Көрініс Рөлдерде: Ақтан-Батырхан Қаратан-Али Айгүл-Мадина Ақтан 1-Елзат Ақтан 2-Ерхан Ақтан (Батырхан)



бет1/4
Дата23.02.2023
өлшемі25,54 Kb.
#169909
  1   2   3   4
Байланысты:
Көрініс СМОТР✅️
Pedagogika, АҒЫЛШЫН ШПОР, ЖКБ рус 5 курс

Көрініс
Рөлдерде:
Ақтан-Батырхан
Қаратан-Али
Айгүл-Мадина
Ақтан 1-Елзат
Ақтан 2-Ерхан

Ақтан (Батырхан) (өз-өзінен). Мүмкін, бәріне де кінәлі өзім шығар. Ең әуелі өзімді іздеп таба алмаған шығармын. Мыңның намысы емес, қара басының табысы үшін жанталасқандар... Сонда деймін-ау... балалықтың бар базары тарқағаны ма? Сонда деймін-ау... бәр-бәрі де адыра қалғаны ма? Жастык арман, жайқалған көңіл қайда? Қайда кешегі сыңсыған орман, сынық шалмаған бейбіт тірлік? Күні кешегі Қаратанга деген кесапатты кек, кермек татыған ашу, бордай езіліп кеткені ме?..
Ақтан өз ойымен арпалыса күбірлеп, лағып бара жаткан. Қаратан оның артынан қарап қалады.
Қаратан(Әли) (басын шайқап). Ауыра бастаған екен. Әттең, таланты ерте тапталған-ақ жігіт. Бейшара кор болғаны осы да. Миы қандай істеуші еді. Мұның жанында мен жіп есе алмаушы едім. Бірақ, онын көзінен: «Осының бәр-бәріне сен кінәлісің», деген айып үкімін оқыдым емес пе? Иә, иә… «Мен ешкіммен айтысқан емеспін, өзіммен-өзім айтысып-тартысып келемін» - дейді. Жарты ғасыр өз тізесін өзі кемірген сорлы… сорлы… сорлы болмасаң, қырық жыл артыңа шам алып түскен ата жауынды сойылға жықпас па едің… (Тез басып шығып кетеді).
Сахна қаранғыланады да, әуелгі көрініс жоғалады. Жалғыз көпір, сол көпірдің үстінде шекесін сығымдап Ақтан отыр. Ағаш кесіп, ызылдаған ара мен балтанын үні сай-сүйегін сырқыратады. Алыстан Айгүлдің әні естіледі.

ШЕГІНІС

Баяғы көпір. Жасыл орман, тау-тас. Ақтан, Қаратан және Айгүл үшеуі сықылықтай күліп, колдаскан куйі ағаш арасынан шығады. Бәрі уыздай жас. Олар көпірдің үстіне келіп тұрады.

Айгүл(Мадина)(көңілді)- Жігіттер, егер тірі жүрсек, әрбір он жылда осы көпірдін үстінде жолығайык. Және достығымыздың айғағы үшін анау Бұқтырманың маржан секілді ақтасынан бір-бірлеп алайық. Мейлі, қайда жүрейік: алыста ма, жақында ма – бойтұмар ғып таққан ақ тас жанымыздан бір ел қалмасын! Мейлі, қашан жолығайық, бүгін бе, ертең бе амандықтан бұрын әуелі көрсетеріміз осы достығымыздың ақ тасы болсын!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет