Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет310/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
Қасым өзгелерден суырылып шығып, Бұрындықтың қасына барды. Ананың 
түрі түтігіп кеткен екен. Екі көзінен қара күреңденген бетін жуа, бармақтай-
бармақтай жас тамшылап тұр. Ызаланған бураның көзінен жас шығатынын Қасым 
бұрын көргені бар. Денесі мұздап кетті. Шіркін, жан деген тәтті ғой, амалсыз 
ханның қолындағы қара шоқпарға қарады. Бұрындық бұған көңіл бөлген жоқ. 
Және көзімнен жас шығып тұр-ау деп қымсынбады. Сорғалаған жасын да сүртпей 
Қасымға алар бүркіттей түксие сестеніп, сәл қарлыққан даусын көтере сөйлеп 
кетті. 
— Қарамағыңдағы елің теріс қарап кетсе, хан деген ит қорлық екен. Оны мен 
Әбілқайыр ұрпағына қыздарымды бергелі білдім. Қонысымды жайладың деп 
қамсыз жатқан елді шапсам, сынықтан сылтау іздегенім. Айып менен. Бірақ 
айыптымын деп қарашыға бас иер жайым жоқ. Оны жақсы білесің, Қасым. 
Жазылмас кеселдің емі — өлім. Ал менің кеселімнің жазасы өлімнен де ауыр. Бұл 
жазаны өзіме өзім таңдап алдым. Жазам сол! Ертең күйеу балам Мұхамед-Темір 
сұлтанның қолына, Самарқантқа көшемін. Сен жеңген жоқсың, мен жеңілгем 
жоқпын. Жұртымды басқара алмаған өз күнәмды өзім осылай жумақпын. Дәшті 
Қыпшақты билеген Бұрындық Мұхамед-Темір сұлтанды күшік күйеу етіп өз 
ордасына кіргізудің орнына, ата жауы Әбілқайырдың ордасына өзі күшік ата 
болып кірмек. Бұдан артық жаза, бұдан артық өлім бар ма? Сөз осымен бітсін, ана 
қабыландарыңды ертіп енді кейін қайт. Ақыл айтамын деп, хан болуға жеткізген 
сонау ақылды басыңа мына қара шоқпарымды жұмсатып алып жүрме! 
Бұрындық осылай деді де, атының басын бұрып, аулына қарай жүре берді. 
Қасым оған тоқта демеді. Өйткені мұндай жағдайда Бұрындық шешімі бірден-бір 
дұрыс шешім еді. Халқын басқара алмаса да қайғысын жасыра білді. 
Екі апта өтпей бүкіл Дәшті Қыпшақ әулетіне Бұрындық хан Самарқанттағы кіші 
қызы Жауһар-Бикенің қолына көшіп кетпек екен деген хабары тағы естілді. Біреу 
ер екен деді, біреу ез екен деді. Тегі ешкім бәлендей өкінбеді. Бірақ Бұрындық 
көшерінде тағы бір үлкен жамандық істеді. Қара түнде жүз жігітін жіберіп бір 


332 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   316




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет