Критериалды бағалау



бет3/4
Дата21.12.2021
өлшемі76,48 Kb.
#104671
1   2   3   4
Байланысты:
критериалды бағалау
іздегенде табылатын қасыңнан ашық тәрбие сағаты, іздегенде табылатын қасыңнан ашық тәрбие сағаты, Логика 1, -56900751, Сиб 39-5 доклад, иммун ежед тесты, тесты иммун сабақ

Жиынтықты бағалау


Жиынтықты бағалау – оқу бағдарламаларын (өтпелі тақырыптарды) меңгеруді аяқтаған соң не белгілі оқу кезеңінің қорытындылары (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі) бойынша өткізілетін бағалау түрі. Жиынтықты бағалау нәтижелері мұғалімдерге, білім алушыларға және ата-аналарға балл немесе баға түрінде ұсынылады. Бұл білім алушылардың белгілі кезең ішінде оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға және тіркеуге мүмкіндік береді.

Бөлімдер (өтпелі тақырыптар) бойынша жиынтықты бағалау оқу бағдарламасына сәйкес бөлімді (өтпелі тақырыпты) аяқтаған соң жүзеге асырылады. Бағалаудың бұл түрі оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Нәтижелер (балдары) тоқсандық баға қойғанда ескеріледі. Мұғалім жиынтықты бағалауға арналған тапсырмаларды өз бетімен құрастырады немесе жиынтықты бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарда берілген тапсырмаларды қолданады.

Тоқсан ішінде жиынтықты бағалау тоқсанның аяғында жүргізіледі және білім алушының тоқсан ішіндегі ілгерілеушілігін көрсетеді, бұл ретте оқу бағдарламасының мазмұнына білім алушылардың білімді меңгеру деңгейі мен дағдыларының қалыптасуы дәлелдерді ұсынады. Шыққан нәтиже тоқсандық баға қойғанда ескеріледі. Тоқсан ішінде жиынтықты бағалауға арналған тапсырмалар тапсырмалардың үлгілерімен және балл қою схемаларымен бірге тоқсан ішінде жиынтықты бағалау спецификацияларына сәйкес әзірленеді. Спецификациялар барлық орта білім беру ұйымдары үшін ортақ.

«Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау жөніндегі нұсқаулық» оқу-әдістемелік құралында жиынтықты бағалауды (бөлімдер (өтпелі тақырыптар) бойынша) жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдері, нәтижелерді талдау, тоқсан ішіндегі жиынтықты бағалау қорытындыларын модерациялау процесін ұйымдастыру мен өткізу кезеңдері толық сипатталған.

Тоқсан ішіндегі жиынтықты бағалау бойынша жұмыстарды тексеру қорытындыларын модерациялауды мұғалімдер оқу нәтижелерін бағалау объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізеді. Қажет болғанда балл қою схемасына өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін. Модерация бойынша мәжілістің қорытындылары бойынша хаттама толтырылады. Хаттамаға сәйкес білім алушылардың жиынтық жұмыстарының балдары қайта тексеруден кейін өзгертілуі мүмкін. Модерацияның қорытындылары бойынша жиынтықты жұмыс үшін балл ұлғайту, сондай-ақ азайту жағына қарай өзгертілуі мүмкін. Білім алушылардың жиынтық жұмыстары оқу жылы бойы мұғалімде сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет