«көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол»



бет2/17
Дата07.02.2022
өлшемі20,33 Kb.
#93965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Экономика

Нарық (рынок) дегеніміз 1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы;
2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар-ақша қатынастары;
3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік;
4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;
5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм. Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.
Нарықтың пайда болу жағдайын ең алдымен мыналар анықтайды:
1) Қоғамдық еңбек бөлінісі.
2) Өндірушілердің дербестілігі және экономикалық таңдаудың еркіндігі.
3) Өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы. Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері орын алады:
1) Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша: - тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы; - өндіріс факторларының нарығы, соның ішінде, еңбек нарығы, капитал нарығы және жер нарығы; - қаржы нарығы; - ақпарат нарығы
. 2) Географиялық орналасуы бойынша: - жергілікті нарық; - аймақтық нарық; - ұлттық нарық; - дүниежүзілік нарық.
3) Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша: - жетілген бәсеке нарығы; - монополиялық нарық; - олигополиялық нарық; - монополистік бәсеке нарығы.
4) Салалар бойынша: - автомобиль нарығы; - компьютер нарығы, т.б.
5) Сатылу сипаттамасы бойынша: - көтерме сауда нарығы; - бөлшек сауда нарығы; - фьючерстік сауда нарығы.
6) Заң нормаларына сәйкестігі бойынша: - ресми нарық; - ресми емес (көлеңкелі) нарық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет