Креативті және сыни тұрғыдан ойлау



Дата28.01.2022
өлшемі17,24 Kb.
#115320
Байланысты:
2-тапсырма
~$Ж корытынды, білім күні, білімге ұмтылу

Креативті және сыни тұрғыдан ойлау

Креативті ойлау және сыни ойлау дегеніміз - олардың ішкі мағыналарына келгенде олардың арасындағы айырмашылықты көрсететін екі түрлі ой бар.

Креативті ойлау шектеулерден асып түседі және жаңа идеяларға ие болады, ал сыни тұрғыдан ойлау белгілі бір нәрсені талдайды

Аллымен креативті ойлауға тоқталатып өтсек. Креативті ойлау- инновациялық және тиімді шешімдерге қол жеткізуге және жаңа білімді немесе қиялды тиімді көрсете алуға бағытталған идеяларды әзірлеу, бағалау және жетілдіру процесіне нәтижелі қатысу қабілеті. Егер адам шектеулер мен тыйымдарға үнемі назар аударып отыратын болса, кретивті болу өте қиын. Креативті ойлау өте шексіз және кең. Креативті ойлаудың соңы жоқ. Бұл креативті ойлаудың ерекшелігі. Бұл адамға кедергілерден арылуға және елестетілмейтінді елестетуге, белгілі бір дүниені ойлап табуға мүмкіндік береді. Ақыл креативті ойлау жағдайында кез-келген нәрсені ойлауға еркін. Сыни тұрғыдан ойлау жағдайында сіз бірнеше таңдау жасауға мәжбүр боласыз, ал креативті ойлау жүйесінде бұл басқаша. Креативті ойлау жағдайында әр түрлі таңдау жасалмайды. Креативті ойлау жаңа және ой қозғаушы идеяларды қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан креативті ойлаудың бәрі қиял мен ұшқыр ойға қатысты деп айтуға болады.

Енді сыни тұрғыдан ойлауға көшетін болсақ, креативті ойлау жағдайынан айырмашылығы, сыни тұрғыдан ойлау әлдеқайда қатаң ұстанымды қабылдайды. Сыни тұрғыдан ойлаудың бір ерекшелігі - бұл шығармашылық ойлау сияқты кең емес. Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын процесс.

Сонымен екі ойдың айырмашылығына тоқталатын болсақ сыни тұрғыдан ойлау белгілі бір ойға, идеяға тәуелді болып келеді. Ал креативті ойлау да ақыл еркін болады. Тұлғаның өз бойындағы идеяны ойлап табуға, оны дамытуға мүмкіндік береді.



Сол себепті де PIZA халықаралық зерттеуіне креативті ойлау дағдысын бағалау енгізілген.

Математика пәнін оқытуда сыни ойлауды дамыту

Математика сабағында диалог арқылы оқыту тәсілін қолдану - сыни ойлауды жүзеге асырудың бірден-бір қозғаушы күші. Ал, диалогтік әңгімені дамыту үшін сұрақ қою әдісі әрбір сабақ барысында жүйелі, тиімді пайдаланылса оқушының білім алу сапасы жақсарады және олар шағын топтарда бірлеседі, идеяларымен пікір алмасып, оны талқылайды, баға береді.
Мұғалім үшін ең маңызды қызмет - сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен білім алуға жетектеу, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру үшін сан түрлі жаңартылған әдіс - тәсілдерді үздіксіз қолдану.
Зерттеуіме алған 6 - сыныптың математика пәнінен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тақырыбын меңгертуде сыни ойлауды дамыту үшін
Ж. Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту тәсілін бір сабақта емес 5 сағатқа бөліп жоспарлау арқылы қолдана отырып өттім.

Бұл технология оқушының ой - өрісінің дамуына, өз бетінше ойлау
қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоспарланған сабақтар топтамасында 4 деңгейден тұратын
технологияның негізгі талаптарын жүзеге асыру үшін мынадай әдіс -
тәсілдерді қолдандым.

1. Сұрақ қою әдісі
Мені қатты ойландырған мәселе бастапқы білім мен соңғы алған білімдерін ұштастыру, шоғырландыру үшін сұрақты қалай қою керек және оның нақты көрініс табуы, оқушыларды сыни ойлануға бағыттау болды. Оқушының қате жауабына "Дұрыс деп ойлайсыңдар ма?", «Тағы да қандай пікір айтар едіңдер?», «Жауаптың дұрыс екеніне сенімдісіңдер ме?», «Неге сүйенесің?», «Толықтыруға бола ма?», «Мысал келтіре аласың ба?»т. б. деген сұрақтарды қайта бағыттау арқылы диалог құрып, балалардың әлеуметтік ортада өзін - өзі реттеу, ой - пікірлерін жүйелеу қабілеттерін дамытуға болатынына көз жеткіздім. Тапсырмада берілген есептерді еркінше таңдап алуда және оны шығару тәсілдерімен пікір алмасқанда оқушылар өзін - өзі, сыныптастарын бағалауға мүмкіндік алды. Топтар арасындағы пікір алмасуда бір - бірінің жіберген қателері мен өз идеяларының да құнды екенін бағалай алды.
2. Миға шабуыл әдісі / Метод мозгового штурма (брэйнсторминг)/
/ Brainstorming/ - белгілі бір проблеманы қарқынды талқылау –
- 6 -
шығармашылық белсенділікті ынталандыру жолы. Бұл тәсіл кезінде қатысушылардың ойлау үдерісі белгілі бір мәселені шешу жөнінде түрлі идеяларды талқылауға және ойлап табуға бағытталған.
3. Джигсо (мозаика) / Джигсо (мозаика) / Jigsaw - Эллиот Аронсон ұсынған, оқушылардың білімдік міндеттерді шешу мақсатында ынтымақтасып жұмыс істеуін көздейтін оқыту мен оқу әдісі.
4. Диалогтік оқыту / Диалогическое обучение / Dialogic teaching - мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс - әрекеттерін белсенді етуді көздейді.
5. Белсенді оқу әдістері / Методы активного обучения / Active learning methods – оқу материалын өз бетінше, бастама жасай отырып, шығармашылықпен игеруде оқушылардың оқу үдерісіне толыққанды ой - лану арқылы тартылуын көздейтін әрекеттер мен амалдар. Белсенді оқу әдістеріне дебат, пікірталас, рөлдік ойындар, жоба жүргізу, т. б. жатады.[3]

6. Тактикалық оқыту / Тактическое обучение / Tactical education – тек қана тестілеуден ойдағыдай өтуге дайындау арқылы оқушылардың жетістіктерін өлшеу.
Зерттеу сабақтар топтамасын өткізу нәтижесінде сындарлы оқытуды жүзеге асыру үшін жаңартылған әдіс - тәсілдер кестесін жасадым.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет