Курбаналиев бауржан умурзакович



бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,61 Mb.
#13007
түріАвтореферат
  1   2   3
ӘОЖ 373.574:7.071.5 (574) Қолжазба құқығында

КУРБАНАЛИЕВ БАУРЖАН УМУРЗАКОВИЧ

Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру

13.00.02. - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта

және жоғары білім беру жүйесіндегі бейнелеу өнері)


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2010

Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

университетінде орындалды

Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы,

доцент Кемешев Д.Ә

Ресми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ералин Қ.Е.

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Көшенов Ж.С.
Жетекші ұйым Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық университеті


Қорғау 2010 жылы «____» ______________ сағат _______ М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5
Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 үй, 2-қабат

Автореферат 2010 жылы «_____» _____________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы С.А.Жолдасбекова




КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі білім беру жүйесін реформалауды, яғни білім сапасын қазіргі талаптарға сай қамтамасыз ету мақсатында жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің мақсаты жүйеленіп, дайын күйінде берілген білім, қабілет пен дағдыларды қайталаумен шектеліп қана қоймай, шығармашылықпен еңбектене білетін, тың жаңалықтар ашуға қабілетті, өзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (2007 ж.) білім беру жүйесінің міндеті – «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, ... даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» ретінде белгіленген. Бұл, өз кезегінде, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың анағұрлым тиімді жолдары мен әдістерін іздестірудің маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Осыған байланысты бейнелеу өнерінің мол мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы өте зор.

Жалпы орта білім беру жүйесіндегі бастауыш мектеп оқушысының тұлғасы мен санасының дамуы қарқынды жүретін, ерекше құнды да қайталанбас кезең. Сондықтан бала бойындағы қабілетті осы бастапқы кезеңде ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Мұны біртұтас педагогикалық процестегі оқытуды ұйымдастыруға тұжырымдамалық жаңа тұрғыдан келу негізінде шешуге болады.

Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы көрнекті қазақ ойшылдары мен ағатушылары Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М.Көпейұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген.

Оқыту процесінде баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін шет ел педагог – ғалымдары Ю.К.Бабанский, В.С.Ильин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, Л.С.Выготский, Л.Н.Леонтьев, Г.С.Альтшуллер, А.Г. Ананьев, сонымен қатар қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Т. Тәжібаев, Қ.Б. Жарықбаев, М.М. Мұқанов және т.б. қарастырды.

Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, білім мен тәрбие берудің шынайы тәжірибесінде жалпы білім беретін мектептерде өнер түрлері, оның ішінде бейнелеу өнері сабақтарының мүмкіндіктері арқылы қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесіне әлі де өз деңгейінде мән берілмеуде. Көбіне, бейнелеу тәжірибесінің жалпы білім, қабілет, дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға ғана басты назар аударылады. Педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде бейнелеу өнерінің мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері Қ.Е.Ералин, М.Ж.Қозыбақов, Ұ.Әбдіғаппарова, Д.Ә.Кемешев, Қ.К.Болатбаев, С.С.Булатов, С.А.Аманжолов, С.А.Жолдасбекова, Ж.Балкенов, Қ.Әмірғазин, З.Ш.Айдарова, Е.Асылханов, М.Ж.Тәңірбергенов, С.Қ.Бейсенбаев, С.Р.Матаева, А.Л.Павловский және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Бейнелеу өнерінен көркемдік білім беру саласындағы педагог ғалымдар Н.Н.Ростовцев, В.С.Кузин, Е.В.Шорохов, Н.В.Лебедко, А.В.Ломов, Қ. Ералин, С. Аманжолов, Д. Кемешовтар бейнелеу өнері шығармашылығын зерттеуге ерекше көңіл бөлген. Н.Н.Ростовцев бейнелеу шығармашылығын қалыптастырудың негізгі – нұсқаға қарап сурет салу екенін, шығармашылық еңбекке жетудің бастауы, бейнелеу сауаттылығын меңгеру болып табылатындығын көрсеткен.

Қ.Ералин, «бейнелеу өнері шығармашылығын, графика, кескіндеме мүсін туындыларын, немесе сәндік бұйымдарын жобалаумен жасауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі» деп анықтаған. Ол шығармашылық қызметтінің негізі бейнелеу сауаттылығын меңгеру болып табылатындығын көрсеткен. Шығармашылық қабілетті дамытуды жоспарлы жүргізуге көңіл бөлген.

Шығармашылық дегеніміз – жаңа туындыны жасауға бағытталған іс-әрекет. Қабілет дегеніміз – ойлау мен белгілі іс-әрекетті орындау бағыттындағы жеке тұлға шығармашылық қызметінің нәтижесі түрінде танылады. Қабілет белгілі білім мен іс-әрекетті икемділіктерінің жоспарлы түрде меңгерту нәтижесінде қалыптасады. Осы қағидаларды негізге ала отырып шығармашылық қабілет дегеніміз жаңа бейнелеу өнері туындыларын жобалау мен жасауға бағытталған жеке тұлға қызметі.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру өзіндік ерешелігі бар педагогикалық үдеріс. Бұл бастауыш сынып оқушыларының өнер туындыларын қабылдау мен бейнелеудің икемділіктері мен дағдыларын меңгерумен байланысты сипатталады. Қалыптастыру ұғымы педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлғаның білімін икемдіктері мен дағдыларын арттыруға бағытталған жоспарлы іс-әрекеттер нәтижелері.

Жоғарыда аталған еңбектер бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесі бойынша біршама зерттеу жұмыстары жүзеге асырылғандығын көрсетеді. Дегенмен осы саладағы еңбектерге талдау жасау бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін бейнелеу өнері сабағында қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда зерттелуі мен оның ғылыми-әдістемелік жүйесінің дайындалуы мәселесінің заман талабына сай мазмұнының ашылмай отырғандығын көрсетті. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін бейнелеу өнері сабақтарының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қалыптастыру мәселесін педагогикалық тұғыдан шешудің объективті қажеттілігі мен бұл мәселенің мектеп тәжірибесінде өз дәрежесінде шешілмеуі, сонымен қатар бұл мәселеде ғылыми негізделген әдістемелердің қажеттілігі мен оларды тәжірибеде жүзеге асыру құралдарының болмауы арасындағы қарама-қайшылықтар анықталды.

Мәселенің өзектілігі, оның қазіргі міндеттерді ескеру негізінде теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырылмауы, көркем-эстетикалық білім беру саласындағы педагогикалық маңыздылығы зерттеу жұмысының тақырыбын «Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру» деп анықтауға негіз болды.



Зерттеу мақсаты: бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемелік жолдарын ұсыну.

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнеріне оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, бейнелеу өнері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы ғылыми-теориялық мәселелерге талдау жасалса; бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру мүмкіндіктері бейнелеу өнері сабақтарында жүзеге асырылатындығы айқындалса; бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру механизмі жүзеге асырылса, онда бейнелеу өнері сабақтарында білім сапасы мен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеті арта түседі.

Зерттеу міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық аспеклерін талдау жасау;

2. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау;



3. Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық технологияларының бағыттарын көрсету.

4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемелік ұсыныстарын және эксперименттік сынақтан тексеру.

Жетекші идея: бейнелеу өнері сабақтарында аталмыш өнердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану ұйымдастырылса, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру нәтижелілігін қамтамасыз етеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып табиғат, қоғам және ой дамуының жалпы заңдылықтары: таным теориясы; жеке тұлғаны дамытудағы іс-әрекеттің жетекші рөлі туралы қағида; оқытудың қазіргі теориялары мен тұжырымдамалары; материалдық және рухани мәдениетті жасау мен сақтаудағы халықтың рөлі, тәрбиедегі ұлттық мәдениеттің рөлі туралы ілімдер; жалпы адамзаттық құндылықтардың негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларының қағидалары құрайды.

Зерттеу көздері: философтар, психологтар, педагогтар, этнографтар, тарихшылар, әдебиеттанушылар, өнертанушылар және т.б. зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері; әр дәуірде өмір сүрген қазақ ойшыл-ғұламаларының бала тәрбиесі туралы ой-пікірлері; үкіметтің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, баяндамалар т.б.); ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі нормативтік құжаттары тұжырымдамалары кешендері, жалпы, орта және бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың тиімді әдістемесін жүзеге асыру жөніндегі тәжірибелер.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, мәдениеттанушылық, тарихи, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; педагогикалық бақылау, сауалнама, интервью, әңгіме, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарына, бейнелеу өнері пәні бойынша мектеп бағдарламаларына талдау жасау, педагогикалық эксперимент, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелерін өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалды.

  • бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды.

  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық технологиясы ұсынылды.

  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемесі теориялық тұрғыдан негізделіп, сынақтан өткізілді.

Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен олардың негізінде дайындалған нақты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру процесінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізді. Дайындалып, сынақтан өткізілген "Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемесі" атты оқу -әдістемелік құралын, бейнелеу өнері сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемесін, сонымен қатар зерттеу материалдарын жалпы білім беретін мектептердің, педагогикалық оқу орындарының іс-әрекетінде, педагогикалық кадрлардың іскерліктілігін жетілдіру және қайта даярлау жүйесінде және бастауыш мектептегі педагогикалық процесті жетілдіру бойынша әдістемелік нұсқауларды дайындауда пайдалануға болады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2004-2006 ж.ж.) - зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, мәдениеттанушылық әдебиеттерге талдау жасалды. Зерттеудің ғылыми аппараты мен процедурасы дайындалып, мәселенің қазіргі жай-күйіне баға беріліп мүмкіндіктер анықталды.

Екінші кезеңде (2006-2008 ж.ж.) - бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемесі дайындалып, оның тиімділігін тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүзеге асырылды. Мұның барысында бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру мазмұны анықталды.

Үшінші кезеңде (2008-2009 ж.ж.) – тәжірибелік -эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне талдау жасау және өңдеу, теориялық қағидаларды нақтылау, қортындыларды тұжырымдау, диссертацияны рәсімдеу, бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру бойынша алынған нәтижелерді мектеп тәжірибесіне енгізуді қамтамасыз ететін әдістемелік ұсыныстар дайындау жүзеге асырылды.

Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы

№№ 1,2,5,6 және Шымкент қаласының №№ 50,47,33 орта мектептері.



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері;



  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мүмкіндіктері ретіндегі пәннің ролі мен мазмұндық талаптары;

  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық технологиялары;

  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемелік жүйесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық - педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарына жасалған талдау және оларды зерттеу барысында негізге алу. Қазақстандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері мен тәжірибелерін талдап, жинақтау; ұсынылған әдістеменің іс жүзінде бірнеше қайтара тексерілуі; эксперимент нәтижелерінің қорытылуымен, олардың тиімділігі оқу үдерісіне енгізілумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында және Шымкент, Алматы, Тараз, Орал, Түркістан, Жетісай, Гүлістан, Болгария, (София) қалаларында өткізілген Халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардағы ғылыми баяндамалар түрінде, сонымен қатар зерттеу нәтижелерінің Қазақстан Республикасының ғылыми-педагогикалық басылымдарында - «Бастауыш мектеп» /Алматы, 2009/, «Қазақ тілі мен әдебиеті» /Алматы, 2009/ жариялануы арқылы жүзеге асырылды.

Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері Шымкент қаласының №№33,47,50 және Мақтарал ауданының №№1,2,5,6 орта мектептеріндегі педагогикалық кеңестерінде баяндалды.



Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты, нысаны, пәні, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, болжамы, практикалық құндылығы, ғылыми жаңалығы, зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен дәйектілігі және тәжірибеге енгізілу тұжырымдалады.

«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін бейнелеу өнері сабақтарында қалыптастырудың ролі» деп аталатын бірінші тарауда оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесінің философиялық, психологиялық - педагогикалық, мәдениеттанушылық, тарихи әдебиеттердегі және практикадағы зерттелу жағдайына талдау жасалады; бейнелеу өнері сабақтарының оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың маңыздылығы мен мүмкіндіктері айқындалады;

«Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістемесі» деп аталатын екінші тарауда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін бейнелеу өнері сабақтарында қалыптастырудың педагогикалық технологикасы әдістемесінің мазмұны сипатталады; аталмыш әдістеменің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың барысында сынақтан өткізу барысы мен оның нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда зерттеу мәселесі бойынша негізгі нәтижелер мен қорытындылар тұжырымдалады; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесі бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі, сонымен қатар зерттеу мәселесінің перспективалары анықталады.

Қосымшада тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың жекелеген материалдары ұсынылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі таңда оқушылардың шығармашылық білімін қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың жан-жақты танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті мектептерге қойылатын талаптардың бірі болып отыр. Әлемдік ғылымда табиғатқа, қоғамға және адам ойының дамуына ғылыми көзқарас бірнеше ондаған ғылымдардың өзара байланысы шеңберінде білімдер жиынтығы негізінде қалыптасады. Ал, шынайы ғылыми жүйеден туындаған білім барлық өмірлік, қоғамдық құбылыстарды дұрыс танып білуге мүмкіндік беретін әртүрлі пәндердің қосындысынан құралады. Сондықтан оқу жоспарындағы барлық пәндер осы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған жағдайда ғана оқыту үдерісі тиімді деңгейге көтеріле алады.

Проблеманың философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектісін


анықтау арқылы жалпы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесін зерттеу қазіргі дидактиканың маңызды бағыты болып саналады. Қазіргі таңда білім ошақтарында білім, қабілет, дағдыларды меңгертіп қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.

Арнайы әдебиеттерде «шығармашылық» ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген. Мысалы, С.И.Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық - жаңа материалдық және мәдени құндылықтардың өмірге келуі» деген анықтама беріледі. Ал, энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық – адамның іс-әрекетіндегі өз бетінше жұмыс жасау мен белсенділіктің ең жоғары формасы. Бұл қандай да бір нәрсені өзгерту, жетілдіру, жаңасын ойлап табу, түпнұсқасын шығаруға деген қажеттілік» делінген. С.Л.Рубинштейн «...шығармашылық деп нәтижесінде жаңа түпнұсқалық және әлеуметтік құнды өнім дайындалатын іс-әрекет аталады», - дейді. Б.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, ол өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәлендіретін, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

А.Н.Лук «... адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру, ең алдымен, шығармашылық ойлауға байланысты» деген пікір білдіреді. Ол шығармашылық қабілеттің белгілері ретінде ақпаратты код арқылы жіберу, тасымалдай білу, ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі, әрекетті бағалауды атап көрсетеді. Ол шығармашылық қабілетті мотивациямен байланысты қабілеттер, эмоциялық қабілеттер және ақыл-ой қабілеттері деп үш топқа бөліп қарастырады.

Ю.Г.Юдин оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі белгілері мен оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттерін мына түрде қарастырады:

- оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі;

- оқушының шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы;

-сыныптағы ерекше эмоциялық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы;

-оқушының жаңа бір нәрсені ашуы.

Сонымен, осылайша ғалымдардың берген түсініктерін талдап негіздей отырып, біз шығармашылықтың мәніне мынадай анықтама береміз: шығармашылық – бұл жеке тұлғаның қойылған міндеттерді шешуде немесе бір нәрсені жетілдіруде белсенділік пен дербестік таныта отырып, өмірде болмаған тың жаңалықтарды туындататын мақсатты іс-әрекеті.

Бастауыш мектепте оқытудың басты еркшелігі оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оларды қоршаған ортаның әсемдігін өнер түрлері арқылы түсіне білуге тәрбиелеу.

Жалпы білім беретін мектептің және бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісі шығармашылық негізде ұйымдастырылуы, оның бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету т.б. мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің дамуы деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару үдерісіне тікелей ықпал жасайды.

Бейнелеу өнері шығармаларын жоғары дәрежеде қабылдау үшін бала бейнелеу өнер тілін меңгерген жөн. Өнерді қабылдау баланың арнайы сурет салуды үйренуді қажет етеді. Бұл жағдайда оқушының көркем бейнелеудің алғашқы міндеті ретінде шынайлықты қабылдау қабілеттілігін дамытады..

Қабілет деп адамның белгілі бір іс - әрекетті бір шама жеңіл атқаратын және жоғары сапаны қамтамасыз ететін жеке ерекшеліктерін түсінеміз. Қабілет туа біткен қасиет емес, ол даму үдерісінде ғана өмір сүреді және нақты іс -әрекетсіз дами алмайды. Кез - келген іс - әрекетке деген қабілет әр адам бойында бар, бірақ та туа біткен нышандарға байланысты олардың даму дәрежесі барлық адамдарда әртүрлі. Дамудың ең жоғары баспалдағына дарынды, талантты, алуан түрлі нышандар бойында қолайлы үйлескен адамдар жете алады.

Бейнелеу іс-әрекетіне деген қабілеттілік арнаулы қабілет қатарына жатады. Әрбір қабілет жетекші, негізгі және құрастырушы фонға бөлінетін жан-дүниенің ерекшеліктеріне тәуелді күрделі құрылымға ие.

Бейнелеу іс-әрекетіде қабілеттің жетекші қасиеттері қиялдау болып табылады, киялсыз ойдың өз көрінісін табуы мүмкін емес.

Бейнелеу қабілетінің құрылымында оның негізгі қасиеттері қабылдауды қамтамасыз ететін жоғарғы табиғи көру сезімталдығы; дағдыларды шапшаң және жақсы меңгеруге көмектесетін қолдың ерекше іскерлігі болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнін оқытудың басты мақсаттары оқушыны өнерге баулу негізінде қоршаған ортаға деген жағымды эстетикалық қатынас пен өмірдегі әртүрлі құбылыстардың өзіндік құндылығын адам, табиғат, көркем шығармаларды түсінуге тәрбиелеу. Бастауыш мектеп оқушыларының қазақ халқының өнерін, мәдениетін сүйетін, басқа халықтар мәдениетін құрметтейтін рухани жан дүниесі бай, дамыған адам тәрбиелеу.

Бастауыш мектепте оқу мен шығармашылық органикалық бірлік ретінде сипатталады. Оқу міндеттері шығармашылық міндеттен бөлінбейді және уақыт бойынша оларды қайталамайды. Оқушының көркем бейнені жасауы мен қабылдауы мақсат болып табылады да, алынған білім, іскерлік, дағдылар оған жетуге қажетті құрал болып қызмет етеді .

Бейнелеу өнері пәнін оқыту кешенді түрде жүргізіледі. Бейнелеу өнері пәнінің міндеті бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері жайлы тұтас ұғым қалыптастыру үрдісімен, олардың өмірмен байланысты, бейнелеу өнерінің әлеуметтік орны, оның басқа өнер түрлерімен музыка, театр, кино және т. б.байланысы арқылы сипатталады. Оқушылардың отандық, шетел бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары, олардың шығармашылық жолы жайлы ұғымдары мен білімдері жүйеленеді.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың бояулар қатынасы, форма, көлем, фактураны көрсететін эмоционалды-мәнерлеу мүмкіндіктерінің ой-тұжырымын іске асыру үшін пайдалану қабілеттерін қамтиды. Оқушылар көркемдік материалдармен танысады, бейнелеу яғни шығармашылық іс-әрекеттерінің алғашқы дағдыларын алады, бейнелеу сауаттылығының элементтерін меңгереді, бейнелеу өнерінің негізгі түрлерімен бұл жерде Сәндік-қолданбалы өнерінің маңыздылығымен танысады.

Бастауыш мектеп деңгейінде оқушылар бейнелеу өнері түрлерін меңгеріп, бейнелеу және қолданбалы әрекеттер технологиясында, натюрморт, портрет табиғат жанрларының дәстүрлі түрінде жұмыс жасап үйренеді. Кеңістіктікте бейне беру, заттың көлемін перспектива, жарық көлеңке және т.б. таза техникалық әдіс ретінде емес, белгілі бір көркем мазмұнды көрсету құралы ретінде бере білу амалдарын меңгереді.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетінің қалыптасуына байланысты графикалық дизайн жасау техникасының негізгі түсініктері мен анықтамалары беріледі. Әртүрлі өнер түрлерінің көркем эстетикалық мәнін ашуы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі өнер шығармалары бейнелеу өнері түрлерімен танысу қамтылған. Тіршіліктің мәңгі бітпес сұрақтарының мәні ашылады. Өнер тану мен өмір тану атты еркін тақырыптарға дискуссия ұйымдастырылып оқушылардың шығармашылық қабілетіне түрткі болды.

Өнертанудың маңызды ұғымдарымен танысады, көркем стиль мен бағыттарды ажыратуға үйренеді. Қазақ халқының және өзге халықтардың өнерімен танысудың ауқымы кеңірек ашыла түседі.

Зерттелетін мәселенің теориялық тұрғыдан дайындалуы және тәжірибелік зерттелуі бізге бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың теориялық моделін дайындауға және оның құрылымын, мазмұнын, қалыптасу деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді. Біз дайындаған құрылымдық мазмұны келесі өлшемдер мен көрсеткіштерді қамтиды (1-кесте).

Осы құрылымдық сапаның бастауыш сынып оқушыларында қалыптасу деңгейлерін анықтау сауалнама, тестілеу, әңгімелесу, шығармашылық тапсырмалар сияқты зерттеу әдістеренің кешенін пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары жайлы олардың өмірімен байланысы, бейнелеу өнерінің әлеуметтік орны, оның басқа өнер түрлерімен байланысы жайлы тұтас ұғым қалыптастыру процесімен сипатталады; оқушылардың отандық, шетел бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары,

олардың шығармашылық жолы жайлы ұғымдары мен білімдері жүйеленеді. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінің барлық түрлері бойынша қарапайым түсініктерді қалыптастыру ретінде көрсетіліп, оқушылардың елестету мен қабылдауы олардың мүсіндеу, Сәндік-қолданбалы өнерде бейнелеу әрекеттерін жетілдіруге есептелген. Төртінші сыныпта елестету арқылы сурет салудан шындықты бейнелеуге, оған деген өзінің қатынасын көрсету ұсынылады .

Бастауыш мектепте форма, көлем, сызықтық, ауа перспективасын бейнелеуде алған білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға есептелген. Пластикалық шешімдегі форманы табу мен бояудың әсемдігі, қаламмен әртүрлі фактурадағы торкөз, шыны , керамика , гипс және т.б. материалдарды қолдана білу іскерліклігіне зор мән беріледі .

1 кесте - Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың құрылымдық мазмұны





Компоненттер

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық

Бейнелеу өнерінен шағарма-шылық іс-әрекетке ынтасының болуы

- бейнелеу өнеріне қызығуының болуы;

  • көркем бейнелі шығармашылықтың ерекшелігін тануға ұмтылысы;

- бейнелеу өнеріне шығармашы-лықпен шұғылдануға ынтасы.

Мазмұндық



Шығармашылық қабілетті тұрғысындағы сауаттылығы

-бейнелеу өнері туралы білімі;

- шығармашылық қабілетін қалып-тастырудың мәнін түсінуі;



-бейнелеу өнернен білім мен эстетикалық талғамның болуы;






Іс-әрекеттік

Шығармашылық іс-әрекеттегі іскерлігі мен дағдысы

шығармашылық қабілетін іс жүзіне асра алуы;

бейнелеу өнері дағдыларын меңгеру және іскерлігін дамытуы;

шығармашылық іс-әрекеті

Кескіндеме сабағында акварель, гуашь бояуымен жұмыс жасау іскерліктілігі мен дағдысын қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Тақырыптық және шығармашылық натюрморт, табиғат, портреттік жұмыстарды бейнелеуде пайдалану мен түстану негіздерімен танысу. Композиция заңдылықтары мен суретші шығармасының негізінде танысу, бұл заңдылықтарды оқушылардың шығармашылық композициясында қолдану. Бейнелеу өнерінің әртүрлі техникасымен танысу. Оқушылардың ой-өрісі мен көркем бақылауын жетілдіру қарастырылады.

Сәндік-қолданбалы өнер бағдарламасы бойынша шығармашылық әрекеттерінің бірнеше түрі кіреді: мүсіндеу, көркем безендіру, тоқыма, әшекейлеу, матамен жұмыс, ағаш, тері, металл және т.б. жұмыстар. Шығармашылық жұмыста қолданылатын материалдардың әртүрлілігіне қарамай cәндік композиция құрылымы, өрнекті форманы өзгерту немесе орнын алмастыру әдістері, үйлесімділік құрып дұрыс бағдар ала білудегі заңдылықтарды нақты білу оларды біріктіреді.

Оқушыларға бейнелеу өнеріндегі мотив, стиль, форма, пропорция, гармония, ырғақ жайлы ұғымдар беріледі. Оқушылар cәндік өнердің мотивтерін пластикалық ерекшеліктерін берудегі бейнелеу әдістерімен танысады, күрделі түстік үйлесімділік құруда, фактураны ұқсастырып құрастыруға үйренеді.

Бастауыш мектептің бағдарламасы бойынша сабақ интеграциялы-кешенді түрде төмендегідей тақырыптарды қамтиды: бояу түстерінің жүйесі мен түстік палитарының негізгі ұғымдармен танысу; графикалық файлдар форматымен таныс болу; графикалық бейнелерді редакциялау тәсілдері; графикалық элементтермен құжаттарды көркем безендіру және оларды баспа жүйесінде полиграфия пайдалан; графикалық ақпараттарды енгізу мен шығару әдістері көркем мәдениет мазмұны сұлулық пен тіршіліктің мәні, табиғат және т.б. тіршілік құндылықтары жайлы ұғымдарды барлық өнер түрлерінің құралдарына айналдыратын әлемнің тұтас көркем моделі ретінде қабылдау; адам санасының қалыптасуы мен тұға дамуының кезеңдерін түсіну.

Бастауыш білім беретін қосымша бағдарлама топпен немесе жеке жүргізілетін факультативтік және арнайы курстарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Оны мектеп дайындайды және білім беретін жергілікті атқару ұйымдары бекітеді. Бейнелеу өнері сабақтары оқушының сезімдік, әсерлі – тұтастық, эстетикалық қабылдау қабілеттерін дамытады. Көркем бейнелі ойлауы мен көркем – шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Бейнелеу өнері пәні арқылы композиция құрудан шындықты бейнелеу сәттерін жан дүниесімен сезіну қабілеттерін қалыптастырады. Бастауыш мектепте баланың кескіндеме, композиция, cәндік-қолданбалы өнер және мүсіндеу секілді әртүрлі техниканы меңгеру жұмыстары ойластырылады.

Оқушының көркем бейнені қабылдауы мен жасауы білім, іскерлік, дағдыларды меңгеру ғана емес оған жетудің қажетті құралы ретінде басты мақсат болып саналады. Бейнені кеңістікте орналастыруды ескере отырып қарапайым геометриялық дене құрудан бастап тақырыптар мен оқу міндеттерін кезең бойынша күрделендіру. Конструктивті құрылған және реңі жағынан күрделі тақырыптық натюрмортты бере білу әрі кеңістікте орналастыру.

Сәндік-қолданбалы өнері түрлерінің, қарапайым орындау техникасын меңгеру, стилизация кезеңдері, өрнектік композиция жасай білу. Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнерінің шығармашылық жұмыстарында ескеретіні композицияның негізгі заңдылықтары, түстануды, перспективаның ашық ауадағы, сызықтық негізгі заңдылықтарын, графика, кескіндеме, мүсіндеу, cәндік–қолданбалы өнер материалдарын пайдалана білу. Оқушылар қағаз бетіне композицияны сауатты құру және көрсетуді, әртүрлі орындау техникасын пайдалана отырып өз композициясының ой – түйінін көрсету. Графика түрлерін білуі әртүрлі материалдардағы суреттің мәнерлеу құралдары, графика өнері шығармаларының бейнелі сипаттамасын табу, салыстыру жасау әдістерін меңгеру. Тақырыптық натюрморт салуды кезең бойынша орындау заттардың көлемін көрсету, сурет салуда әртүрлі графикалық материалдарды пайдалануды, адам денесін тепе – теңдікті сақтай отырып эскиз жасау жұмыстарын орындауды, композиция заңдылықтарын сақтай отырып табиғатты бейнелеудің шығармашылық жолдарын бірізділікпен орындауды үйрену.

Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту барысында үнемі білім, іскерлік және дағдының тұтас жүйесінің дұрыс қалыптасуына ықпал жасайды, әр түрлі пәндерден алған білімін шығармашылық жұмыстарында орынды қолдана білуге әсер етеді, яғни:

- оқу пәндері арасындағы өзара байланыстың дамуы;

- ғылыми дүниетанымның қалыптасуы;

- білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын кеңейту;

- жан-жақты көркемдік білім беру жүйесінің барлық салаларын кешенді жүзеге асыру т.б..

Шығармашылық ізденіс оқушының өзін -өзі тануға ұмтылу, ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену. Ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты баланы бастауыш сыныптан бастап, шығармашылық жұмыстарына қызығушылығын тәрбиелеу. Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды, жиектеме мен түсті дақтардың ерекше бай әлемін кездестіруге болады. Сонымен қатар таңдаған тақырыптарының мазмұнын тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешелігі және оны қағаз бетіне бейнелеу тәсілі де адамды қуантпай, таң қалдырмай қоймайды.

Бейнелеу әрекеті жас суретшінің көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет етеді. Бала қолына қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін және өзгелерді толғандыратын оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге ұмтылады. Бейнелеу әрекетінің нәтижелері баланың сурет салу шығармашылығының мәселелерімен айналысатын зерттеушілердің қызығушылығын осы кезге дейін толғандырып келді және әлі де толғандыру үстінде. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасауда теориялық талдау қорытындылары мен өзіндік бақылауларды пайдалана отырып, оқушының білім, іскерлік пен дағдыларын арттыратын бейнелеу әрекетіндегі, яғни сурет салудағы әдіс-тәсілдерді ұсынуды жөн көрдік.

Бірінші сыныпқа келген оқушылардың бейнелеу әрекетіндегі ,тілік пен дағдылар деңгейінің арасында алшақтықтың өскені байқалады. Алғашқы жұмыстарда-ақ сурет салумен жүйелі түрде айналысытын оқушының биік деңгейі мен енді ғана сурет салуды бастаған оқушы арасындағы әлсіз дамыған деңгейді айқындау қиынға соқпайды.

Сол себепті, оқушылардың әртүрлі даму деңгейлерін бірдей ұстау, яғни сурет салу деңгейі төмен оқушының қарапайым көркемдік қабілеттерін дамытумен көркемдік әрекет деңгейі биік оқушының қабілеттілігін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасайтын мұғалім үшін қиынға соғатыны мәлім.

Бұл міндетті жүзеге асыру үшін, сынып оқушыларын бірнеше топтарға бөлу арқылы, яғни жақсы сурет салатын оқушымен бейнелеу дағдысы нашар дамыған оқушылармен біріктіре отырып өткізу тиімді болмақ.

Себебі, жақсы сурет салатын оқушы дайындығы нашар оқушыға оның жанында немесе алдында отырып, сурет салудың қарапайым орындаушылық амалдарын еріксіз көрсетеді. Бұл жерде сурет салмас бұрын салынатын суреттің ой-түйінін құрылымдарының шешімін айтып талқылаған жөн, сонда дайындығы нашар оқушы жақсы сурет салатын оқушының суретіне қарап көшірсе де өзінің жеке ой-түйінін сақтап қала алады. Ал суретті жақсы салатын оқушыға көркем бейнені айқындау, анығырақ етіп көрсетуге мүмкіндік беретін бір емес, бірнеше амалдарды қолданумен байланысты күрделенген тапсырмалар беру қарастырылады. Оқушылармен жұмыс жасағанда мұғалімнің де әрбір балаға жеке айтып жатпай-ақ уақытты үнемдеуге мүмкіндігі артады.

Осындай іс жүзіндегі жұмыстар кезінде сыныпта сурет салу барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолы болып табылатын бір-бірімен сөйлесіп, ой бөлісіп қарым-қатынас жасауы да пайдалы.

Сол себепті өзімен парталас достарының дер кезінде айтқан кеңесі бейнелеудің кейбір өзіне тән бөлшектермен толықтырылып, байытылып отыруына септігін тигізеді. Оның себебі сынып оқушыларының назарын бейнелерді дұрыс салуға деген қызығушылығын арттыруға эмоциялық көңіл күйін келтіріп көркемдік шығармашылығын дамытуға өз кезегінде жақсы нәтижелер береді.

Бейнелеу іс-әрекетін қамтамасыз ететін және осы іс-әрекеттер құрайтын қасиеттер белгілі бір көңіл - күй болып табылады.

Бейнелеу іс-әрекетіне қабілеттілік әр адам бойында дамыған болуы мүмкін. Бірақ осы іс-әрекетке туа біткен жақсы нышандары бар адам өнер саласында шығармашылық пен жұмыс істей алатындай дәрежеге дейін қабілетін дамыта алады. Бұл кезде қолайлы нышандары неғұрлым аз адамдар қабілетін заттарды сауатты бейнелей алатындай дәрежеге дейін ғана дамыта алады.

Қазіргі уақытта балаға біліммен қатар, өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау. Мақсат баланың барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, табуға үйренуі, кез келген жағдайда шығармашылық іс-әрекет жасай алатын болу керек. Әрбір педагогикалық технологияны жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.



Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың басты мақсаттарының бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру. Осы мақсатта қазіргі таңда білім беру мен қатар баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, заманауи соңғы техника мен технологияларды психологиялық -педагогикалық тұрғыда оқыту үдерісіне пайдалану және осы орайда бейнелеу өнерін оқытуда соңғы әдістемелерді пайдалану мәселелері тұрады. Демек, бастауыш мектепте жаңаша оқыту түрлі педагогикалық технологияларды пайдалану оқушының өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеп, білім алу дағдысын қалыптастырудың жүйелік сипатын білдіреді (1 - сурет).



Сурет 1 - Оқушыларды шығармашылыққа баулу арқылы оқытудың жүйелілік сипаты

Мұғалім, оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру барысында мазмұнды тапсырмалар беріп, сабақтың түрін құралдарын жаңа мақсатқа сай өзгертеді. Бала ең алдымен өз түйсігі бойынша кескін -келбетті есіне түсіру арқылы сурет салуды үйренеді, мұнда қиялға жүгіну міндет емес. Бүкіл танымдық процестер баланың бейнелеу әрекетінен көрініс табады да, бейне арқылы одан әрі көркемдік шешімге ие болады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда мына дағдылар қарастырылады:

- дұрыс орналастыру әрекеттері ;

- формалар байланысын дұрыс таба білу;


  • композициялық шешімдер жасай білу;

  • бояулар үйлесімділігін меңгеру;

  • бейнелеу шеберлігі мен дағдыларын меңгеру т.б.

Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда мына жаттығудың түрлері қолданылады:

  • қоршаған ортаның сұлулығын көре білу;

  • белгілі тақырып бойынша табиғат көріністерін бейнелеу;

  • оқыған ертегі, әңгіме, көрген көркем кинофильм, спектакль жайлы суреттер салу;

- ертегілерге ойынан сюжеттер қосу және т.б.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда мынадай міндеттер іске асырылуы қажет:

- шығармашылық әрекеттерінің жүйесін қалыптастыру;

- көркемдік білім мен іскерлікті дамыту;

- оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыстарын жасау;

- оқушылардың өзін-өзі танып білуін еңбек сүйгіштікті, адамгершілік пен шынайлықты, жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру;

- көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру.

Бейнелеу өнері сабағы барысында оқушылармен бірлесе отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Олардың жас ерекшелігін ескере отырып, оларға бейнелеу өнері сабақтарының негізгі құралдарымен таныстырып, бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдерін меңгертуді, машықтары мен шығармашылық дағдыларын қалыптастыруды, сонымен бірге суретте, мүсінде, сәндік жұмыстарда көркемдік бейне жасаудың көп қырлы мүмкіндіктерін ашып көрсету арқылы жүзеге асырылды. Бағдарламаға сай әр бөлімге тән оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру ұсынылды (2,3,4,5 кестелер):

Бейнелеу өнері сабағында оқушының жас ерекшелігіне қарай шығармашылық тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар жүйесінің басты әрі негізгі тәрбиелік бағыты балалардың рухани дамуына, шығармашьшық ізденіске, тарихи көркемдік құндылықтарды таныстыра отырып, оларды, адамды қоршаған ортаны (тұрмыстық бұйымдар, еңбек құралдары, киімі, тұрғын үйлері, т.б.) көркемдік мәнде қабылдау арқылы танып білуге баулу.
Кесте 2 – Кескіндемелік суреттер салу сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.


Сабақ түрлері

Сабақ мақсаты

Шығармашылық іс-әрекеті

Нұсқаға қарап сурет салу. Натюрморт

Бояу түстері, рең беруге үйрету

Реалистік кескіндеме саласындағы көркем-практикалық әрекеттерді меңгеру

Пейзаж

Кеңістік, бояулар үйлесімділігін табуға үйрету

Кеңістік, перспектива, бояулар қатынасын меңгеру

Тақырыптық сурет салу


Тақырыптық композицияларды орындауда түрлі бейнелеу технология-сына үйрету

Тақырыптық композицияларды орындауда түрлі технологияны меңгеру

Кескіндеме өнері туындыларын қабылдау

Кескіндеме жанрларын сараптай білуге үйрету

Кескіндеме өнерінің көркемдік ерекшелігін меңгеру

Кесте 3 – Графикалық суреттер салу сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.




Сабақ түрлері

Сабақ мақсаты

Шығармашылық іс-әрекеті

Нұсқаға қарап сурет салу


Графикалық суреттерді орналастыру, құрастыру, көлем шығару, жарық-көлеңке көрсету

Реалистік кескіндеме саласындағы көркем-практикалық әрекеттерді меңгеруі

Тақырыпқа сурет салу

Образдар, формаларды ойша бейнелеу,үйрету

Тақырып бойынша образдар мен композиция құруға үйрету

Графикалық көркем-мәнерлеу

Эскиздер, сызбалар

Жасауға үйрету



Графикалық сауаттылық теориясы бойынша білімді меңгеру

Графика өнері жөнінде әңгіме

Графикалық өнерінің жанрларымен ерекшелігін түсіндіру

Графикалық туындылармен обьектілерді эмоциялық – эстетикалық қабылдау

Кесте 4 – Сәндік қол өнер бағыты бойынша бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.




Сабақ түрлері

Сабақ мақсаты

Шығармашылық іс-әрекеті

Сәндік-қолданбалы өнері туындыларын қабылдау

Ұлттық қол өнер шеберлері туындыларының ерекшеліктерімен танысу

Дәстүрлі халық өнері негіздерімен оның бай мұралары мен құндылығын сәндік безендірулер мен ерекшелігін меңгеру

Ою-өрнектер салу



Ою-өрнектер түрлерімен танысу

Өрнекті композицияны көркемдеуші материалдар арқылы орындау техникасын меңгеру.

Сәндік суреттер салу


Сәндік натюрморт, интерьер бейнелеуге үйрету дизайнерлік эскиздер жасау

Сәндік натюрморт, интерь-ердің композициялық шешімін табуды меңгеру

Кесте 5 – Мүсіндеу және сәулет өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.




Сабақ түрлері

Сабақ мақсаты

Шығармашылық іс-әрекеті

Мүсін өнері туындыларын қабылдау

Мүсін өнерінің ерекшелігімен таныстыру

Мүсін өнерінің технологиялық ерекшелігін меңгеру.

Мүсіндеу

Формалар, көлем шығару

Түрлі материалдарды формаға келтіру

Пластикалық

құрылым


Пластикалық мүсіндер.

Мүсіндерді жасаудың тәсілдерін үйрету



Пластикалық моделдеу

жұмыстарын меңгеру.



Сәулет өнері

Сәулет өнерінің ескерткіштерімен және олардың конструкциясымен таныстыру

Сәулет өнерінің ескерткіштерімен және олардың конструкция-сын зерделеу, компози-циялық шешімін табу.

Бұл бағытты жүзеге асыру үшін, балалардың көркем құрастыру, жапсыру, әшекейлеу, ою-өрнек сипатын және ортаны ұйымдастыру мәселелерін үйрену іс-әрекеттерінің үлгілері берілген. Бейнелеу өнерінің қыры мен сырын, жасалу заңдылықтарын, бейнелі шығармаларда туған өлкенің табиғат сұлулығының, халқының өткені мен бүгінгі өмір құбылыстарының әсем бейнеленеу сипатын сапалы игеруге, олардың рухани дамуына, шығармашылық ізденіске, тарихи көркемдік құндылықтарды танып білуге талпынуына ықпал жасайтын білім көздерін, тәлімдік құралдарын, сындарлы тәсілдерін тиімды пайдалану керек. Түрлі шығармашылық іс-әрекеттердің мазмұны балалардың өмір шындығының құбылыстарына көзқарасын, адамгершілік, тәрбиесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Шығармашылық жұмыстарыдың мақсаты жазықтықта бейнелеу, мүсіндеу, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы іс-әрекеттер, барлық сыныптараға тән: композиция; бояулар мен түстер (жарық пен көлеңке); заттар пішіні, пропорциясы (үйлесімі), құрылысы; кеңістік пен көлем туралы ұғым сияқты оқу мәселесінің негізінде жүргізуге құрылған.

Шығармашылық тапсырмалар негізінде оқушылардың білімділік, іскерлік, дағдыларын шыңдау эксперимент нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жүйесі анықталды.

Өңделген материалдардың нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығын көрсетті. Мектеп құжаттарын талдау, педагогикалық іс-әрекетті зерделеу, пән мұғалімдерімен әңгімелесу олардың бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін өнер пәні сабақтарында қалыптастыру бойынша білім, қабілет, дағдыларды меңгеруі төмен дәрежеде екендігін айғақтады. Осыған байланысты бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың қажеттілігі арнайы әдістеменің қажеттілігін айқындады.

Қалыптастырушы эксперимент барысында біз мынадай мақсатты көздедік -бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың әдістемесін іс- жүзіне асыру және сынақтан өткізу. Бұл мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешумен тығыз байланысты болды:

-оқушылардың тәжірибеге дейінге шығармашылық қабілетінің қалыптасу деңгейін анықтаудағы мазмұнын белгілеу:



  • тәжірибе жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;

- бастауыш мектеп мұғалімінің педагогикалық іс-әрекеттерін қарастыру;

  • бастауыш сынып оқушыларына көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру;

  • оқушылардың шығармашылық жұмыстарының мазмұнын анықтау;

- бейнелеу өнері сабақтарының педагогикалық, психологиялық және әдістемелік мүмкіндіктері мен бағыттарын анықтау;

- бейнелеу өнері сабақтарында инновациялық оқытуды кеңінен пайдалану.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының №№ 1,2,5,6 және Шымкент қаласының №№ 50,47,33 орта мектептерінің 1-4 сыныптар аралығындағы оқушыларын қамтыды. Тәжірибелік –эксперименттік жұмыс өзара байланысты екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Тәжірибе жұмысының алғашқы бағытында cәндік суреттер салуға үлкен мән берілді. Cәндік суреттер салу сабағында оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әр сынып ерекшелігін, жас ерекшелігін, ескеру, оқушылардың білімі мен шығармашылық іс-әрекеттік деңгейін анықтау бойынша жүргізілді.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мазмұнын анықтау мәселелері бойынша қатар мынадай дайындық жұмыстары орындалды:



1. Тәжірибе сынып топтарында оқушылар саны (337) белгіленді: әрбір сынып бойынша 25 оқушы; топтық пәндер бойынша 12-15 оқушы.

2. Бейнелеу өнері сабағының түрлері белгіленді: нұсқаға қарап сурет салу, сіндік сурет, тақырыпқа сірет салу, өнер жөніндегі әңгіме

3. Бейнелеу өнері түрлері бойынша тәжирибе жұмыстары сандары бекітілді,олар: «Графика», «Мүсін», «Кескіндеме», «Сәндік-қолданбалы -өнер», «Сәндік-қол өнер», «Сәулет өнер» т.б.

  1. Бастауыш мектеп кітапханасының қорын бейнелеу өнеріне арналған көркемдік, эстетикалық бағыттағы оқу және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен толықтыру.

6. Бастауыш мектеп бағдарламасының негізгі мазмұны мен мақсатын, елімізде жүргізіліп жатқан, қоғам өмірін жаңаша қайта құрудың талаптарына
сәйкестендіру.

7. Тәжірибенің нысанасын, мақсаты мен міндеттерін, атқаратын іс-
әрекеттердің аумағын педагогикалық принциптерге сүйене отырып тандау, оқу-тәрбие жұмыстарының біртұтас үйлесімді жүйесін жасау.

8. Бейнелеу өнері пәннің мазмұндық сипатын оқушының шығармашылық ой-өрісіне ықпал ету мәселесінің тиянақты ойластырып жоспарлануы және бастауыш мектеп мұғалімдерінің ғылыми-педагогикалық ізденістер жасауы, тәжірибе жұмыстарының нәтижелері сапалы болуының алғы шарттарын тұжырымдау. Эксперимент барысында зерттеу нәтижелерін талдап, қорытындылау оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырумен бірге, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

Эксперимент тобындағы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, белсенділігі артатындығын анықтауға мүмкіндік болды.

Зерттеу барысында бейнелеу өнері негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру компоненттері жүйелі жұмыс нәтижесінде жүзеге асты.

Осы орайда, оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістемеміз төмендегідей оқу үдерісін қамтыды (6-кесте):

Зерттеу бойынша бақылау тобына қарағанда экспериментті топтағы оқушылардың шығармашылық қабілетінің қалыптасу деңгейінің артуын кестелерден байқаймыз.

Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру барысында бейнелеу өнерін оқыту тұрғысында әр сабақ түріне терең назар аудару орынды болып табылды. Бейнелеу өнері пәнінде өтілетін сабақтың негізгі құрылымдары шығармашылықтың негізі болып табылды.

Сабақтың құрылымдық элементтері әр түрлі әдістемелік жүйе бойынша іске асырылды. Сабақтың құрылымдық элементтері шығармашылық жұмыс жасау мақсатына, материалдардың өтілу тәртібіне, өзіндік белгілерінің санына, оқушының шығармашылыққа дайындық дәрежесіне қарай ауысып отырды.



Кесте 6 - Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетінің қалыптасу деңгейі


Оқу материалы

Параметрлер

Бақылау топтағы

көрсеткіш



Экспериментті топтағы

көрсеткіш



Кескіндеме

Білімділік

Дағдылық


Ой-өріс

Қабілеттілік



7.2

6,5


5,8

5,5


9.5

9,7


9,8

9,9


Графика

Білімділік Дағдылық

Ой өріс Қабілеттілік



4,5

6,8


5,2

5,8


9.3

9,5


9,8

9,7


Сәндік қол өнер

Білімділік

Дағдылық


Ой-өріс

Қабілеттілік



4.5

5,2


6,1

5,5


9.5

9,5


9,7

9,8


Мүсін

Білімділік

Дағдылық


Ой-өріс

Қабілеттілік



4,3

5,6


6,3

5,4


9,6

9,7


9,8

9,5


Каталог: sites -> default -> files -> files
files -> Рабочая программа к ооп от № дисциплины б 01 Философия для направления 031300. 62 Журналистика
files -> Н. Назарбаев Абылай/Құраст. С.Қарамендин. – Алматы: Дария – Пресс, 1993. – 145 бет
files -> Тип мероприятия : классный час Время: 45 минут Модуль : III. Формирование навыка использования знаний в повседневной жизни. Тема классного часа : «Под шапкой Гугуцэ»
files -> Программа на пароме (игровые комнаты для детей, дискотека, караоке, танцы, варьете и т д.) Ночлег на пароме. 3 День 22. 12. 14
files -> В гости к Санта-Клаусу и Снежной Королеве!
files -> «Дидахмет Әшімханұлы және қазіргі әдебиеттану ғылымы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясының Қарары
files -> Ереже модульдік білім беру бағдарламаларының жасалымы туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет