Көрнекілігі: слайд, портреті, өлеңдер жинақтары, нақыл сөздер. Сайыстың барысы: Слайд қосылып, Мұқағалидың «Құмған алған»



бет4/4
Дата24.02.2022
өлшемі21,14 Kb.
#133253
1   2   3   4
Байланысты:
1613465388 (1)
1 ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰИЫМДАРЫНДА ОҚУ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰИЫМДАСТЫ, Поэзия, 10 сынып тесті, 8-synyp-test, OmodaC5-price RU-17-11-2023-WEB, 6 сынып тжб
1. Поэмада қай таудың аты аталған?
а) Алатау; ә) Қаратау;
б) Тянь- Шянь; в) Ұлытау;
2. Тәуіп шалдың балаға емі?
а) көлдің суымен емдеу;
б)ішірткімен емдеу;
ә) аққудың қанатымен емдеу
в)аққумен аластау.
3. Аққуды атуға кім барады?
а)Анасы; б)Тәуіп шал;
ә)Әкесі; в)Көршісі
4.Поэмада жырланған көлдің аты?
а)Жетімкөл; б)Алакөл;
ә)Марқакөл; в)Балқаш.
5.Халқымыз қандай аң-құстарды киелі деп санаған?
а)Сұңқар; б)Аққу;
ә)Бүркіт; в)Шағала.
6. Анасын оқ атуға итермелеген қандай күш?
а)Балаға деген сүйіспеншілік;
б)Аққумен баланы аластау;
ә)Пайда көру;
в)Құсты жек көру.
7.-Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?
Аққуға кезендерде ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба? - деген өлең жолы кімнің сөзі?
а)Көршінің сөзі; б)Жылқышынікі;
ә)Тәуіп шалдікі; в)Ананың сөзі.
8. Поэмада кездесетін құстардың аты?
а)көкқұтан, шүрегей;
ә)бозторғай, қараторғай;
б)аққу; шағала:
в)сұңқар; бүркіт.
9. Ауру баланың әкесі неге қарсы оқ атуға жүрегі дауламады?
а)Аққуға
ә)Қасиетке
б)Киеге
в)Тыныштыққа
10. Аққулар кеткеннен кейінгі Жетімкөл жағдайы?
а)Ортайды
ә)Толыпты
б)Жоғалыпты
в)Жағасын жалбыз жауыпты
VІІІ кезең - «Жүрегімді менің өлеңдерімнен ізде». Көп нүктенің орнына қажет сөзді тауып қойып, орысшаға, кейін ағылшыншаға аудару
1..Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ-құшақ ... шоқтарын лақтырып,
Мынау шапан, мынау атың мін демей. (Гүл-цветок-flower)
2.Жігітінен қазақтың ... таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. (Дос-друг-friend)
3.Аспаныңдай кей сәтте күрсінемін,
Жас талыңдай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен
... болып кеудеме кірші менің. (Жүрек-сердце-heart)
4.Ең ... бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтың кенін. (Бірінші-первый-first)
5.Жапырақ жүрек, жас қайың,
Жанымды айырбастайын.
Сен ... бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын (Адам-Человек-man)
6.Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,
Қарт қалғымай күзетші боп бекінді.
Сәл ұйықтаса ... немере төрт жаққа
Көзден ғайып болатұғын секілді. (Төрт-четыре-four)
7.Мен ... болсам, сен таң болдың жаңа атқан,
Мен - ашу да, сен - ақылсың нәрі аққан. (Түн-ночь-night)
8.Өкінбе, ... отың бар сөңбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным. (Әке-отец-father)

- Жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған, жұртым, елеңдестің,
Өлсе – өлер Мұқағали Мақатаев,
\ Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-
деген ақын сөзін еске ала отырып, назарларыңызға мектебіміздің 2016 жылғы түлектері дайындаған видеороликті ұсынғым келеді. Біз видеороликті тамашалап болғанша әділқазылар өз шешімдерін жариялауға дайын болады деп ойлаймын. Дипломдармен жеңген топты марапаттау.

Осымен 9-10-11 сыныптар арасында өткен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты сайысымыз тамамдалды. Топтардың жүлдесін анықтау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет