Психикасының тұрақсыздығы (көңіл-күйінің бірден түсіп кетуі, невроз тағы басқа)



бет1/2
Дата13.11.2023
өлшемі337,01 Kb.
#191358
  1   2
Байланысты:
гинекомастия
mmmm

Ұл ма қыз ба?
1 бөлім.
Алматы қаласында, бір отбасында ерлі-зайыптылардың көптен күткен Ербол есімді ұл баласы дүниеге келді. Ербол дүниеге келген күні ата-анасының қуанышында шек болған жоқ. Бала туған кезде, қалыпты, салмағы 2 кг, 600 г болды. Балада 10-11 жасқа дейін ауытқу айқын байқалмаған, сыртқы дене пішінінен өзгерістер нақты көрінбеген.

Ерболдың жасы 12 ге толғаннан бастап, анасы оның бойынан өзгерістер байқай бастады.


Яғни:

  • психикасының тұрақсыздығы (көңіл-күйінің бірден түсіп кетуі, невроз тағы басқа);

  • мускулатурасының әлсіз дамуы;

  • өте білінер-білінбес жағдайдағы ақыл-есінің дұрыс жетілмей жатқандығы (ақпараттарды есте сақтауының қияндықтары, өз ойын толық жеткізе алмауы);

  • жыныс мүшесінің өспей қалуы:

  • әйел тектес семіздіктің көрінуі;

  • құрдастарымен сөйлесуінің қиындықтары;

  • дене пішімінің қыздардікіне ұқсас болуы (бөксесінің үлкен болуы, иықтарының жіңішке болуы, белінің жіңішке болуы);

  • көкірек бездерінің үлкеюі.

Бірінші бөлім бойынша сұрақтар:

  1. жоғарыда көсетілген балалар жасында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

  2. Ерболдың бойындағы өзгерістерге қарап, қандай аурулардың сипатын айтуға болады?

  3. Анасының байқаған өзгерістеріне қарап, Ерболда тұқым қуалайтын аурулар болуы мүмкін бе?



2 Бөлім.
Анасы Ерболдың дене бітіміне қарап, оның дұрыс дамымай жатқанын байқағанын күйеуіне түсіндіріп, оны өздерінің тұрақты тіркеудегі мекен-жайлары бойынша балалар емханасындағы Мұрат есімді терапевтке көрсетті. Терапевт Мұрат мырза баланы тексере отырып, оны осы емхананың балалар эндокринологы Анна ханымға жіберуге жолдама берді. Эндокринолог Анна Ерболдың дене пішіміне мануалды зерттеу – көкірек бездерін пальпация арқылы, сондай-ақ жыныс мүшесін тексерді. Осылайша, эндокринолог Анна ата-анасынан баланың үлкен дәретке қаншалықты жиі баратындығын, өзгерістердің болып жатқанына қанша уақыт болғандығын және баланың қаншалықты ұйқыға тез кететіндігін сұрады. Ата-анасының айтуы бойынша баланың дәретке шығуының қиындағаны, кейде ауа жетіспеушілігінің болатындығы және тез ашуланшақ болып кеткен.
Дәрігер Анна ата-анасына:
Қанға биохимиялық талдау (аланинаминотрансфераза-АЛТ, аспартатаминотрансфераза-АСТ, тікелей билирубин);
Гормоналдық (эстрадиол, сондай-ақ, тестостерон. Бұдан басқа дәрігер количество ЛГ (лютеинді гормон) және ФСГ (фолликулостимулдаушы гормон), тиреотропин және пролактин).
Тағы қосымша қандағы азоттың, креатиннің, сондай-ақ, несепнәрдің дәрежесін тексеру керектігі айтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет