Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Көз бояуға арналған өнімдердің сапасы бойынша әдеттегі мәселелер



Pdf көрінісі
бет651/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   647   648   649   650   651   652   653   654   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
Көз бояуға арналған өнімдердің сапасы бойынша әдеттегі мәселелер

Көз бояуға арналған өнімдердің сапасына байланысты әдеттегі мәселелерге уатылу, жабысу, жағылып 

қалу, кеуіп қалу, күтілетін нәтижеге жетпеу, эмульсияның бөлшектенуі,

 

микробиологиялық ластану, 



түйіршіктену және ашып кету кіреді. 

Олардың сипаттамалары, ықтимал себептері, сондай-ақ шешімдері 

осы жерде талқыланған. Алдыңғы бөлімдерде талқыланған сапа мәселелері мұнда қарастырылмайды.

Уатылып қалу 

Уатылып қалу қабаққа арналған престелген боя сияқта престелген ұнтақтардың әдеттегі 

проблемасы. Құламаған кезде уатылудың негізгі себебі ұнтақ қоспасының ішінде қалатын ауа. Престелген кезде 

ауа толығымен жойылмаса, престеуге арналған құрылғы босатылғаннан кейін, ол кеңейіп, оның салдарынан 

кесектегі ұнтақ уатылып, бірнеше қабатқа бөлінеді. Бұндай жағдайларда престейтін машинаны баспалау процесі 

аяқталғанша  ауаның  толық  шығуына  мүмкіндік  беретіндей  баптау  керек. Осы проблеманың басқа бір себебі  

соғушы күштің тиісті болмауы, бұл престелген өнімнің қатты емес және мықтылығы қалыпты өңдеу үшін жеткілікті 

болмағанын көрсетеді. Ұнтақты шағын көлемге дейін баспалау үшін қолданылатын күш жеткіліксіз болса, бұл 

бояудың уатылуына әкеп соғуы мүмкін.

Жабысу 

Ұнтақ қоспасының престейтін құралдарға жабысып қалуы майлауыш заттардың жетіспеушілігін 

білдіреді. Қоспаның құрамында майлауыш заттар болмаса немесе оның көлемі тиісті болмаса, ол престейтін 



313

құралдардың бетіне жабысып қалуы мүмкін. Бұл кемішілкті қоспа құрамын қажетті түрде өзгертіп, түзетуге 

болады. Бірақ бұл жиі кездеспейтін мәселе, өйткені қабаққа арналған бояудың құрамында ұнтақтың сырғуы мен 

майлануын қамтамасыз ететін ингредиенттер болады. Майдай жағылу қабаққа арналған бояуларға қойылатын 

талаптарының  бірі  болып,  бұл  олардың  қолдануын  жеңілдетеді,  сондай-ақ  баспалаған  кезде  құралдардың 

беттеріне жабысуына жол бермейді.

 

Жағылып қалу 

Көзге арналған бояуды қолданған кезде, оның жағылып қалуы бұл өнімдердің әдеттегі 

кемшілігі болып табылады. Бұрын талқыланғандай, суға төзімді өнімдер судың сіңіп кетуінен толық қорғай 

алмайды. Бірақ олар қолданылған кезде жағылып кетпеуі керек. Жағылып кетудің себебі майлардың немесе 

глицериннің жоғары көлемінде болуы мүмкін. Осындай кемішілікті өнімге әдетте қолданылатын майлардың 

орнына ұшпа силикондарды қолданып аздап төмендетуге болады, өйткені бояуды  жаққан соң, силикондар 

ұшып кетіп, қабақта тез жағылып кетпейтін ұнтақты өнімді қалдырады. Сонымен қатар силикондардың кейбір 

түрлері ешқашан толық кеуіп кепейді; осылайша, олар да жағылып кету қаупін арттыруы мүмкін. Егер өнім 

композициясына қосуға болса, балауыздарды кәдімгі пленка құрғыштарға ауыстыруға болады. Осы мәселенің 

себебі  глицерин көлемінде болса, оны азайту керек.



Кеуіп кеті 

Макияж өнімдерінің кеуіп кетуі контейнердің түбінде қатты брикет пайда болатынын білдіреді. 

Көз бояуға арналған өнімдердің кірпіктер мен қабақта кеуіп кетуі клиенттің ең көп қалайтыны болса, сауыттың 

ішінде кеуіп кету қиындық тудырады. Кеуіп қалған өнімдер күтілетіндей әсер бермейді, өйткені, мысалы, тушь 

кірпіктерде түйршіктеленеді. Контейнерде ашық қалдырған кезде, еріткіштер тез ұшып кетіп, өнім кеуіп қалады. 

Бұл қолдану барысында да орын алуы мүмкін, сондықтан өнімдерді қолдану мерзімі де шектеулі болады (мысалы, тушьтың 

қолдану мерзімі бірнеше ай болуы мүмкін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   647   648   649   650   651   652   653   654   ...   1156




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет