«көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол»


) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі



бет6/17
Дата07.02.2022
өлшемі20,33 Kb.
#93965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Экономика

2) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей баламалы нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
3) Экономикалық ұтымдылық принципі – рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінезқұлқы. Бұл жерде нарықтың әрбір субъектісі аса жоғары көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді. Осы аталған принциптер негізінде нарық механизмі сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді және нарықтық бағаларды пайдалануға негізделген нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
5.3. Инфрақұрылым және нарықтық инфрақұрылым Инфрақұрылым – бұл қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі үшін фирмалардың қызметіне және тұрғындардың өмір-тіршілігіне әсер ететін шаруашылық ұйымдарының және коммерциялық емес мекемелердің кешенді жүйесі. Экономикада инфрақұрылымның мынадай түрлері қалыптасқан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет