Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысының батырлары, интерактивті тақта. Ұйымдастыру бөлімі: Мұғалімнің кіріспе сөзі



бет1/4
Дата12.05.2023
өлшемі49,92 Kb.
#176617
  1   2   3   4
Байланысты:
Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат
Наурызбаева М кико201 срс10, 1-сынып ҚМЖ 2021-2022, 1-сынып ҚМЖ 2021-2022, 1-сынып ҚМЖ 2021-2022, кіші топ-1, кіші топ-1

«Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат» тақырыбындағы тәрбие сағатының жоспары

Мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Студентларды Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтардың ерлік істерімен қастерелеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, ой - өрісін дамыту.


Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысының батырлары, интерактивті тақта.
Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздармен қонақтар! Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Мұғалім: Міне, балалар осылай бейбіт жатқан елге фашистік Германия күтпеген жерден опасыздықпен соғыс ашты.
1941 жылдын жазында,
Ештеңе жоқ еліміздің жадында.
Тұт қиылдан соғыс ашты Гитлер,
Жерімізді жаулап алу жолында.
Қара бұлт үйірілгенде аспаныма,
Елін, жерін бермеу үшін жат қолына,
Қан майданға аттанды боздақтарым,
Жиырмадан жаңа асқан жас шағында.
1941 жылдың 22 маусымы күні сағат таңғы 4 те фашистік Германия Отанымызға тұт қиылдан шабуыл жасады. Әлемді дүрліктірген алапат дауыл халықтың жүрегін қанжылатты. Тыныш жатқан халықты бір-бірінен ажыратып, анасын баласынан, баласын анасынан, бауырынан, әкесінен айырған сұрапыл соғыс басталды.


1 – слайд: «Соғыс» сөзін топтастыру.



2 – слайд. Сандар сыр шертеді.
Мұғалім: Шаттық әнді қайғылы күнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Бұл халық үшін ауыр кезең еді. Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» деген ұранмен бүкіл совет халқы, оның ішінде Қазақсаннан 1 млн. 200 мың адам майданға аттанды. «Бәріде майдан үшін» деген ұран тасталды. Портизан отрядтары құрылды. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, енбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты. Кір жуып кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп жалын кескен ер азаматтар ешқашан ұмытылмайды.
Ұлы Отан соғысына қатысқандардың есімі аңызға айналып, тарихта өшпес із қалдырды.
Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күші, жігерін.
Ана үшін, бала үшін, жер үшін,
Жасқанбастан тосты отқа жүрегін.
Иә, балалар, бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Әкелеріміз, апаларымыз, ағаларымыз ерлікпен Отанымызды қорғады. Ұлы Отан соғысына қатысқандардың есімдері аңызға айналып, тарих бетінде «Батыр» деп жазылды. Олардың ішінде жазушы, батыр ағаларымызда болды. Олар: Қ.Қайсенов, Қ.Аманжолов, Б.Момышұлы, Б.Бұлқышов, Ә.Нұршайықов, Ә.Шарыпов т.б. Екі мәрте совет одағының Батыры атағын алған ержүрек ерлерімізде бар. Ол Талғат Бигелдинов.
слайд. «Ер есімі – ел есінде»
(Батыр аға, апаларымыздың суреттерімен жұмыс).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет