Көзін жұмып тұрып ойланып қалды. Жамбыл бала күнінде өз айтқаны болмаса көнбейтін



Дата07.05.2017
өлшемі14,86 Kb.
#15986
  • Мысалдар
  • Көзін жұмып тұрып ойланып қалды.
  • Жамбыл бала күнінде өз айтқаны болмаса көнбейтін.
  • Ауыл адамдарымен кездескеніміз жөн.
  • Біздің ашық сөйлесуіміз керек
  • Жай сөйлем дегеніміз — бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады.
  • Жақты сөйлем
  • Мысалы
  • Құрамында бастауышы бар сөйлем
  •  
  • Айнұр қайтып келеді.
  •  
  • Сөйлемдегі баяндауыштың тұлғасынан-ақ бастауышы айқындалатын сөйлем
  •  
  •  
  • Отаным үшін аттанам
  • Бастауышы бар не айтылмай жасырын тұрса да, оны баяндауыш арқылы табуға болатын жай сөйлемнің түрі жақты сөйлем деп аталады.
  • Жақты сөйлемде бастауыш пен баяндауыш қиыса байланысады.
  • Мен ерте келдім. Ол әбден кешікті. 
  • Баяндауыштың бір өзі сөйлем жасауға ұйытқы болатын жай сөйлем түрі жақсыз сөйлем деп аталады.
  • Құрамында кім? не? деген сұраққа жауап беретін бастауыштар жоқ.
  • Жақсыз сөйлемнің жасалу жолы
  • Мысалдары
  • Тыңдағысы келмеді.
  • Сөйлемнің баяндауышы тұрақты тіркестерден жасалғанда
  • Сол оқиғадан соң көңілі суып кетті.
  • Баяндауыш етістіктің қалау райының –қы,-кі ,ғы, -гі жұрнақтарынан болады
  • Қайта жазғым келмеді.
  • Қимыл атауына барыс септік жалғауы жалғанып, оған бол, жара, кел сөздері тіркеседі
  • Тұрмыста қолдануға жарамды.
  • Атау,барыс септік тұлғасындағы тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін бейтарап сөздері тіркесіп келуі арқылы
  • Біздің кеткеніміз жөн.
  • Көсемшенің –ып,-іп,-п жұрнақтарынан кейін етістіктің болымсыз тұлғасы келеді
  • Жазғаннан ештеме ұғып болмайды.
  • Мысалдар
  • Жақты
  • Жақсыз
  • Ерте бару керек
  • Ауыл тұрмысы жақсы
  • Мақсат-көп астық жинап алу
  • Сабаққа кешігуге болмайды
  • Баланы жаман үйретпеу керек
  • Өнерші бай өте жауыз адам екен
  • Тапсырма:
  • І нұсқа: мәтіннен жақты сөйлемдерді табу, талдау.
  • ІІ нұсқа: мәтіннен жақсыз сөйлемдерді табу, талдау.
  • Әлден уақытта арсалаңдап бір аш қасқыр Ақбілек отырған қостың аузына келіп қалды. Ақбілектің жан дауысы түнді тіліп жібергендей шыр ете түсті, қасқыр біткеннің көздері жалт етіп, тістері сақ етіп, оқшырайып тұра қалды. Ырсылдап, күрсілдеп, бураша шабынып тұрып қалды. «Маған әрекетсіз отыруға болмайды. Тығырықтан шығатын жолдың болмауы мүмкін емес. Жақсылап ойланғаным жөн» деп ойлады. Қасқырлардың қарсы шабатынын білгендей жалма-жан жан ұшырып, қостан атып шығып «қараңғыда көзім жоқ…» деген балаша айнала дөңгеленіп, ағашын сермей берді…..
  • (Ж. Аймауытов. «Ақбілек» романынан үзінді.)
  • Өлеңді ұйқастырып толықтыр.
  • …………………………………….. Астанам,
  • ………………………...………….. бас қалам.
  • …………………………………….. айтуға,
  • …………………………………….. жасқанам.
  • 1. Сөйлемдер ішінен жақты сөйлемді табыңыз.  A) Қорықпасқа болмайды.  B) Енді қорықпаймын.  C) Менің арзан сөзді айтқым келмеді.  D) Сонша шырқап не керек?  E) Бәрібір менің жатуым керек. 
  • 2. Жақты сөйлемді анықтаңыз.
  • Кітап алғым келеді.
  • Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.
  • C) Бүгін демалыс. D) Уақытты жоспарлай білу керек.
  • E) Үлкен жетістік.
  • 3. Бастауышы зат есімнен болған жақты сөйлемді табыңыз.
  • А) Олар туралы оқығанмын.
  • В) Олар 1991 жылы ғарышқа ұшты.
  • С) Ол бір ауыздан қолдады. Д) Біз Жер-Ана жыламаса дейміз.
  • Е) Адам туған жерін аңсайды.
  • 4. Жақты сөйлемді табыңыз.
  • А) Жұмысты тез орындағымыз келеді.
  • В) Оның Астанада оқығысы келеді.
  • С) Ертең сабаққа барғысы келмейді.
  • Д) Қазақстан жылдам дамыды. Е) Қыс мезгілі.
  • 5. Сөйлем түрін анықтаңыз. Мен бүгін мектепке келдім.
  • А) Атаулы сөйлем. В) Жақсыз сөйлем.
  • С) Сұраулы сөйлем. Д) Құрмалас сөйлем.
  • Е) Жақты сөйлем.
  • 6. Жақты сөйлемді табыңыз
  • А) Сәуле күндегі әдетінше ерте тұрды
  • В) Үлкендермен үлкендерше отыруға тырысады
  • С) Жаныңда жүр жақсы адам
  • D) Ойланбай, өзіңе-өзің есеп бермей сөйлесуге болмайды
  • Е) Мұның ауылда істемегені жоқ
  • 7. Жақты сөйлемді табыңыз.
  • A) Қанша ойлану керек. B) Раушан өте сұлу қыз
  • C) Сонша шырқап не керек? D) Түн іші.
  • E) Мұныңызға нануға болады.
  • 8. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
  • А) Баяндауыш В) Пысықтауыш С) Анықтауыш
  • Д) Толықтауыш Е) Бастауыш
  • 9. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
  • А) Нарықтық экономикаға бет бұрдық.
  • В) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.
  • С) Бұл жерде суға түсуге болмайды.
  • D) Демократиялық істерді жүзеге асырамыз.
  • E) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.
  • 10. Сөйлемдердің арасынан жақсыз сөйлемді тап.
  • А) Маған оларға қарсы тұруға тура келді.
  • В) Күз. Күн әлі ерте.
  • С) Абайдың да күлкісі келіп еді.
  • Д) Табиғатты қорғау талап етілген.
  • Е) Салауатты өмір салты.
  • 11. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
  • А) Жаз. Егіс даласы. В) Менің сабақ оқығым келеді.
  • С) Мен ауылға бардым. Д) Ертең осы жерге кел.
  • Е) Балам, қайдан келдің?
  • 12. Тәуелдік жалғаулы қалау рай мен «кел» етістігі арқылы жасалған жақсыз сөйлемді тап.
  • А) Менің ұшқыш болғым келеді. В) Мен ұшсам деп ойлаймын.
  • С) Мен ұшқым келеді. Д) Жеке меншікке көшу.
  • Е) Айға ұшып келемін.
  • 13. Жақсыз сөйлемді табыңыз
  • А) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
  • В) Өнер алды-қызыл тіл С) Қызарып атқан таң
  • D) Оның институтқа түскісі келді
  • Е) Көзінен жасы ыршып шықты
  • 14. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
  • A) Ескерткендеріңіз дұрыс болды. B) Болашақ жастардікі.
  • C) Етіс  етістіктің бір түрі. D) ’’Ештеңе’’  есімдік.
  • E) Адамдық ар-намысымызға дақ түсіруге болмайды.
  • 15. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
  • A) Өнер алды - қызыл тіл.
  • B) Ата, ауылмен сөйлесіп тұрсың ба?
  • C) Қызарып атқан таң. D) Оның жақсы оқығысы келеді.
  • E) Не ексең, соны орасың.
  • С
  • А
  • Е
  • Д
  • Е
  • А
  • В
  • Е
  • С
  • А
  • В
  • Е
  • Д
  • А
  • Д

Каталог: uploads -> doc -> 10de
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10de -> А. Сухомлинский Талдау түрлері
10de -> Сабақтың тақырыбы : Қазақ хандарының ішкі саясаты Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет