Критериалды бағалау бойынша нормативтік құжаттардағы өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#93460
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қорытынды аттестаттау 23.01
презентация рубрики, МР рубрика 05 12 2019
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» N 125 Бұйрығы (2019 жылдың 26 қарашасындағы №509 өзгерістермен)
  • №125 бұйрық өзгерістермен (№509 26.11.2019 ж.)
  • Ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе).
  • Математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан.
  • Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.
  • Таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.
  • 9 (10) – сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау
  • №125 бұйрық өзгерістермен (№509 26.11.2019 ж.)
  • 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дайындайды.
  • Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.
  • Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау өткенге дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі.
  • 9 (10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.
  • 9 (10) – сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау
  • №125 бұйрық өзгерістермен (№509 26.11.2019 ж.)
  • Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.
  • Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.
  • Математика (алгебра) пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады. 9 (10) сыныпта жұмыстар балл қою кестесіне сәйкес тексеріледі.
  • 9 (10) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.
  • 9 (10) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30%-70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу ең жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.
  • 9 (10) – сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет