Күрделі деңгей: Бастауыш сыныптарда ана тілі, қазақ тілі пәндерінен сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру ерекшеліктері



Дата07.02.2022
өлшемі34 Kb.
#84741
түріСабақ
Байланысты:
7 тапсырмалар тіл дамыту



Күрделі деңгей: Бастауыш сыныптарда ана тілі, қазақ тілі пәндерінен сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады.
Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.
Мысалы, Қызықты кісілермен кездесу- өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кіріспе сөзде мұғалім оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір және қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда бүкіл айтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс айтылу керек. Іскер ойындары – зерттелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастушылық семинар түрінде өтуі мүмкін. Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар – келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс-әрекетін құрастыруға, құрбылармен іскерлік қатынастарды жақсартуға, үлкен кісілермен алқалық қатынастарға түсуге үйретеді.

Орта деңгей: Шығармаларды талдауды үйретуді айтыңыз
Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады. Әдеби талдауға баулу жүйелі де сабырлы еңбекті талап етеді. Мұғалімнің талдауға қандай әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай тиімді ұйымдастырғаны ғана шешуші рөл атқарып қоймайды, сонымен қатар баланың көркем туындыны оқу кезіндегі қабылдауы, алғашқы әсері де үлкен рөл атқарады. Көркем туындыны талдаудың күрделілігі, қиындығы да осында. Қорыта келгенде, талдау мұғалімге байланысты дүние ғана емес, оның алдындағы оқушыларға да тікелей байланысты (көркем туындыны қабылдауы, дүниетанымы мен ой өрісі, сезім дүниесіне де байланысты).
Талдау барысында мұғалім сондай-ақ, оқушыларды көркем туындыға байланысты алғашқы әсерлерін толықтыруға, көркем сөз құдіретін түсіне білуге, әр шығарма негізінде үлкен ой, үлкен мәселе жататынын аңғара білуге баулиды.
Жеңіл деңгей: Сыныптан тыс жұмыстарға сипаттама беріңіз
Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстын бір түрі - үйірме. Үйірмелер түрі: пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, математика, биология, т.б.; драмалық үйірме - көркем сөз үйірмесі, би, фото, радио үйірмелері. Бұларға мұғалімдер немесе ата-аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді. Кейде үйірмелерді секция немесе клуб, кейде коғам деп те атайды. Айталық, «Жас ақындар үйірмесі», «әдебиетшілер клубы» т.б.
Сыныптан тыс жұмыстын екінші бір тиімді түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер. Бұл жұмыс түрі оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейтеді. Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі. Мысалы, «Пушкин ертегілері», «Абай және орыс ақындары». Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайтуда қоғамдық көзқарасқа сенімін арттыруда моральдық тақырыпқа кеш өткізудін дәл қазіргі қайта құру кезеңінде мәні артып тұр. Сол сияқты моральдық тақырыпқа арнап сұрақ - жауап кешін өткізу де өте қажет. Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудын немесе кездесу ұйымдастырудың мәні де зор. Кездесуде де айқын мақсат болу керек. Қонақ жай мереке күніне келе ме, жоқ мамандықтын мән-жайын айтуға келе ме? - деген сиякты күн ілгері тәрбиелік мақсаты анықталып отыру кажет. Мектеп өмірінде бұрыннан бар, ал қазіргі өмір бағыты бұрыңғыдан ерекше бір түрі - сайыстар, түрлі байқаулар мен олимпиада, турнирлер мен фестивальдар немесе тапшыр мен ептілердің, іскерлер мен шешендердін, ой тапқырлығы мен қимыл шапшандығын қоғамның болашағына үлес қосуға әзірленген кадрдын білімділігі мен іскерлік сапасын жақсарту міндетін іске асыру мақсатында ерекше тиімді. Сондықтан бұл жұмыстардын түрін кеңінен өрістеу - бүгінгі күннің тілегі.
Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі - туристік және өлкетану жұмысы. Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, тұп-тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, ол қылықпын орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық. Мұражайлар жұмысы арқылы, олардын тәрбиелік ролін арттыру үшін оңдағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып, тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет. Қызықты етіп шығарған қабырға газеттерінін де тәрбиелік мәні зор.


.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет