Коронавирус инфекциясынан алдын алу



Дата24.01.2022
өлшемі19,32 Kb.
#113785
Байланысты:
Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша ескертпе
Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша ескертпе, Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша ескертпе

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНАН АЛДЫН АЛУ. 

Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз. Тұрмыстық жуу құралдарын  қолдана отырып, тазалап және дезинфекция  жасаңыз. Қол гигиенасы - коронавирус инфекциясының таралуын алдын алудың  маңызды шарасы. Қолды сабындап жуу вирустарды жояды. Қолды сабындап жууға мүкіндік жоқ болған жағдайда  спиртті және зарарсыздандыру майлықтарын пайдалану керек. Үстел, есік тұтқалары,  орындықтар, гаджет т.б. заттарды үнемі тазалап дезинфекция жасау  вирустарды жояды.



Аурудан сақтану үшін қолда бар сақтану құралдарын пайдаланыңыз, маска киіңіз.Түшкіру мен жөтел кезінде ауыз бен мұрынды  бір реттік майлықтармен жауып, кейін оларды  лақтырып тастау керек. Аурудан сақтану үшін көпшілік орындар мен артық сапарлардан бас тарту қажетЖаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша ескертпе

Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі 2020-2021 оқу жылы

«Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-інің ата- аналарына арналған ұсыныстары

Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша ескертпе

Құрметті ата – аналар!

Жаз мезгілінде балаларды үлкендердің қарауынсыз көлге жібермеңіздер. Балаларға суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіздер, суда тентектік жасауға тиым салыңыздар. Балаларды судағы қауіпті жағдайлардан қорғау әрбір ата – ананың міндеті. Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.



Cуда жүзу тәртібі

-Суық суда (судороги) бұлшық еттің тартылуы пайда болу мүмкін

 -Суда көп уақыт өткізу сізді шаршатуы мүмкін.

-Шаршағанды немесе тоңғанды сезсеңіз, тез бұрылыңыз және жағаға қарай жүзіңіз.

-Өз күшіңізді сақтаңыз. Мезгіл сайын арқаға жатып демалыңыз. Қатты тоңып қалмау үшін демалуды тым созбаңыз.

-Егер сіз жағаға өз күшіңізбен жететіндігіңізге сенбесеңіз, онда арқаға жатып, басқа адамдардың зейінін аударту үшін қолыңды жоғары көтеріп шайқаңыз.

Суға батушыға алғашқы көмек көрсету бойынша ұсыныстар:

Суға батып бара жатқан адамды көре салысымен бірінші айналадағылардың назарын: -«Адам батып бара жатыр!»,- деп айғайлап аудару қажет



Жаз мезгілінде Өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша ескертпе.

Құрметті ата-ана!

Жаз мезгілінде Өрт қауіпі барынша жоғары,сондықтан балаларды өрт шығуынан сақтануға,жанғыш, жарылғыш заттардан аулақ болуға өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен үнемі таныстырып отырыңыз



Өрт шыққанын білгенде…

Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздердің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады. Есінде сақта 101 бұл өрт сөндіру қызметі!




Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барарда

үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:

-         Балаңызды таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспеуге үйрету;

-         Мас және қауіпті адамнан алыс жүрге үйрету;

-         Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірмеуге үйрету ;

-   Балаңызды артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгірге ескерту.

Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал.

        Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек.



       балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет