Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет28/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Ж. Қасымбаев: — 1989 жылы республикалық телевидения арқылы «Уаңыт және тарихи шындьщ» деген таңырып бойынша өткізілген хабарда, тіпті студент жастар мен интеллигенция өкілдерінің сауалдары бір нүктеге түйілді. Кенесары қозғалысы шын мәнінде ұлт-азаттың па? Кавказдағы Шәмілден айырмашылығы неде? Кенесары, Шәміл, Қазақстан мен Кавказ. XIX ғасырдың бірінші жартысында Петербург сарайын талай дірілдеткен осы екі ңозғалыстың арасында ортақ белгілер бар ма, қай жағынан салыстырып өтуге болар еді? 1850 жылы 25 августа Гуниб аулында семьясымен, нөкерлерімен патша жазалаушы отрядының басшысы князь А. И. Баратынскийге беріліп, күресті тоқтатуға мәжбүр болған қаһарлы имам былай деген: «Сардар! Осы таулар мен таулыңтардың абыройын қорғаймын деп, жиырма бес жыл соғыстым. Менің он тоғыз жарам сыздайды, біраң ешңашан да жазылмай-ды». (Расул Гамзатов. Мой Дагестан. Махачкала 1985, с. 280). Заманымыздың атақты аңыны Р. Гамзатов өзінің әкесінде Шәмілдің бір хатының сақталғанын айтып, омың мазмұнын келтіреді. «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң, жабайы жартастарың-ды сүйіңдер. Олар сендерге көпбайлық әкелген жоқ, алайда бұл жалаң тауларсыз жер сендердің жерлеріңе ұңсамайды, жерсіз, жарлы таулықтарға бостандық жоқ. Күресіңдер ол үшін, сақтаңдар оны. Сендердің қылыштарыңның шыңылы, менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар» (Бұл да сонда. 28-бет). Аударма өзіміздікі (Ж. Қ). Ондаған жылдар бойы зерттеулер мен оқулықтарда Шәмілді ағылшындардың агенті, өз халқынан ажыраған, ат төбеліндей ауқатты таулықтарды Россияға қарсы қойған бұлікші деп сипаттағаны есімізде. Мектепте оңытылатын ССРО халықтарының тарихында Р. Гамзатов қазір ез халқының перзенті деп бағалаған адамды құбыжық қып көрсетпеуші ме еді? Жоғарыдағы келтірілген мәліметтер Шәмілдің Кенесары сияңты өз жерінің бостандығы үшін күрескенін көрстетеді. «Россияға қараған кіші елдер тарихы — Россияның бөлінбейтін тарихы. Сондықтан Кенесары сияқты ңарақшыларды тек қана жазғыру керек. Ол ұлтшылдықты оятады» — деген көзқа-расңа қалай қарайсыз деген сауалға келсек. Бұл мәселені жоғарыда біршама қарастырып та еткен сияқтымыз. Проблеманы басқаша жағынан алып ңарасақ. Кейінгі кезге дейін патша үкіметінің ұлттарды езу, жаншу, ғасырлар бойына жайлаған қоныстарынан күш пайдаланып ығыстыру саясатын ашып көрсету ңиын еді. Жасанды идеологиялық жүйеге сай келмеген тарихы, әдеби шығармалардың авторларының тағдыры кеше ғана болған оңиға сияқты көз алдымызда, Тарихи оқиғаларды, әсіресе, буқараның әр түрлі сипаттағы қозғалыстарын қарастыру терең объективтілікке негізделген сенімді деректерге сүйенгені дурыс. Кенесарының қозғалысы Шәмілдің көтерілісі сияқты патшанын, отаршылдық саясатына қарсы бағытталды. Ұлттарды езу саясатын айыптауды, жан-жаңты әшкерелеуді «ултшылдықтың» көрінісі деп елді қорқытатын болсақ, ңара түнек орнатып, азаттың ойды жаныштаған Россия патшала-рын ақтағанымыз болмай ма?

Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Оларды да ұмытпайық…
артурли -> Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрлғанына 10 жыл толуына арналады
артурли -> Даналық МӘйегі жібек жолының рухани бесігі
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
артурли -> Алланың арқадағЫ Үйі немесе Керекудегі керемет
артурли -> Тұрсын ЖҰртбай, филология ғылымдарының
артурли -> Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет