сіркіреп ақ жаңбыр жауып өтті де, електің бетіндей бұжырланып, жол шаңы шөгіп қала берді.(Қ.Е)

Аралас құрмаластың құрамында кемінде үш компонент болады, олар салаласу арқылы әрі сабақтасу арқылы байланысады. Аралас құрмалас сөйлемнің көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнен айырмашылығы сыңарлардың байланысу ерекшелігінде. Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы компоненттері бағыныңқы компонетпен жарыса байланысады. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы сөйлемдер бір-бірімен сатылана байланысады. Ерекшелігін осыдан байқауға болады.

Бұндай сөйлемдерді талдағанда алдымен құрмаластың құрамын, құрылымдық ерекшеліктерін, компонеттерінің байланыстарын, мағыналық қатынастарына назар аударуымыз керек. Сөйлемнің морфологиялық құрамымен байланысты талданса, сөйлемнің грамматикалық табиғаты кеңінен ашылады. Бұндай талдауды құрмаластың жасалу жолын, түрлерін, компоненттерінің қарым-қатынасын, орын тәртібін талдап барып талданса, толық талдауға қол жеткіземіз. Мысалы: Қазан асылған соң, тезек мол жағылып, от қызуы үй ішін ысыта бастады. Ербол төреші болғандықтан, енді жұрттың бәрі жаттан алған төртікті өзі тағы бір айтып, аз ойланып бас шайқады(М.Әуезов)

Бұлар көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мұнда бірнеше бағыныңқы сыңар бір-бірімен байланысып, тізбектеліп, сатыланып барып басыңқы сыңарымен байланысады. Бұндай сөйлемдерді сатылы көп бағынықылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Сөз тіркестерінің құрылысы мен сөйлемдердің құрылысын салыстыра отырып талданса, барынша түсінікті болады. Сөйлемді бұлай талдау полипредикативтік бірліктердің мүмкіндігі және предикативтік күрделенудің шегі туралы мәселені және көп компоненттік құрылымның мағыналық түсінігін жетілдіру құралдары туралы мәселені қарастыруға мүмкіндік береді. Жаңа предикативтік бірліктермен күрделену қабілеті және түсіну үшін қолайлы болу – құрмалас сөйлемнің табиғатында бар және бұлар қарым-қатынас үдерісі кезінде байқалады. Бұларды түсіндіру және анықтау үшін психология және теориялық ақпараттардың ережелерін қолдануға қажет етеді, бұл тілді бүтін объект ретінде қарастыруға алып келеді. Ақпарат теориясы бізге белгілі хабарды табиғи түрде жеткізу үшін қолайлы жағдайларды іздеуге байланысты тілдік қолданыстар екендігі белгілі. Тілге ақпарат теориясы заңдылығын қолдану тілдік құралдарды қарым-қатынас үдерісінде терең түсінуге көмегін тигізеді.

Бір-бірімен берік байланысқан компоненттердің синтаксистік мағыналары және олардың қызметтерін компоненттердің орналасуы мен шылау сөздердің көмегі арқылы құрылымның берілуі олардың формасын және берілу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Құрмалас сөйлемнің сыңарларының тұлғасы мен қызметтерін талдау құрылымдық синтаксистік қатынасты екі қарама-қарсы типке, салалас және сабақтасқа, алып келгенмен, көп компонентті құрмалас сөйлемді жете түсінуімізге өз септігін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. А.Байтұрсынов «Тіл тағылымы» Алматы, 1992 ж.

  2. Қазақ грамматикасы Астана-2002 жыл.

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» №5 2003 жыл.

  4. Қазіргі қазақ тілі «Ана тілі» баспасы 1992 ж

  5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы № 10 2007 ж.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет