Көрнекілігі: электронды тақта Өту түрі: сүрақ-жауап, пікірлесу. Педагогтың сөзі



бет2/2
Дата16.02.2023
өлшемі42 Kb.
#169010
1   2
Байланысты:
Сынып сағаты Суицид тығырықтан шығар жол емес
Глоссарий (физиканы оқыту мен тәрбиелеу)
Суицидке ұшырасу себептері:

  • 1. Бақытсыз махаббат;

  • 2. Қоршаған адамдармен түсініспеушілік;

  • 3. Жұмыстағы, мектептегі проблемалар;

  • 4. Мақсатты түрде балағаттау (өзін - өзі өлтіруге дейін жеткізу);

  • 5. Қорлау (зорлық, ұрып - соғу).;

  • 6. Өмір мәнін жоғалту;

  • 7. Қаржы проблемасы;

  • 8. Денсаулық проблемалары

  • 9. Дінге байланысты фанатизм (секталарда көп кездеседі);

  • 10. Психикалық аурулар

  • 11. Жеке өміріндегі сәтсіздіктер



Статистикалық зерттеулер қорытындысымен белгілі болғандай
жасөсіпірімдер арасындағы жиі кездесетін суицидтің түрлері:
1. Ең көп тараған түрі - асылып өлу. Кез-келген жерге асыла салу жиі орын алады.

2. Дәрі-дәрмектен улану, үй тұрмысындағы улы химиялық заттарды қолданып, нансірке су ішіп өлу.


3. Жасөспірімдер арасында суицидке ұмтылудың бір жолы - суға кету.
4. Автокөліктің, поездің астына түсу.
5. Жасөспірімдер арасында өмірден өтудің ашық жолын таңдамай, “өліммен ойнау” сияқты әрекеттер орын алады.Бұларға автомобиль жүргізудің қауіпті түрі, спорттың экстремальдық қауіпті түрімен айналысуы, ерікті түрде ыстық нүктелерге барумен, әсері күшті есірткілерді пайдалану, ішімдікті қолдану, сондай-ақ өзін-өзі оқшаулау жатады.
Келесі сүрағымыз:
Мінез-құлқындағы қиындықтар түрлері және қиындықтардың пайда болу себептері?
Мінез-құлқындағы қиындықтардың түрлері:

  • Ашуланғыш, долы, өкпелегіш, көңілі толмаушылық,жылауық

- Ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айту,өзімшілдік
Мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері:

  • Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты

  • Жеке тұлғаның дамуындағы психологиялық бірізді жүйенің болмауы

Келесі кезеңіміз «Өз пікіріңді бөліс?»

  1. Досыңның бойындағы қорқынышты, үрейді басу үшін қандай көмек жасар едіңіз ?

  2. Досыңыздың мінезінен жағымсыз қылықтар байқасаңыз қандай көмек жасар едіңіз?

Егер Сіз өзіңізге жақын адамда депрессия басталғанын байқасаңыз, оның себептерін анықтауға тырысыңыз. Бұл - болатын қауіпті жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді. Сіздерге мына кеңесті ұсынамын:

· Адамның өзі қызығатын жұмыспен айналысуына ықпал жасаңыз.

· Оның бір өзін қалдырмауға тырысыңыз. Егер ол қарсылық білдірсе, онда жайына қалдырыңыз, мүмкін осылай болғаны жақсы шығар.

· Оның Сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы көретініңізді, оның қаншалықты керектігі туралы көп айтыңыз. Оның Сізбен бірге болуы өте қажет екендігін көрсете біліңіз.

· Кеңістікті өзгертіңіз, егер мүмкіндік болса, оның барғысы келіп жүрген жаққа немесе оның жағымды естеліктер қалдырған жерлеріне барып қайтуға тырысыңыз.

· Бірге жүретін саяхатқа немесе қонаққа баруды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл оған көп көмегін тигізеді, себебі ол жақын болашаққа өз жоспарларын құра бастайды, сөйтіп теріс ойлардан арылуы мүмкін.


"Таң туралы" ой қозғау (музыка арқылы)
Мен күнделікті таңды қуанышпен
қарсы аламын...
Таң үміт әкеледі. Таң күш береді.
Таң армандар мен үміт әкеледі.
Әрбір таң саған тірі және денің сау
екендігін, жаңа күшпен достықта,
келісіммен кез-келген істі жақындарыңмен
бірге атқара алатындығың
туралы хабар әкеледі.
Таң өмірді жаңа күшпен әрі қарай жалғастыру.
Педагогтің сөзі: Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал-ақ.Бірақ өмірге адам келмейді қайталап- дей келе құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушылар сіздерді «Жүректен жүрекке» атты шаттық шеңберіне шақырамын, бір бірімізге тілек білдірейік.
Дөңгелек үстелге қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет