Ктк жаңалықтары Кеш жарық, қымбатты тыңдарман. Микрафон алдында Алуа Бақытжан



Дата08.02.2022
өлшемі17,49 Kb.
#118615
Байланысты:
Ктк жаңалықтары
Ғаламтордағы қазақстандық пиар мәселесіне қатысты мағлұмат, 1-4 машактану

Ктк жаңалықтары

Кеш жарық, қымбатты тыңдарман.
Микрафон алдында Алуа Бақытжан.


  1. Сот: Атыраулық әйел төрт айлық баласын 38 жерден пышақтаған

Атырауда төрт айлық баласын пышақтап өлтірген безбүйрек ана заң алдында жауап бере бастады. Сот сараптамалық зерттеу нәтижесінде қатыгез келіншек сәбиін 38 жерден пышақтағаны анықталды.
Ал күдіктінің күйеуінің айтуынша «Әйелім босанған соң психикалық ауытқу байқалғаның. Тіпті сәбиі жылаған кезде көзіне елес көрінетінін жиі айтқан.
Бес ай бойы тергелген күдікті бүгінгі сот отырысына қатыса алмады. Өйткені 42 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында қатаң бақылауда жатыр. Дәрігерлер осы күнге дейін науқастың бауыр еті – баласын іздеп немесе өткен іске өкінген әрекетін байқамаған. «Бірақ жағдайы әзірге тұрақты» - дейді ақ халаттылар.

  1. Ескерту жасаған ауылдасын атып тастаған – Қарағанды облысы

Қарағанды облысында да адам өлтірді деген күдікпен 35 жастағы азамат ұсталды.
Қасым Аманжолов атындағы ауыл түрғындарынан түнде ұйқысы қашты. Кешкілік ауылдан шалғай жерде 50 жастағы тұрғынның өлі денесі табылған. Күдікті тез табылды. Мал бағуға келген ол удай мас болған екен. Марқұм оған «мына күйіңде малға ие бола алмайсың» деп ескерту жасаған көрінеді. Сөзден дау шығып, күдікті қаруға ұмтылыпты. Атқаннан кейін, қаруы мен көлігін тастап айдалаға қашып кеткен.

  1. Көкшетауда есірткі таратып жүрген оқушы қыз ұсталды

    Көкшетауда құрамында есірткі бар препарат таратумен айналысқан мектеп оқушысы ұсталды. Ол сөмкесіне психотропты 230 дана дәрі салып алған.
    11-сыныпта оқитын қыз синтетикалық есірткі түріне жататын дәріні көпір астына, қамыс арасына, тіпті подьезге жасырып ғаламторда саудалаған. Есірткіге тәуелді азаматтар оны ғаламтор арқылы еркін сатып алған. Ал оқушы қыз әрбір таблеткадан 350 теңге пайда көріпті.



  1. Еліміздің ең үздік мұғалімдері марапатталды


Еліміздің ең үздік мұғалімдері анықталды. Ұстаздар күні қарсаңында Қостанайда «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Үздік деп танылған мұғалімдерді білім және ғылым министрі марапаттады. Оларға төсбелгілер мен 3 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификат табысталды.

Спорт жаңалықтарына көшетін болсақ

  1. Биыл Алматы марафонына бес мыңға жуық адам қатысты

    Биыл «Алматы марафонына» бес мыңға жуық адам қатысты. Алайда спортсүйер қауым биылғы марафонда ерекше тәртіппен, яғни сақтық шараларын сақтай отырып жүгірді.
    Қатысушылар тіпті «Ашық» қосымшасы арқылы екі мәрте тексеруден өтті. Ал мерекелік шараның бас серіктесі – Kaspi.kz. болды.



Бүгінгі радио толқынымызға келіп түскен ақпараттар осымен тәмам. Кош сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет