Көркем еңбек сабақтары кезіндегі оқушыларға арналған еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚамалық Жалпы ережелер


II. Жұмыс басталар алдыңдағы қауіпсіздік талаптары



бет6/9
Дата06.02.2022
өлшемі21,74 Kb.
#80320
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
коркем енбек техника безопасности

II. Жұмыс басталар алдыңдағы қауіпсіздік талаптары
1.Арнайы киімді кию,шашты жинап,үшкіл орамалды мұқият таратып алу.
2.Электр тігін машинасының жерге қосылуының барын және ақаусыздығын тексеру.
3.Үтіктің дұрыс жұмыс істеуін тексеру,барлық ақау туралы мұғалімге хабарлау.
4.Бөлмені желдету.


III. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
1.Инемен және түйреуішпен жұмыс істегенде:

-саусаққа оймақ киіп тігу;


-инелермен түйреуіштерді белгілі бір жерде (арнайы қорапта,жастықшаға шаншып,т.с.с.) сақтау,оларды жұмыс орнында (үстелде) қалдырмау, инені,түйреуішті ешбір жағдайда ауызға салмау;

-тігін тігуге тот басқан инені пайдаланбау;


-тігін үлгілері мен маталарды түйреуіштің өткір ұшын өзіңнен әрі қаратып бекіту;
2.Қайшымен жұмыс істегенде:
-қайшыны белгілі бір жерде (қорапта) сақтау;
- қайшымен жұмыс істегенде сақтық шараларын сақтау;
- қайшының қосылып жабылған ұштарын өзіңнен әрі қаратып қою.
3. Тігін машинасымен жұмыс істегенде:
- машинаның қозғалғыш бөліктеріне жақын еңкеймеу;
-инемен түйреп алмау үшін саусақтарынды табанның жанында ұстама;
- қайып тігердің алдыңда бұйымның тігу сызығында түйреуіштің немесе иненің жоқтығына көз жеткізу.
4.Үтікпен жұмыс істегенде:
- желіге қосылған электр үтігін қараусыз қалдырмау;
-үтікті құрғақ қолмен қосу және сөндіру;
-үтікті асбест,мәрмәр немесе керамика тұғырға қою;
-үтіктің дұрыс жұмыс істеуін бақылау; барлық ақаулар туралы мұғалімге хабарлау;
-үтіктің табаны электр сымына тимеуін бақылау;
-үтікті айырынан ғана ұстап сөндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет