Критериалды бағалау



бет2/4
Дата21.12.2021
өлшемі76,48 Kb.
#104671
1   2   3   4
Байланысты:
критериалды бағалау
іздегенде табылатын қасыңнан ашық тәрбие сағаты, іздегенде табылатын қасыңнан ашық тәрбие сағаты, Логика 1, -56900751, Сиб 39-5 доклад, иммун ежед тесты, тесты иммун сабақ

Формативтік бағалау


Формативтік бағалауды мұғалімдер білімді меңгеру және дағдылардың қалыптасу деңгейі туралы ақпарат алу үшін, оқу процесін түзету үшін, білім алушыларға кері байланыс беру және оқу процесі барысында білім алушылардың оқудағы жетістіктерін ынталандыру үшін жүргізеді.

Формативтік бағалаудың негізгі функциялары:



  • қалыптастырушы – күнделікті практикада құндылықтар жүйесін қалыптастыру, құру және бекіту;

  • ынталандырушы – білім алушылар күтетін нәтижеге және нәтижелі ілгерілеушілікке жетуі үшін жайлы жағдай жасау;

  • уәждеуші – білім алушылардың оқуға және нәтижеге жетуге қызығушылығын сақтау.

Формативтік бағалаудың негізгі стратегиялары:

  • оқу мақсаттары мен бағалау өлшемшарттарын айқындау және ұсыну;

  • оқу дәлелдерін жинауға бағытталған сыныпішілік оқу қызметін ұйымдастыру;

  • білім алушылардың дамуына ықпал етуші құрылымдық кері байланысты қамтамасыз ету;

  • білім алушыларды өзара білім көзі ретінде оқу процесіне тарту;

  • оқыту және оқу процесінде коллаборативтік орта құру;

  • білім алушыларға өз оқуын «құрушыларға» айналу мүмкіндігін беру.

Білім алушылардың оқу мақсаттарына жету деңгейлері мен олардың ілгерілеушіліктері оқуды нәтижелі ұйымдастыру мақсатында және меңгеру деңгейін анықтау үшін бақылануы тиіс.

Мұғалім қызметіндегі формативтік бағалау процесі келесі кезеңдердің іске асырылуын талап етеді:



  • бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;

  • бағалау нысандары мен әдістерін таңдау;

  • оқыту және оқу процестерінің бөлімі ретінде бағалау жүргізу;

  • кері байланыс орнату;

  • бағалау нәтижелерін талдау;

  • формативтік бағалау нәтижелерінің талдауына сәйкес оқыту мен оқуды түзету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет