Курс: 3 Мамандық: 5В050300 «Психология» Кредит саны


-тақырып. Коммуникативті тренингті топ критерииінің классификациясы



бет5/7
Дата25.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#7674
1   2   3   4   5   6   7

4-тақырып. Коммуникативті тренингті топ критерииінің классификациясы

Жоспары:

Қазіргі кездегі психокоррекциялық және психотерапиялық топтағы классификациялар

Психоаналитикалық және экзистенциалды-гуманистік келістер.

К.Рудестам және Ж.Годфурдің критериилері.



Әдебиеттер:

  1. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001

  2. Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.

  3. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995

  4. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003

  5. Вачков И. Основы технологии группового тренинга психотехники. Ось-1989

Коммуникативті дағдылар тренингі психокоррекциялық және психотерапиялық мақсатта көптеген әртүрлілігімен және негіздемелер классификациясы ретінде көрінеді. Олардың классификациясы мақсатқа жетумен анықталады. Қарым-қатынас тренингі континуумның ортасындағы өзін-өзі тануға жағдай жасай білуі, рефлексия деңгейін жоғарылатумен ұштасады.

Мақсатқа байланысты психологиялық тренинг классификациясы
Нақты дағдылар тренингі Қарым-қатынас тренингі Жекедаралық өсу тренингі

Мінез-құлықты эффект Алғашқы ішкіжекетұлғалық өзгерістер


Нәтижеліліктің объективті критерийлері Нәтижеліліктің субъъективті критерийлері
Жекетұлғалық қарым-қатынас құрылымы тренингтің көптеген түрлері мен принциптеріне байланысты болады:

«Мен-мен» жекетұлғалық даму тренингі, қатысушылар өздеріне, өздерінің рефлексиялық қабілеттерін дамыту.

«Мен – басқа адамдар» әртүрлі әлеуметтік дағдылар мен коммуникативті іскерлік қалыптасады.

«Мен - әлеуметті топ» тренинг құрылымды топ, ұжым ретінде әлеуметті-психологиялық бейімделумен көрінеді.

«Мен-кәсібімін» кәсіби өзін-өзі анықтау тренингі. Жұмыс пәні – адамның кәсіби қызметке қарым-қатынас құрылымы, сонымен қатар маман болуға лайық коммуникативті дағдылар.

Тағы бір маңызды критерийлер психологиялық бағыттылыққа жатады.

Психологиялық тренингтің әртүрлілігімен көрінетін Т-топтары кеңінен танымал. Т-топтарының мақсаты – қатысушылардың қарым-қатынасын нығайту, жемісті қарым-қатьынас тудыруға бағытталған психологиялық жаттығулар болып табылады.

И.В.Вачков пен С.Д.Дерябо тренингтің төрт парадигмаларын ұсынды:

1. Тренинг дрессура ретінде.

2. Тренинг репетиторство ретінде

3. Шығармашылық ретінде.

4. Субъективті даму ретінде.

Жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолдануда психоаналитикалық және экзистенциалды-гуманистік тұрғыдан қарау мен К.Рудестам және Ж.Годфурдің критериилері әр түрлері бар. Оларды жүйелеудің бірнеше бағыттары белгілі (П. Бэченен, Дж Рейзел, М.Лакин, М.Либерман, И.Ялом, М.Майлз, Б.Лабин, У.Эдди, К. Хэк, К. Рудестам, В және А.Биндер, Б. Римланд, П.Петерсен). Олар бір-бірінен жүйелеу негізі мен критерийлерінің сәйкес келмеуіне байланысты ерекшеленеді. Біз коммуникативтілікке баулу тренингісінің психологиялық оқыту әдістерін жүйелеуін

1) оқытуды ұйымдастыруға;

2) қолданылатын әдістер мен формалар доминанттығына;

3) топтағы нақты қойылатын міндеттерге байланысты болады деп санаймыз. Осыған орай тренинг-топ (К. Левин), кездесу тобы (К. Роджерс), гештальтоп (Ф.Перлз), топтық психотерапия (Я.Морено), әлеуметтік – психологиялық тренинг (Б.С. Девятко, Л.А.Петровская және т.б.), оқу-жаттықтыру топтары (Ю.Н. Емельянов), белсенді әлеуметтік оқыту (Г.А. Ковалев), видеотренинг (Х.Миккин), тренинг-семинар (Л.М.Митина), белсенді әлеуметтік- психологиялық оқыту (Т.С. Яценко), кәсіби педагогикалық тренинг (В.А.Кан-калик, В.В. Кузнецов, А.А. Леонтьев)және т.б. тренинг түрлері бөлінген. Бұлардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу тәсілдерін, жаңа білім мен дағдыны меңгеру, интуицияны, креативтілікті , ойлауды, қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интенсивті жағдай жасайтыны ғылымда тағайындалған. Сондықтан студенттерді психологиялық дайындау процесінде топтық тренинг түрлерінің кейбірін дербес қолданамыз. Топтағы студенттердің құрылымына, белсенділігіне, ерекшеліктеріне байланысты тренинг түрлерін үйлестіріп қолдану тәжірибесі жинақталды. Мысалы, тренингті болашақ пепедагогтармен ұйымдастыруда оның әдістері педагогикалық тренинг пен видиотренинг формалары арқылы комплексті қолданылады.



5-тақырып. Топтық тренингті жүргізушісінің негізгі ролі

Жоспары:

Топты жүргізушінің негізгі ролі.

Топты басқарудың стилі.

Топтық тренинг жұмыстарын жүргізудің психологиялық ерекшеліктері



Әдебиеттер:

  1. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001

  2. Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.

  3. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995

  4. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003

  5. Вачков И. Основы технологии группового тренинга психотехники. Ось-1989

Психологиялық тренингті өткізуде психолог маңызды роль атқарады, яғни оның теоретикалық бағдары анықталады. Психолог тұлғасы тренингтің табыстылығын анықтайтын маңызды фактор болып табылады.. Дамытушы және сауықтырушы эффект тренингтік топта эмпатиялық ахуал, шынайылық, жылы қарым-қатынас туғызу нәтижесінде пайда болады.

Психолог жұмысының негізгі міндеттері:


  • қарым-қатынас түғызу, оны талдауда дұрыс мінез құлық көрсетуін туғызу;

  • топта өз проблемасы және өзара қабылдау ахуалын, қауіпсіздік, қолдау, қорғау үшін жағдай туғызу;

  • топта белгілі бір норма, қолдау жасау;

Психологтің ықпал ету құралын вербальды және вербальды емес деп бөлуге болады.

Вербальдыға келесі ықпалдық құралдар жатады:



  1. ақпарат жинау

  2. интерпретация

  3. сендіру

  4. ақпарат беру

Тренинг кезінде кейбір қиын жағдайлар тууы мүмкін:

  • топтағы агрессивты жас өспірім.

  • Пассивті жасөспірімдердің топта болуы

  • өз өзіне сенімсіздік

  • шағын жеке топтардың бірігуі.

Вербальдық емес құралдарға мыналар жатады: мимика, жест, интонация, проксемика.

Психологтың тұлғалық сапалары оның психологиялық қызметінде көрінеді;

● оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіре білу және мүмкіндіктерін көре білу, әрі оны нығайтып отыру;

● психологиялық әдістемелерді баланың жас ерекшелігіне сай қолдана біліп, психологиялық көмек көрсете алуы;

● жаңа жағдайларға тез бейімделуіне психологиялық жағдай жасай алуы;

● оқушының ерік-жігерін басқара алуына, ықыласын қолдап отыра білу;

● ата-аналармен, оқушылармен, педагогтармен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың нәтижелілігін көре білуі. Мектеп психологының кәсіби қызметінің этикалық жағы, өзінің кәсібінің

табиғатында, оның әріптестерімен қарым-қатынасындағы ерекшелігінде, кәсіби шеберлігінде, маман ретінде өзін-өзі тануында болғандықтан, психологтың кәсіби этикасын диагностикалауда өзін-өзі танудың механизмдерін негізге алдық.

Өзін-өзі танудың үш негізгі механизмі:


  • Рефлексивті - өзін-өзі бағалалу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі саралау арқылы мәлімет алу жолдары,

  • Бейнелеп көрсету – мәліметті басқалардан кері байланыс арқылы алу,

  • Ғылыми-арнайы диагностикалық әдістемелер арқылы мәлімет алу.

Тренингті топты жүргізуші әртүрлі кәсіби ролге ене отырып, қатысушылармен өзараәрекеттке түседі. И.Ялом тренингті жүргіушісінің екі негізгі позицияны бөліп қарастырады. Біріншісі техникалық эксперт немесе мінез-құлық моделін құрастырушы топ мүшесі. Біріншісінде технологиялық роль, ұйымдастырушылық, құрылымды анализ жасау болса, екіншісінде топ мүшесінің кері байланысы маңызды орын алады.

С.Кратохвил топ жүргізушісінің бірнеше классификациясын көрсетті:

1. белсенді басшы;

2. аналитик;

3. Комментатор;

4. Екінші ролді;

5. Топ мүшесі.

Топтық тренингтің пайда болғанына біршама кезең болғанымен, бүгінгі күнге дейін оны белгілі бір түрлерге бөлуде айқындылық жоқ. Тәсілдердің әрбіреуі салдары, ерекше мақсаттары, құрылымы және композициясы ретінде өзінің өлшемдерін ұйғарады. Топтық кеңес беру мәселелерін талдай келе, Дж. Коттлер және Р. Браун, тек аталуы әр түрлі ғана емес, сондай-ақ, жұмыс тактикасы мен стратегиясы бір-бірінен озық көптеген топтарды мысалға келтіреді. Олар өздерінің еңбектерінде негізгі түрлерді ұсынумен қатар, олардың әрқайсының мазмұндық жағының ерекшелігін көрсетеді. Бұл топтардың әрқайсына берілген қысқаша сипаттамаға тоқталайық:

1. «Кездесулер тобы» ең екі ұшты категорияға жатады. Мұнда әр алуан түрлермен қоса, «адамдық қарым-қатынастар тобы», «потенциалды ашу бойынша топтар», «Т-топтар», «Жеке адамдық өсу топтары» және т.с.с. аталып өтуі мүмкін. Мұндай топтардың ерекше тартымдылығы сенім мен шынайылыққа негізделген қандай да бір оқыту құрылымын құруға ерекше мән бергендігімен байланысты болуына орай назар аудартады. Сонымен қатар, мұндай топтар жеткілікті деңгейде еркін құрылымда болады. Ал жүргізуші бұл жерде, ең алдымен, қатысушы, бірақ сарапшы емес екендігіне де назар аударылады. (20, 229-231 беттер).

2. «Тақырыптық топ». Жоғарыда сипатталған категориядан ерекшелігі мұнда нақты формат, құрылым, жұмыс жоспары бар. Мұндай топтарға қатысушылардың сезімдері мен уайымдарына нысандалмаған дидактикалық, педагогикалық сипаттама тән. Олардың мақсаты, жалпы алғанда, болуы мүмкін мәселелерді алдын алудан тұрады. Мұнда қатысушылардың бойында нақты мәселелерді шешуге қажетті әр түрлі бейімделу дағдылары қалыптастырылады (жұмысқа орналасу, секс, колледжде, жоғары оқу орнында дәріс алу және т.с.с.) (20, 233-234 беттер).

3. «Кеңес беру тобы» бұл - ең алдымен, қатысушылардың жеке тұлға аралық мәселелерін шешуге бағытталған топтық жұмыстардың алуан түрлігі. Онда барлық әрекеттер осы шаққа, жекелік мақсаттарға шоғырланған. Сонымен бірге, топ мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуге ұмтылады (20, 234 бет).

4. «Психотерапевтік топ» ең алдымен мақсаттарымен ерекшеленеді. Өйткені дәрістер психонервоз, нерв жүйесі зақымдану немесе психоз дертіне шалдыққан адамдармен жүргізіледі. Жұмыс сәйкес біліктілікті талап етеді және ұзақ мерзімді және интенсивті ем жүргізуді ұйғарады (18).

5.«Өзіндік көмек және қолдау тобы» өзінің аталуында (өзіндік көмек, қолдау) анық бейнеленген мақсатымен ерекшеленеді. Осыған байланысты оның жүргізушісі маман емес, осындай топтың тәжірибелі мол мүшесі бола алады. Мұндай топтар қандай да бір мәселені, саяси және т.б. қоса отыра, шешуге нысандалған (20 236-238 беттер).

Орыс тілді анықтамалық басылымдардың көбінде тренингтің келесі алуан түрлігі жиі келтіріледі.



    1. Коммуникативтік дағдылар мен икемділіктер тренингі.

    2. Жеке адамның өсу тренингі.

    3. Өзіндік жүйелеу тренингі (мысалы, өзіне деген сенімділік).

    4. Оқытушы тренингтер (оқушылардың нақты категориясына арналған: мекеме қызметшілеріне кәсіби маңызды дағдылар тренингі, келіссөздер жүргізу тренингі) және т.с.с.

Әр түрлі өлшемдердің көмегімен тренинг түрлерінің басқа жіктелуін құруға болады. Нақтыласақ, жоғарыда келтірілген сызбада мақсат өлшемдерін пайдалана отырып, автор тренингтік топтардың келесі алуан түрлігін атап көрсетеді:

  • психологиялық мәселелерді шешу топтары;

  • психологиялық саулылық және өмір сапасы топтары;

  • ӘПТ топтары;

  • өзіндік түсінікті дамыту тренингі топтары;

  • жеке адамдық өсу топтары.

Негізі және оған сәйкес ықпал ету мақсатында жатқан өлшемі бойынша тренингтің басқа да алуан түрлерін атап көрсетуге болады, нақтылар болсақ:

  1. дрессура: мақсаты- жаттықтырушының пікірі бойынша тұжырым қажетті, талап етілген (оқиғамен, өмірмен және т.с.с.) мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру;

  2. шынықтыру: мақсаты- нақты адамға қажетті жеке дағдылар мен икемділіктерді құрастыру;

  3. оқыту: мақсаты – топ қатысушыларына психологиялық мәселелерді шешудің мүмкін болар амалдарымен таныстыру және беру;

  4. жетілу: мақсаты - өзіндік жетілу барысында, өзіндік мүмкіндіктерін ашуға көмек көрсету (12. 18 бет).

Бүгінгі күнгі кәсіби энциклопедиялардың бір қатарында тренингтің келесі алуан түрлілігі тізбектелген: өзін-өзі тану тренингі, сенситивтік тренингі (19); ассертивтілік тренингі, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар тренингі; басшылар тренингі; әлеуметтік дағдылар тренингі (20) және т.б.

6-тақырып. Жаттығулар – коммуникативті дағдылар тренингті өткізу негізі

Жоспары:

Коммуникативті дағдылар тренингі кезіндегі жаттығулардың психологиялық маңыздылығы.

Жаттығуларды жүргізудің негізгі бағыттары

Әдебиеттер:


    1. Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89.

    2. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001

    3. Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.

    4. Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995

    5. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003

Коммуникативті тренингтер немесе коммуникативті қабілет тренинг топтарына мінез-құлықтық және әлеуметтік технологиялық тренингітің топтық нұсқауларын жатқызамыз. Олар қалыптастыру және тұлғаның жалпы коммуникативті дайындығының болуының мақсатымен жүргізіледі, мысалы, өмірдегі қарым-қатынаста қатысушыға бар адамдар ү шін. Берілген тренингтерде қолданылатын әдістемелер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде өзіне екі компонентті кіріктіреді: рөлдік ойынды және топтық дискуссияны.

Психологиялық жаттығулар. Әр түрлі коммуникативті қабілет блогын құрайды, мысалы, қабілет, қарым-қатынаста келісімге отыру негізінде керек, келісімді үзу үшін, белсенді тыңдау, қарым-қатынас және т.б. бойынша әріптесінің құпия қасиеттерін бейнелеу.

Мінез-құлықтық тренингті өткізу әдістемесі топ қатысушыларының жағдайлары рөлдік және топтық дискуссия арқылы ойнау үшін күрделі субъективті құрылым принциптерінде құрылады.

Мысалы, таныммен мінез-құлықтық тренинг әдістемесі.

Топ қатысушылары келесі критерийлерімен сабақ басталуға дейін реттеліп алынады: психокоррекцияның негізгі курсынан эффективті өтуі; Мінез-құлықтық тренингті өткізу үшін көрсету белгілері; топтық мінез-құлықтың тренингке қатысу үшін мотивацияның міндетті сатысы, деңгейі.

Топта 8-10 адамбір уақытта жаттығуға болады. Қатысушылар саны 3-тен 20-ға дейін өзгеріп тұрады. Топтың мінез-құлықтық тренингтің пайда болуы өзіндік мақсатты қалыптастырады және перспектива белгісін құрайды. Сабақ сергітуден басталады, коммуникативті, мінез-құлықтық және эмоцилналды бағытталуда жаттығуларды кіріктіреді. Сабақ мақсатын анықтау үшін топық дискуссия өткізіледі. Қатысушылар ұсынған рөлдік жағдаяттардан бір-екеуі таңдап алынады. Топтық дискуссиядан кейін жаттықтырушы рөлдік жағдаятты ұсынады. Соңында топтық дискуссия өткізіледі, топ мүшелерінің рөлдік жағдаятқа қатысу мақсатын анықтау. Бұл күрделі жағдаят пен дискуссияны қайталауға болады. Сабақты аяқтау сұрағы жаттықтырушымен бірге шешіледі.

Қарастырылған көп тренингтеріне коммуникативті қабілет тренингтері жатады, Олар нақтылы проффесионалды топтар үшін өңделген, мысалы басқарушылар, психолог, мұгалім, менеджер, әлеуметтік жұмысшылар үшін.



Коммуникативті қабілет істей алуды кіріктіреді: өзінің жұбының мінез-құлқын бейнелеу, айтып беру, оның коммуникация сезімін, белсенді тыңдауы т.б.

Мінез-құлықты бейнелеу, айту - өз сезімін анық айта алу. Сыртқы келбеті және жесті әрқашан әріптесінің сезімін анық және дұрыс бейнелейді. Дүрдиген аузы, қайғыру бейнесі және де қорқыныш бейнесі немесе күшті қысымды бейнелеуі мүмкін. Топ қатысушылары өз сезімдерін басқаларға ұғынықты етіп көрсетуі керек.

Тыңдай алу. Кездейсоқ жиналған әңгімелесушілер бір-бірін жиі емес тыңдай алмайды. Тыңдағанша, дұрыс сөйлеген жақсы. «Белсенді тыңдау» деген ұғым бар, өзіне адам таңдайды деген жауапкершілікті алады. «Белсенді тыңдаумен» басқа ұғым – «эмпатиялық тыңдау» байланысты, ол тыңдау қабілетін біріктіреді және басқаға тыңдалған эмоцияны бірге алу. «Эмпатиялық тыңдау» - жай ғана тыңдап, мағынасын дұрыс түсіну



7-тақырып. Жасөспірімдерге арналған коммуникативті тренинг

Жоспары:

Жасөспірімдерге арналған коммуникативті дағдылар тренингі туралы түсінік. Жасөспірімдерге арналған тренинг жүргізудің психологиялық ерекшеліктері

Жасөспірімдерге арналған жұмыстардың негізгі бағыттары

Әдебиеттер:


  1. Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89.

  2. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001

  3. Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.

  4. Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995

  5. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003




  1. Тренингтегі жұмыста қолданылатын нақты жаттығулар, техникалар

мен әдістермен қатар, тренинг әдісінің негізгі базалық әдістері де анықталған. Осындай дәстүрлі базалық әдіске топтық дискуссия мен жағдайлы-ролді ойындар жатады. Сонымен қатар, зерттеуші-теоретиктердің айтуынша, тренингтің базалық әдісіне жекетұлғалық сезімталдық пен психофизикалық бірлікті ретінде өзін қабылдауда көптеген базалық әдістерді де қолдануға болатытын көрсетті. Жасөспірімдерге арналған коммуниктаивті тренингте мына әдістерді қолдана аламыз:

Базалық әдістерге қысқаша тоқталайық: топтық дискуссия – қарым-

қатынастаға белгілі бір күрделі сұрақты талқылауда бірнеше адамдардың өзіндік пікірлерін білдіруі. Тренингтегі топтық дискуссияда мақсат ретінде қатысушылардың мәселені басқаша көзқараспен көре білуі, жаңа мағлұматты қабылдай алуы, т.б. негізгі көрсетілімдер орын алады. Треннигтегі топтық дискуссияны әртүрлі негіздеме ретінде топтастыруға болады. Мәселен: құрылымды, құрылымды емес. Кейде дискуссия офрмалары талқыланатын материал мінездемесіне сүйенеді. Семилет топтық дискуссияны былайша қарастырған.


  • тақырыптық дискуссия;

  • биографиялық дискуссия;

  • интеракционды дискуссия.

Базалық әдістердің біріне ойындық әдістер жатады. Олар: жағдайлы-ролді, дидактикалық, шығармашылық, ұйымдастырушы-әрекетті, имитациялы, іскерлі ойындар. Аталған ойындық әдістер түрлері зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, нәтижелі болып келеді.

Келесі әдістер қатарына әлеуметтік перцепцияны дамытуға бағытталған болып табылады. Топ қатысушылары қабылдау, түсіну және бағалалу дағдыларын үйренеді. В.Райх негізін салған психотерапияның денеге-негізджелген әдісі де өзіндік маңыздылығымен ерекшеленеді. Аталған әдістің өзі үш топқа бөлінеді:



  • дененің құрылымы бойынша жұмыс /Александер техникасы, Фельденкрайздің әдісі/;

  • сезімдік сезіну мен нервті-бұлшықетті релаксация;

  • шығыс әдістері /хахта-йога, тайчи, айкидо/.

Топтық жұмыс процесінде қолданудың тиімділігі мен жағымдылығына қарай медитативті техниканың да алатын орны зор. Бұндағы техникалар көбінесе дене және сезімдік релаксация, психикалық бөгет, стресстік жағдайдан шығуы өзін-өзі реттеудегі аутосуггестиялық дағыдларды дамытуға арналған.

Жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық тренингте ауқымы кең ойындардың ішінде, ең ауқымдысы ретінде – рольдік ойынды қарастыруға болады. «Роль» сөзі орта ғасырлардан бастап қолданыла бастаған.

Рольдік ойындар өз алдында, адам уақытша «қабылдайды» яғни әлеуметтік рольді өзіне сай таңдауымен ерекшеленеді. Әлеуметтік роль және нақты іс - әрекет жасау оны ойнау ұсынылады, ал қатысушылар өздері таңдайды. Көбінесе ойын кезінде бір ойыншы бірнеше рольде ойнайтындар кездеседі. Әр ойыншы сол рольді ойнап шығуға тырысады.

Рольдік ойындарды тренингте қолдану келесі мәселелерді шешуге көмектеседі:



  • Мінез – құлқын қалыптастыруға және жеке тұлға аралық қарым – қатынасты қалыптастыруға; .

  • Нақты жағдайларда модельдерге эфектілі қарым- қатынасқа үйретуге (қарама- қайшылық, ауызша емтихан, танысу және т.б);

  • Модельдердің өзіндік адекватсыз коррекцияларда немесе оның қателіктерін түсінуге;

  • Күйзеліс мәселелерін шешуге, жеңіліп қалған жағдайларға байланысты қиыншылықтарды төзуге көмектесуіне (қатарлас эффектісі);

  • Рольдік ойындардың әр түрлі типтерін бөліп көрсетеді. Бір жағынан, функциялар бойынш классификациялық өтуі-берілгн процестің иллюсрациясы, моделді ұғымда өзін-өзі ұстауын көрсету, жаттығулар жасау, кері байланысты көрсетуі және тб.

Кейде рольдік ойындар мен қатар «операциондық ойындар» айта кетеді. Операциондық ойындардың басқалардан ерекшеленуі, әлеуметтік барысы нақтылы болуы, (мысалы, іскерлік ойындар). Рольдік ойын өзіне симитациялық элемнеттің барысын ь және драмматизацяны қосады. Логикалық жақтан тренингте сенсаматорлы ойынды қосымша ртінде бөліп қарастыруға болады (Ж.Пиаженің терминдік сөздігіне қарасақ), оның негізгі мақсаты жаңа сенсорлы қабілетті алу.

8-тақырып. Мінез-құлықтық тренингті өткізу әдістемесі

Жоспары:

Мінез-құлықтық тренинг туралы түсінік.

Тренингтік сабақтардағы мінез-құлықтық тренингті өткізу әдістемесі.

Мінез-құлық тренингінде қолданылатын психогимнастикалық жаттығулар



Әдебиеттер:

  1. Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89.

  2. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001

  3. Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.

  4. Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995

  5. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003

Коммуникативті дағдылар тренингі қазіргі кезде психология ғылымының мамандарының ғылыми және практикалық қызметінде жиі қолданылатын маңызды аумақ болып табылады. Коммуникативтілікке баулу тренингінде мінез-құлықты тренингті өткізудің мақсаты – қарым-қатынасты дұрыс орната білуі және қарым-қатынас түрлерінің психологиялық аспектілерін өмірде тиімді қолданудың ерекшелігін нақтылау. Қазіргі кезде коммуникативті дағдылар тренингі психологиялық көмек ретінде екі үлкен салаға бөлінеді. Оған іскерлік қарым-қатынас, элементарлы қарым-қатынас.





Коммуникатив

ті дағдылар тренингі







Тренинг өткізуде жеке тұлғаның дамуы, коммуникативті дағдыларының қалыптасуы, стереотиптерді жоюға және қатысушылардың мәселелерін шешуге байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, психологиялық көмек беру негізімен ерекшеленеді. Ғылымда әлеуметтік-психологиялық тренинг - жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас саласында компоненттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар жүйесі деп анықталады. Тренинг психологияның ықпалдылықтың тиімді құралы болып табылады.

Жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданатын әлеуметтік-психологиялық тренингтің әр түрлері бар. Оларды жүйелеудің де өзіндік бағыттары белгілі. Белсенді әлеуметтік-психологиялық тренинг әдістерін жүйелеу біріншіден, тренингтік сабақтарды ұйымдастыруға, екіншіден, қолданылатын әдістер мен доминанттығына, үшіншіден, топтағы нақты қойылатын міндеттерге байланысты болады деп қарастырамыз. Тренингтің мақсатына өзін-өзі тану, түсіну, тұлғаның даму тәсілдерін таба білу, ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін, қиялды, шығармашылықты, коммуникативті дағдыны дамыту және қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерумен бірге көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу жатады. Бүгінде топта әрекет ету қабілеттілігі қажетті кәсіби және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған. Топ жетекшілері бұларды әртүрлі жағдайларда, топпен өтетін тренинг пен қарым-қатынас тренингтерін мектепте және басқа да мекеме ұжымдарында өткізуге болады. Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігі бірлескен пікірлік, танымдық іс-әрекетінің қалыптасуымен анықталады. Психологиялық тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі. Өзіндік сананың жетілуіне жағдай жасайды.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет