Косымша материал. Дидактикалық ойын түрлері



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі76,76 Kb.
#122610
  1   2
Байланысты:
Сергазина-ПН


Косымша материал.
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Мыс: “Егер, онда”, виктариналық сұрақтар, математикалық жұмбақтар т.б.
Ойындардың Ықтималдық стратегияларды зерттеудің математикалық әдісі ойындар теориясы деп аталады. Ойындар олар жөніндегі ақпаратың толықтығына байланысты толық ақпаратты және толық емес болып бөлінеді. Толық ақпаратты ойында әрбір қатысушы ойынның кез-келген сәтінде ойынға қатысушылардың жағдайы жөнінде біледі.(мыс: шахмат ойыны) Толық емес ақпараты ойында ойынға қатысушы басқа ойыншылардың қандай ресурстары бары жөнінде ж/е олардың қандай стратегияны пайдаланатыны жөнінде ақпарата болмайды.
Оқытудың ойын теориясын қолдануда 2 жақты дидактика байқалады:
1. Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.
2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.
Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.
Дидактикалық ойынға мысалға ғажайып алаң, математикалық сайс, көшбасшы, лото, «айырмашылығын тап,» математикалық эстафеталар, виктариналар, крассвордтар, ребустар жатады.
Сонымен қатар ұлттық ойындарды оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар - ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты кім көп жинаса, сол ұтқаны. Ал мен өз сабағымда 2 топтан 2 оқушы шығарып шаштым. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша №-лі асықтың, яғни топтаманың есебін шығарады. Бұл баланы жылдамдыққа, ептілікке үйретеді.
«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білім сынасады. Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын. 2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі.
«Бәйге» ойынының шартында ең жүйрік, сәйгүліктер жарысады. Ал мен «бәйгені» өткенде тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдаландым.
Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары.
Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.
_____________________________________________________________
«Көрнекілік» дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді. Педагогикалық сөздіктерде: “көрнекілік – оқушылардың тікелей қабылдауы кезінде нақты түрде әсер ететін дидактикалық ұстаным” деген анықтама берілген. Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік түрлерін қалыптастыруда қажетті құрал болатыны белгілі.
Көрнекілік пәнді оқытуда қолданылатын маңызды дидактикалық материалдың бірі ретінде, мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланыста болу керек. Көрнекілікті қолдану оқушылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып, материалдарды терең ұғуына, есте сақтауына көмектеседі. Көрнекілікті сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Яғни, жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде, бақылау және қайталау сабақтарында пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет