Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет152/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
Ингредиент  декларациясы

:  Ингредиенттер  тұтынушыларға  бөлшек  сату  үшін  өндірілген  немесе 

таратылатын косметикалық өнімдерде көрсетілуі тиіс.

18

 Алайда, әдетте бөлшек сауда үшін таратылмайтын 



косметикалық құралдар, мысалы, мамандар шаштаразда клиенттер үшін пайдаланатын шаш құралдары, қонақ 

үйдегі үлгілер немесе тегін негізде берілетін үлгілер осы талаптан босатылады. Бұл өнімдер тұтынушыларға 

сатылмайтындықтан, оларда ингредиент заттаңбасы болуы тиіс емес.

СІЗ БІЛДІҢІЗ БЕ?

Егер  сіз  өнімде  «кәсіби»  деген  терминді  көрсеңіз,  оны  тек  кәсіпқойлар 

пайдаланады  деген  сөз  емес.  «Тек  кәсіби  пайдалану  үшін»  деген  жазуы 

бар  көптеген  өнімдер  бөлшек  сату  үшін  өндіріледі;  сондықтан  оларда 

ингредиент заттаңбасы болуы тиіс.

Ингредиент  декларациясының  анық  болуы  маңызды  талаптардың  бірі.  Ол  қаптаманың  кез  келген 

ақпараттық  панелінде,  сондай-ақ  тушь  немесе  көзге  арналған  қарындашқа  келсек,  берік  бекітілген 

жапсырмада, таспада немесе карточкада пайда болуы мүмкін. Косметикалық ингредиенттер саны 1% артық 

болса, олар басымдықтың кему тәртібімен жариялануы тиіс. 1% немесе одан аз мөлшердегі түсті қоспалардан 

ерекшеленетін  ингредиенттер,  яғни  хош  иістендіргіштер  мен  консерванттар  тізімдегі  1%  астам  мөлшерде 

гі барлық ингредиенттерден кейін кез келген тәртіппен атап шығылуы мүмкін. Бұл 1%-дық шек заттаңбада 

көрінбейді, нақты концентрациялар тек өндірушіге белгілі. Кез келген концентрациядағы түрлі-түсті қоспалар 

барлық басқа ингредиенттер аталып шыққаннан кейін, кез келген тәртіппен көрсетіле алады.

18 


  

Ингредиенттер нормаларға сәйкес белгіленген немесе қабылданған атаулар бойынша сәйкестендірілуі тиіс. 

FDA нормаларға сәйкес орнатқан трихлорфторметан үшін хлорфтор көміртегі 11 сияқты кейбір атаулар бар.

18

 



Егер ингредиент осы топта көрсетілмесе, ал оған ингредиенттердің көбісі жатады, онда келесі ақпарат көзі 

КИХН сөздігі болып табылады (бұл туралы толығырақ ақпаратты осы тараудың 3-бөлімінен қараңыз). 

Егер КИХН бойынша атау болмаса, заттаңбадағы атау АҚШ Фармакопеясында (USP), Ұлттық формулярда 

(NF),  АҚШ  гомеопатиялық  фармакопеясында  және  Мерк  анықтамалығында  көрсетілуі  мүмкін.  Егер 

олардың ешқайсысында ингредиенттің атауы көрсетілмесе, тұтынушылар түсінетін ортақ немесе қарапайым 

атау  пайдаланылуы  тиіс.  Соңғы  нұсқа  ретінде  химиялық  немесе  техникалық  атауды  немесе  сипаттаманы 

пайдалануға болады; алайда сауда атаулары қабылданбайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   1156




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет