Критериалды бағалау



бет2/2
Дата25.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#105225
1   2
Байланысты:
пр бағалау
сауалнама бағалау, 7-11 есептер шығарылу жолымен, 14721236015
Бағалаудың екі аспектісі

Оқуды бағалау

(жиынтық бағалау)

Оқыту үшін бағалау (Форматив-тік бағалау)

Критериалды бағалау

Критериалды бағалау – бұл үдеріс, берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата - анасына және заң өкілдеріне) анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген.

Бұл бағалау жүйесі ең алғаш оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.

Критериалды бағалау жүйесі

1. Қалыптастырушы/формативті

2. Жиынтық бағалау

Мүмкін болатын қаіуп-қатерлер

 

  • 1. Мұғалімдердің критериалды бағалау мен нәтижені талдау үшін қажетті материалдарды дайындауда формалды түрде қарауы;
  • 2. Критериалды бағалауды енгізуде оқушылардың бейімделу кезеңінің жүруі.
  • 3. Критериалды бағалау жүйесіне байланысты ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктердің туындауы.
  • 4. Критериалды бағалау туралы кейбір мұғалімдердің теориялық білімінің жеткіліксіздігі, бұл жүйені енгізудегі тәжірибелік дағдылардың болмауы.
  • 5. Критериалды бағалауды енгізуде әкімшілік тарапынан тиісті қолдау мен бақылаудың болмауы.

Тәжірибелік маңыздылығы

  • Тәжірибелік маңыздылығы
  • Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:

  • - жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
  • - оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
  • - бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
  • - өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.
  • - оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Критериалды бағалау:  

  • Мұғалімдерге:
  • 1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
  • 2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
  • 3. Білім беру сапасын арттыруға;
  • 4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
  • 5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
  • 6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
  • 7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

  • 1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әректінің типтерін қолдануға;
  • 2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
  • 3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
  • 4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
  •  

Ата- аналарға:

  • 1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға;
  • 2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
  • 3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
  • 4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
  • 5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет