«Көркем аударма шеберлігі» пәні Көркем аударма шығармасы



бет17/32
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#83515
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
Аударма алеми
Аударма алеми
Реалийлер

Реалий – аудармашының ең қиын, күрделі құбылысы, аударма теориясының әлі зерттеліп бітпеген үлкен мәселесінің бірі. Реалий латынның relis “вещественный, действительный”, яғни “заттық”, “нақтылық” ұғымдарына жақындау. Орыс сөздігіне қарасақ, реалия – “материалдық мәдениетке тән кез келген дүние (зат)”. Аударматануда реалий белгілі заттар мен ұғымдарды білдіреді. С. Влахов пен С. Флорин “Неперводимое в переводе” кітабында реалииді аударудың екі шарттылығын кей жағдайда аударылмайтындығын (сөздік сипатында), әдеттегідей контексттік аударма жолмен берілмейтіндігін дәлелдейді. Алайда А.В. Федоров “басқа тілге аударылмайтын ешқандай сөз болмайды” деп сөздік қатынас жағынан, қалайда мағыналық жағынан сипаттама жасалатынын, аударылмай қалмайтынын ескертеді. Автор сондай-ақ “жеке эелементке қатысты мүмкін болмағанды күрделі бүтіндікте жүзеге асыруға болады” деп контекстуальдық аудармаға қатынаста тұжырымдайды (с. 198).


Аудармада реалииді жеткізу қиындығы: 1) аударма тілінде сәйкестік табылмауы (балама-эквивалент); 2) реалийдің заттың мағынасымен (семантика) бірге және колоритін (коннотация), оның ұлттық және тарихи бояуын жеткізу деп ой түйеді.
Әдеби көркем шығармадағы ұлттық сипаттағы реалийлерді аудару тәсілдерін А.Ф. Федоров былай бөледі. Біріншіден, транслитерация жолымен (толық немесе жекелей), реалийді тура аталған сөздің өзіне немесе тікелей оның өз тілінде жазылған әріптермен пайдалану. Екіншіден, шынайы түрде тілдегі бар элементтер негізінде және морфологиялық қатынастағы сол затқа сай келетін белгілеуге арналған жаңа сөз немесе сөз тіркесі немесе күрделі сөйлем жасау. Үшінші тәсіл шет тіліндегі реалийге қызметі жағынан соншалықты жақын да емес, мүлде ұқсас болып шықпаса да белгіленген сөздерді пайдалану. Бұл контекс жағдайында дәлелденетін, кейде сипаттаумен шектелінетін жақындау келетін аударма (с. 139).
Іс жүзінде ұлттық сипаттағы реалийдің нақтылы контекстегі қызметін жеткізу мәселесінің мәні зор. Ұлттық сипаттағы реалийді әдеби көркем шығарма жағдайында аудармас бұрын, алдымен реалийдің стилистикалық-композициялық рөлін түсіну тиімді. Мұның өзі сол реалийлермен қатар орналасқан сөздердің қолданылу мағынасына қарай анықталады. Түпнұсқаның реалийі мен аударма тілінің реалийін салыстыру барысында оның семантикалық жақындығын айқындау маңызды. Аударылатын тіл мен аударма тіліндегі реалийдің стилистикалық экспрессиядағы ұқсастығы аударманың дұрыс жасалғанын көрсетеді.
Аударма бейтарап (пассивті) ұлттық-сипаттық реалийлердің стилистикалық және қызметі жағынан жеткізу оңайға соқпайды. Бейтарап реалийді аудару барысында оған қандайда бір мағыналық жақындықтағы сөзді іздестіру қажет. Мысалы, мыс бақырды мыс тиын деп атау дұрыс емес. Бақыр бұрын қолданылған. Бір бақыр екі тиынға тең емес, жарты тиынға тең. Мәселен, орыс тіліндегі калачты дәл аудару мүмкін бе?
Түпнұсқадағы реалийдің аудармада қолданылуы әралуан кей жағдайда реалийдің атауы (немесе оның баламасы) қатыспайды, алайда аударманың контекстегі мазмұны қалай дегенде жанама түрде реалийдің көзге көрінерліктей болуын талап етеді. Бейтарап қолданылған реалийлерді негізінен аудармада жеткізуде түпнұсқалық мағынасын бұзбау тиімді. Ендеше оның түпнұсқадағы да, аудармадағы да стилистикалық экспрессиясы, дербес, бейнелеу сипаты еш әлсіремеуі тиіс. Ұлттық сипаттағы реалийлер контекст характеріне қатыссыз болашақтағы қызметтік жағдайдағы белсенділігімен белгілі бір стильдік міндет атқарады. Мұндай реалийді өзінің мағынасында жеткізуде заттық мазмұнындағы ұғымымен айқындау, өзінің стилистикалық бояуының мәнін білу қажет. Аудармадағы стилистикалық колорит контекске үстемеленген реалийлердің басқа бейнелеу-көркемдік элементтерімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде жасалады. Реалийлер автор стилінде бірде бейнелеу ұғымда, бірде әзіл, мысқыл түрінде, бірде ойды күшейту немесе нақты бір нәрсеге назар аудару, болмаса тереңірек таныстыру тұрғысында кездеседі.
Стилистикалық белсенді реалийлер заттық мазмұнда кейіпкерлерді және олардың сөздерін бейнелеп көрсетудегі авторлық тәсілдің белсенді кезеңі саналады. Реалийлерді кейде сол күйінде қалдыруға да, кейде сол тілге жақын, баламалы сөздермен алмастыруға да болады. Реалийлер ұлттық тілді жаңа ұғымдармен байытады, кейде басқа ұлттың төл тіліндегі қолданысқа енеді. Шығарманың ұлттық сипатын, түрін сақтап, ұлттық колоритін дәл, шынайы бере білу аудармашы таланттылығы ғана емес, дара суреткерлік болмысын байқатады. Аудармашы-суреткер (А. Заверин қолданысы) автор талантына тең немесе асып түсетін шығармашылық тұлға саналады. Ұлттық әдебиетіміздегі аударма дәстүрін қалыптастырған Абай, М. Әуезов – шын мәнінде суреткер-аудармашылар. Олар әлем әдебиетінің классикасынан аударма жасаудың алғашқы үлгісін, озық сипатын көрсетумен бірге, ұлттық тіл байлығын пайдаланудын шеберлігін дәлелдей білді.

1. Реалий атауы, ұғымы дегеніміз не?


2. Реалийдің қандай түрлері бар?
3. Реалийлердің ерекшелігі және аудармада берілу тәсілдері қандай?
4. Реалийлер аудармада қалай қолданылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет