«көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол»



бет12/17
Дата07.02.2022
өлшемі20,33 Kb.
#93965
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Экономика

3. Ұсыныс көлемі – нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны. 90 4. Ұсыныс функциясы – ұсынысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Өндірушілердің берілген игіліктерді сатуға дайындығы ұсыныс детерминанттарымен сипатталады. Ұсыныс детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар мыналар:
а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы; ә) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағалары; б) өндірісте қолданылатын технологияның сипаты; в) болашақ бағаны және тапшылықты күту; г) салықтар мен субсидиялардың көлемі; ғ) сатушылардың саны; т.б.
Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады: Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В), мұндағы, Pr – ресурстардың бағалары; К – технология; Т – салықтар мен субсидиялар; N – сатушылардың саны; В – басқа да факторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет