Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет311/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
кезде өзі салдырған Бұрындық қаласын «өзіме де жоқ, бөтенге де қалмасын» деп 
күл-талқан етіп өртетті. 
Сөйтіп ол уақытында көше алмай қалды. Ал көшем дегенінде халық оны 
көшірмеді. Қасым сұлтанға енді ру басшылары, би, батырлар емес, кеше найза 
ұстап, жауына қарсы шыққан, жаман далбағайлы, көн шалбарлы қара қазақ келді. 
Бірақ бұлардың келісі ел жақсыларының келісіндей емес, ашулы келіс еді. 
Аспанды қап-қара боп жауып алған қара бұлт тәрізді, түрлерінен адам 
шошынарлық, түнеріп кеткен. Қолдарындағы алдаспандарын, жай оғындай жарқ-
жұрқ ойнатып, Қасым сұлтанға күндей күркіреп тілектерін айтты. 
— Жоғалып кеткен «Жалғыз көз» батыр табылды! Бұрындықтың үйінде екен! 
Сары ала төбетімен бірге шынжырлап, бір итаяқтан ас береді екен! Аяулы 
батырымызды қазір босатып бер! Босатып бермейді екенсің, бізге өкпелеме! — 
деді. 
Халықтың мұндай ашуланған түрін бұрын көрмеген Қасым сұлтан шошып кетті. 
Ашынған халықтың өкілі етіп Қаптағай батырды ертті де, ол көшкелі жатқан 
Бұрындық аулына өзі келді. 
— Анау сойылды жұртты көріп тұрсың ба, Бұрындық хан? — деді Қасым 
ауылды қоршаған қалың жұртты көрсетіп. 
— Көріп тұрмын. Талағалы жиналған сабалақ иттер тәрізді. 
— Егер таламасын десең, қазір Орақ батырды босат! 
— Босатпасам ше? 
Қасым найзалы жұртты көрсетті. 
— Қазір бүкіл аулыңның күл-талқанын шығарады. 
— Әттең, әттең! — деп барып Бұрындық әлі жығылмаған қараша үйдің есігін 
ашты. 
Ашылған есіктен Қаптағай бүкіл Дәшті Қыпшаққа әйгілі, Бұрындықтың 
жолбарыс алар сары ала төбетімен қатар, шынжырлаулы отырған, бет-аузында 


333 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
адам кейпі жоқ кісіні көрді. Орақ екенін танып, Қаптағай ызалана қалды. Беліндегі 
қанжарына қолының қалай барғанын білмей қалды. 
— Сабырлық, сабырлық! — деді қасындағы Қасым, шыдамдық көрсетіп. 
әлсіреп қалған Орақты атқа отырғызып жатып, Қаптағай: 
— Егер мына жұрт күліңді көкке ұшырмасын десең, қазір көш! — деді 
Бұрындыққа, сөйтті де өзі бұрылып жүре берді. 
Бір ай өтпей осы Талас, Шу маңындағы қазақ руларының басшылары жиналып, 
Бұрындықтың орнына боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге көтеріп
Қасымды хан сайлады. 
Келесі көктемде Қасым хан жайлауға Ұлытау маңына көшпек боп тұрғанда, 
Сайрам хакімі Қаттыбектің бір топ арбабы 
1
мен ресми уәкілі келді. Бұлар 
Қаттыбектің Сайрамды басқарсын деген сәлемін әкелді. Қасым хан көп қолменен 
Сайрамға беттеді. Қаттыбек қаланың кілтін беріп, өзі Қасым ханның қарамағында 
қызметте қалды. Бір аптадан кейін Қаттыбектің ақылымен бұлар Сүйіншік сұлтан 
басқарып отырған Ташкентті шабу дайындығына кірісті. 
Осы кезеңнен қазақ халқының ежелгі қонысының бірі — Түркістан өлкесін 
өзінің қарамағына қайтарып алуы үшін жаңа күрес дәуірі басталды. Бұл дәуір 
ұзаққа созылды. Бірақ жеңісті болып аяқталды. Оған себеп Қасымның сол 
дәуірдегі ел билеу саясаты ғана емес, халықтың асқан ерлігі, өз жерін, өз елдігін 
қорғауға деген сүйіспеншілігі, қажырлылығы, табандылығы еді. 
Қасым хан Мұхамед-Шайбани Ордасынан Түркістан өлкесін қайтарып алу үшін, 
Дәшті Қыпшақпен шекаралас бөтен хандармен тату-тәтті саясат ұстауды ойлады. 
Өзге жұртпенен араз бола тұрып, Мұхамед-Шайбанимен күресудің қиынға 
түсетініне шек келтірмеді. Әсіресе Қасым хан Дәшті Қыпшақтың жерімен 
шекаралас Моғолстанмен, әкесі Жәнібектің өсиетін орындап, үнемі бірге тізе 
қосып отыруды есінен шығармады. Әбусейіт мырзаның баласы Омар-Шайх 
көгаршын ұшырам деп мұнарадан құлап өлгеннен кейін, Жұныс ханның қызы 
1
А р б а б — қаланың белгілі адамдары деген мағынада. 


334 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет