«Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған сыныптан тыс патриоттық шара



бет7/12
Дата08.02.2022
өлшемі224,94 Kb.
#98499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жеңістің жаңғырығы

1 – жүргізуші:  Армысың! От жалыннан оралғандар,
Аттарың аңыз болып таралғандар.
Тірлікте жаны жарқын алау жандар,
Тойымсыз ажалға тосқауыл боп,
Топ жарып тайсалмай-ақ бара алғандар,
Армысың!
От жалыннан оралғандар! /слайд-Соғыстан қайтып келе жатқан солдаттар/


Армысың! Ары таза абзал жандар,
Ертерек шешек атқан ақ армандар.
Байсалдық, батырлықпен баға алғандар,
Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.
Көңілде желбіретіп жеңіс туын,
Сөндірмей сенім отын жаға алғандар.
Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.
Күш, жігер таба алғандар,
Отызда самай шашы ағарғандар.
Екенбіз өздеріңе біз қарыздар,
Жоғалтпай ар-ұжданын жоғалғандар!
/Келесі кезекті әскери – патриоттық саптық әнге береміз. «Катюша» әні/


Айналып тұрса дағы жер есінде,
Сұрапыл сойқан жылдар ел есінде.
Желпініп, желбірейді мен мұндалап,
Жеңістің алау туы жел өтінде…
Кеудесін шаттық кернеп ардагерлер,
Тұр бүгін жетпіс жылдың белесінде,
Соғыстың жаңғырығы әлі есінде
/Сөзі Шаферандікі, Птичкинаның әніне жазылған ән «Зачем вы девушки, красивых любите» - Орындайтын қыздар хоры/


1-жүргізуші
Отанын сүйіп, ар- намысын сақтаған,
Жарты Еуропаны жаяу өтіп аттаған.
75 жылда тат баспаған есімін,
Ел қорғаған ерлеріммен мақтанам!
От, саз кешіп 5 жылдай толарсақтан,
Тіршіліктің шырағын солар жаққан.
Жанын қиса сан есіл алғы шепте,
Қалғандары ауылға нұрын шашқан.


2-жүргізуші:
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала-өркен.
Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,
Төрт жыл өтті соғыс әлі бітпей қойды.
Кемпір-шал, әйел-бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет