Ксро-ның ыдырауына əсер еткен факторлар



Дата05.02.2022
өлшемі16,8 Kb.
#130759
Байланысты:
PEST-талдау
3 сынып дәптері, 12345, 12345, «Қорқыт ата» кітабы, 11 семинар Саясаттану, Аралық бақылау Психология

КСРО-ның ыдырауына əсер еткен факторларға PEST-талдау жасаңыз.Əрбіреуіне 2 аргумент келтіріңіз

КСРО-ның ыдырауына əсер еткен факторлар:

P-саяси

1)КСРО-ның күйреуінің ең басты себептерінің бірі – елде сөз бен істің бірлігінің болмауы еді. Бар билікті өз қолына жинап алған коммунистік партияның саясатына сай “дұрыс” сөйлеу, бірақ басқаша ойлап, іс жүзінде керісінше істеудің, яғни екіжүзділікке барудың елде кең етек алғанды бүгінгі аға ұрпақтың есінде. Мұндай ел тағдыры үшін аса қауіпті үрдістің пайда болып, қалыптасуына жəне дамуына кінəлі басқа емес, басынан шіріген балық сияқты, сол ел басқарып отырған партияның ең жоғарғы басшыларының өздері еді.КСРОның ыдырауына алып келген саяси, əлеуметтік-экономикалық себептердің тамыры тереңде жатқанымен, оның іс жүзінде күйреп, тарих қойнауына енуі М.С. Горбачевтің атымен тікелей байланысты екендігі белгілі. Н.Ə. Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” КСРО-ның күйреуін тездеткен саяси себептердің бірі ретінде М. Горбачевтың бірінші басшы қызметіндегі іс-əрекеттеріне де талдау жасап, өз ойларын айтқан. 2) тарих қойнауына енген саяси басшылықтың іс-əрекеттеріне, өмір салттарына, кадр саласында үстанған бағыт-бағдарлары мен жүргізген саясаттарына талдау жасай келе, КСРО-ның күйреуінің саяси себептерінің субъективтіадами факторлармен байланысты терең сырларын да ашып көрсете білген. Мысалы, ол: “Косыгин де, Суслов та, Устинов та, Громыко да, Байбаков та, республикалардың басшылары да, тіпті Брежневтің өзі де, тағы басқа көптеген адамдар сияқты, билікке 30-35 жастарынан бастап араласты. Əрине, осындай жас адамдар қабілеттері болмаса, əлгіндей биік қызметтерге көтеріле алмайтындары даусыз. Алайда олардың араға 25-30 жыл түскен соң да, өздерінің билікке қай жаста келгендерін ұмытып, элитаның құрамын жаңа адамдармен алмастыруға тіптен мəн бермегендері таң қалдырады”-дейді

E-экономикалық

1)Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ- тан жыл өткен сайын артта қалып отырды.
2) Бұрыңғы кеңестік экономикалық кешеннің құрылымы тым күйкі тартып, негізінен шикізат өндірушілік пен əскери-өнеркəсіп кешеніне қызмет етуге бағытталды. Кеңестер одағында əскериөнеркəсіп кешеніне тоғыз министрлік қызмет етті. Олардың қажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылып отырды. Бұлар ұлттық жалпы өнімнің едəуір белігін шығарды. Ол статистикалық есепте халық шаруашылығы өніміне қосылғанымен, шын мəнінде, халық шаруашылығы мойнына асылған масылдык еді. Осыған қарамастан Кеңестер Одағының əскери техникасы бəсекелес елдердікімен салыстырғанда əлдеқайда артта қалды. Мұндай артта қалушылықтың зардабы таяу Шығыстағы, Ауғанстандағы, Африка елдеріндегі майдан далаларында əлденше рет тойтарыс алып, соққы жегенінен айқын көрінген еді.КСРО -ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, əсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. 1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалды, бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылды, нəтижесінде соңғы /1990 ж. дейін/ 25 жылда КСРО -да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы /АҚШ -пен салыстырғанда/ үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 проценттен астам адам қол еңбегімен айналысты

S -əлеуметтік

Əлеуметтік қайшылықтар - еңбекақының өсуі товар өндіру мен қызмет көрсетуден артта қалуы; -сапалы өнім дефициті; -лексиконда “сатып алу” емес “табу” деген сөздің алмасуы; -тұрғын үй проблемасының шешілмеуі; -медицина, білім беру салалары артта қала басталуы;

T-технологиялық

1)технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл əлемде бəсекеге түсу қабілетінің əлсіздігі еді.
2) Оған жылдық есеп бергендегі қосып жазу, өндірілген өнімді жəне жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз көбейтіп көрсетудің елеулі əсері тиді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет