Коучинг үдерісінің тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру»



бет3/4
Дата29.03.2017
өлшемі4,92 Mb.
#12427
1   2   3   4


Бұл коучинг үдерісті мен өз пәнім бойынша бейнелеу өнері пәнінен әріптестеріме тәжірибе алмасу мақсатында өткіздім.Әрине бұл үдерісті жүргізуге пәнімнің әдіскерінің көмегінің тигендігін айтып кеткім келеді.Жиналған әріптестерімнің ішіндегі біреуі ғана ән-күй пәнінің мұғалімі ғана үшінші деңгейлі екен.Оның да маған көмегі тиді.Коучинг сабағымның тақырыбы «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру».Бұл тақырыпты таңдағандағы мақсатым мұғалім сабағында оқушыларды қызықтыра білсе сапа болады сондықтан түрлі әдістерді қолданып көрсету керек.Коучинг сабағымның басында әрине қатысушыларды топқа бөлдім.Топтық жұмыстың тиімділігін де айтып кеттім.Келесі тапсырмаға тоқталатын болсақ «АВСД» өзін-өзі бағалаудың тиімділігін және оның орындалу жолын практика жүзінде «6 айырмашылықты тап» қызықты сурет тапсырмасын орындап,алты ұқсастықты тапқан жағдайда «6 балл» алатындығын ,яғни бағалаудың түрлерін таныстырып өттім.

Келесі тапсырма «Адам болып қалу»мәтінін «Джигсо»тәсілі арқылы танысып шығады.Танысып болған соң мәтіннің мағынасын ашу үшін «Ақылдының алты қалпағы»әдісі бойынша әр топқа әр түрлі қалпақты беріп,олардың қасиетін түсіндіремін.Мысалы: « Қызыл қалпақ – Түйсік» -Менің түйсіктік реакциям қандай?Менің түйсігім маған не дейді. Өз ойларыңды жазыңыз. «Сары қалпақ – Позитив» -Жағымды тұстары қандай болды?Оның артықшылығы қандай?Маған не ұнайды?Оң тармақтарын жазыңыз.Жасыл қалпақ - КреативМенде қандай идеялар бар?Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз. Ақ қалпақ - ФактілерМенде қандай ақпарат бар?Маған қандай ақпарат алу қажет?Білетіңізді ғана жазыңыз. Қара қалпақ - ЖағымсызЖағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?Қандай проблемалар бар?Маған не ұнамайды?Жағымсыз тармақтарды жазыңыз. Көк қалпақ – шолуМен не аштым,тағы не ашылған жоқ?Мен оны қалай аша аламын?Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.

Осы тақырыпшалардың толық жазылған парақшаларды түсіндіре отырып,талқылауға 5 минут берілді.Топ алты қалпақтың қасиетін мәтін бойынша талқылыйды.Әр топ мүшелерінің ішіндегі біреуі шығып керемет оз ойларын ортаға шығып түсіндіріп берді.Соңғы тапсырма «Сұрақ салынған конверт» тапсырмасы орындалды.Қатысушы әріптестеріме осы өткізіліп жатқан үдеріс «коучинг үдерісі» екендігі айтылды.
Каталог: uploads -> doc -> 0186
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0186 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі Сабақтың мақсаты: Сөйлеу тілдерін дамыту, сұраққа жауап беруге дағдыландыру
0186 -> 20 Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі Тақырыбы: «Биология пәнін оқыту әдістері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет