Курсы: 1 Семестр: 1 Құрастырған: оқытушы Абдраманова Ш. Р



бет2/5
Дата14.04.2017
өлшемі1,02 Mb.
#13800
түріСабақ
1   2   3   4   5

Халық санының ұдайы өсуі

Демографиялық саясат. Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерітң жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.

Ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жқұпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен апштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады. Мысалы, 1984—1985 жылдарда болған құрғақшылық нәтижесінде Эфиопияда аштықтан миллиондаған адам қайтыс болды. Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр. Ұдайы өсудің үшінші — казіргі типі демографиялық көрсеткіштердің төмендігімен сипатталады. Германия мен Швецияда өлгендер саны туғандар санынан артық, халық санының аздап өсуі тек сырттан келгендер есебінен өсуде.

Халықтардың қоныстану географиясы – Жер шары бойынша халықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым,экономикалық географияның бір саласы. Әр түрлі әлеуметтік, экономикалық, тарихи және табиғи жағдайлардағы халықтың құрамын, елді мекендердің қалыптасуы мен дамуының кеңістіктегі ерекшеліктерін қарастырады.

Халықтардың қоныстану географиясының зерттейтін бағыттары:

халықтың табиғи қозғалысының, демографиялық құрылымының аймақтық ерекшеліктерін;

халықтың әлеуметтік және этникалық құрамын;

еңбек ресурстары мен оларды пайдалануды;

көші-қон бағытын, қарқыны мен құрамын;

халықтың тығыздығын және аумақ бойынша қоныстануын зерттейді.

Дүние жүзінің әр түрлі аймақтарындағы халықтың тыныс-тіршілігі ежелден бері саяхатшылардың назарында болғанымен, 18 ғасырға дейін халықтар елтанушылық бағытта танымдық-сипаттамалық түрде ғана зерттелді. Сол замандағы халықтардың қоныстану географиясы мазмұнындағы еңбектерде кереғар бағыттағы қағидалар да орын алды. Мәселен, 18 ғасырдың соңында ағылшын діндары Т.Мальтустің «Халықтың қоныстану ұстанымы очеркі»трактатында халықтың тез өсуі нәтижесінде тағам жетіспеушілігі туындайды, сол себепті оның тууын тежеуші зұлмат күш керек, – деп адамзат баласына жат теріс пиғылдағы тұжырымға келді. 19 ғасырда география ғылымынанантропогеография бағыты бөлініп шықты. Оның негізін салушы неміс ғалымы Ф.Ратцель халықты табиғатқа тікелей тәуелді тұрғыдан қарастырып, оны биогеография ғылымының саласы ретінде ұсынды. Ал француздық «адамдар географиясы» мектебін құрушы Видаль де ла Блаш адам мен табиғат арақатынасын тарихи, экономикалық, психологиялық, тағы да басқа факторлармен байланыста түсіндірді. КСРО-да Халықтардың қоныстану географиясы жеке сала ретінде 1940 жылдардан дами бастады. Оның негізін құрушы Н.Н.Баранский 2-дүниежүзілік соғысыжылдары Қазақстанда тұрып, республикамызды экономика-географиялық аудандастыру бағытындағы зерттеу еңбектерінде елді мекендердің орналасуы мен еңбек ресурстарына үлкен мән берді. Республикадағы халық санының өсуі мен даму заңдылықтарын зерттеумен М.Тәтімов, У.Шалекенов, Ұ.Ысқақов т.б. ғалымдар айналысуда. Қазіргі таңда Халықтардың қоныстану географиясы қоғамдық және нарықтық, өндіріс пен өндіргіш күштердің даму үрдісін, халықтың аумақтық орналасуы мен оның құрылымын зерттеумен айналысады. Халықтың саны, оның ұдайы өсу заңдылықтары, құрамы мен құрылымындағы айырмашылықтар, халықтың аумақтық қоныстануы мен көші-қоны, еңбек дағдылары мен мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері, елді мекендер мен олардың жүйелі орналасуы геогр. тұрғыда зерттелуде. Халықтың саны мен құрамын зерттеп білуде халық санағын жүргізудің маңызы зор. Дүние жүзі бойынша халық санағын Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтар туралы комиссиясы жүргізеді. Халықтардың қоныстану географиясы құрамының күрделіленуі мен мазмұнының кеңейіп дамуы барысында бірнеше жеке тармақтарға: ауыл халқының географиясы, геоурбанистика, көші-қон, т.б. жіктеледі. Халықтардың қоныстану географиясының басқа ғылымдармен тоғысуы нәтижесінде жаңа ғылым салалар пайда болады. Мысалы, оның демография жәнеэтнография ғылымдарының түйісу шебінде демогеография салалары бастау алды. Адамзат қоғамының даму үрдісін кешенді зерттеу мәселесінде Халықтардың қоныстану географиясының өзіндік орны мен болашағы бар. 

Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы.

Жер шары халқын қандай принцип негізінде топтастырады? Адамзат қандай нәсілдерге жіктеледі? Нәсілдер арасындағы айырмашылықтар немен түсіндіріледі?


Нәсілдік құрамы. Сендер географияның бастапқы курстарында нәсілдер мен олардың Жер шарында таралу ерекшеліктерімен танысқан болатынсыңдар. Жалпы алғанда,нәсілдер — адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері (түсі, шашының сипаты, бет өлпеті, бас сүйегінің пішіні, дене тұрқы және т.б.) бойынша біріктірілетін топтары. Антропологиялык белгілер ұзак уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу нөтижесінде қалыптасқан. Нәсілдік белгілерге әлеуметтік-экономикалық жағдайлар да әсер етуі мүмкін, соңғы 30 жыл ішінде халықтың әл-ауқатының жақсаруы нөтижесінде жапондыктардың бойы орташа есеппен 10 см-ге ұзарған. Жер шары халқы негізінен үш үлкен нәсілге (еуропальщ, моңғол тектес жөне экваторлық) жатады. Кейбір ғалымдар экваторлықнәсіл құрамындағы африкалық және аустралиялық нәсіл топтарын жеке нәсілдер ретінде қарастырады. Негізгі нәсілдердің үлесіне дүниежүзі халқының 70%-ға жуығы тиесілі. Нәсілдер аумақтық ерекшеліктеріне байланысты нәсіл тармақтарьіна ажыратылады. Дүниежүзіне кеңінен таралған еуропалык нөсілдің солтүстік тармағын Еуропаның солтүстігі мен орта бөлігінің түрғындары күраса, оңтүстік тармағына бүл нөсілдің Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка, Алдыңғы Азия жэнө Солтүстік Үндістандағы өкілдері енеді.

Тарихи-географиялық жағдайларға байланысты нәсілдер арасында араласу болған. Ұзақ уақыт бойы нәсілдердің қарқынды байланыс жасауы нәтижесінде айрықша аралық және аралас нәсіл топтары қалыптасқан. Олар дүниежүзі халқының 30%-ын құрайды. Аралық нәсіл топтары ертеректе үлкен нәсілдердің түйісу аймақтарында қалыптасқан. Мысалы, еуропалық нәсілдің оңтүстік тармағы мен африкалықтардың аралығында бет-әлпеті мен бас сүйегі еуропалықтарға, ал түсі мен шашы қара нәсіл өкілдеріне ұқсайтын эфиоптар пайда болған. Мадагаскарлықтар, полинезиялықтар мен меланезиялықтар да аралық нәсіл тобының өкілдері болып табылады. Кейбір зерттеушілер қазақтарда еуропалық және моңғол тектес нәсілдердің белгілері қатар кездесетінін атап көрсетеді.

Аралас нәсіл топтары әртүрлі нәсілдердің кейінгі уақытта (XVI—XVIII ғғ. және одан кейін) араласуы нәтижесінде қалыптасқан. Аралас нәсіл топтары, әсіресе Латын Америкасында кеңінен таралған. Мысалы, азиялық нәсіл өкілдері болып табылатын жергілікті үндістер мен келімсек еуропалықтардың некесінен метистер, Африкадан зорлықпен құлдыққа әкелінген қара нәсіл өкілдерінің еуропалықтармен араласуынан мулаттар, ал үндістермен араласуынан самболар қалыптасқан. Осының нәтижесінде Латын Америкасы елдерінің нәсілдік қурамы күрделі. Мысалы, Бразилия халқының 54%-ын еуропалықтар, 22%-ын мулаттар, 12%-ын метистер, 11%-ын қара нәсіл өкілдері құрайды. Қазіргі кезде Мексика мен Венесуэлада метистер, Бразилия мен Кубада мулаттар көп тұрады. Сыртқы айырмашылықтары болганымен, нәсілдердің биологиялық жөне әлеуметтік-мәдени тұрғыдан алғанда тең екендігі ғылым жүзінде дәлелденген. Сондықтан ақыл-ойы жоғары немесе төмен нөсілдер болатындыры жөніндегі нәсілиіілдік көзқарастар негізсіз болып табылады. Дегенмен өлі күнге дейін кейбір елдерде нөсілдік кемсітушілік жағдайлары кездеседі.[1]

9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

Белсенді оқушыларды бағалау.

11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)

Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру.


4 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Ғылыми техникалық революция.

2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Ғылыми техникалық революция түсінігі, оның сипаты мен белгілері, ҒТР дың дүние жүзілік шаруашылыққа, қоршаған ортаға әсері.

Тәрбиелік: Оқұшыларды өз елін сүюге тәрбиелеу.

Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық қуралдар: компьютер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: атлас, контур картасы, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы

6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.

7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%)

Дүниежүзілік халықтарының саны, оның ұдайы өсуі.

Демократиялық саясат

Халықтық құрамы мен құрылымы.

Халықтың орналасуы мен тығыздығы.

Халықтың көшіп-қонуы.

Халық және қоршаған орта.

8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)

1. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) ұғымы.

2. Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы.

3. ҒТР-дың өсу қарқыны мен даму деңгейіне ықпалы: « Үшінші өнеркәсіп

революциясының» басталуы.

4. ҒТР-дың дүниежүзілік шаруашылықтың басты пропорцияларына ықпалы:

индустриялық қоғамнан кейінгі индустриялық қоғамға қарай.

Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми техникалық революция (ФТП) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз — белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде ФТП дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде ХХ ғасырдың 80—90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ФТП өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты — дәстүрлі ФТП-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.

ҒТР-дың негізгі белгілері

ФТП-дың басты белгілері мыналар:

1) әмбебаптық, ауқымдылық;

2) ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі;

3) өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;

Ғылым мен білім адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларда ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дың әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі. ФТП шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті мен мінез-құлығына үлкен өзгерістер әкеледі.

ФТП жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан алдыңғы қатарлы елдерде ғылымды дамытып, оның жетістіктерін өндіріске енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамытумен қатар жүргізілуде. Мысалы, дүниежүзін таңғалдырған "жапон кереметіне" белгілі дәрежеде білім беру мен ғылым салаларына үкімет тарапынан айрықша қамқорлық көрсетілуі де себепші болған. 1983 жылдан бастап мұнда ғылыми-өндірістік бірлестіктердің аумақтық жүйесі қалыптаса бастады, қазір олардың саны шамамен 26-ға жетті. Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады. Соның нәтижесінде бұл елде "білім беру — ғылым — өндіріс" жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан.

ҒТР заманында ғылыми-техникалық ақпаратты сатудың да маңызы артып отыр. Ғылым мен техника жаңалығы бірден тіркеліп, жаңалық иесіне патент беріледі. Дамыған елдерде өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыратын кез келген жаңалықтың патент берілген күннен бастап өндіріске енгізілуге дейін онша ұзақ мерзім өте қоймайды. Көбінесе өз елінде кеңінен қолданылып, тиімділігі белгілі болған жаңалық сыртқы нарыққа шығарылады.Жеке елдің ғылыми-техникалық күші осы салада жұмыс істейтіндер санымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаржының көлемімен және бұл жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуымен анықталады. Ғылым мен техника саласында жұмыс істейтіндер саны жөнінен дүниежүзінде экономикалық даму деңгейі жоғары елдер (АҚШ, Жапония және Германия) жетекші орын алуда.

Ғылыми-техникалық революцияға тән белгінің бірі—өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі. Ғылыми білімдер мен жаңалықтар негізінде дамитын техника мен технологияда өндіріс тиімділігі және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттары көзделеді. ҒТР жағдайында техника мен технология өндірістің мүлде жаңа салаларын қалыптастырумен қатар, дәстүрлі салалардың жабдықталуын жетілдіру арқылы экономиканың құрылымын күрделендіруде. Қазіргі заманғы өндірісті электрондық-есептеуіш техника мен роботтарсыз елестету мүмкін емес. Аса ірі автоматтандырылған жүйелермен қатар, дербес компьютерлер қолданылады. Қазіргі кезде АҚШ-та жұмыс істейтін әр 100 адамға 70 компьютерден келеді. Жыл сайын өнеркәсіптік роботтар саны өсуде, Жапонияда әрбір 10 мың жұмысшыға шаққанда 330 робот жұмыс істейді.

Алдыңғы қатарлы техника мен технология жетістіктері энергия өндірудің жаңа көздерін ашу мен пайдалануға, жаңа химиялық материалдардың пайда болуына, кванттық. техниканың қолданылу аясының кеңеюіне жол ашты. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында электрондық (факс, модем, электрондық пошта) және ғарыштың байланыс құралдары өндіріс пен күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын болды.

Ғылым мен өндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми-өндірістік кешендер пайда болып дамуда. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі 300-ге жуық технопарктер тәжірибелік-өндірістік бағытта дамуда, олардың өндірістік қуаты шағын. Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны пайдаланатын қазіргі заманғы ірі өндіріс шоғырланған және экологиялық жағынан өте қолайлы қалалар болып табылады. Қазақстанда 4 технопарк жұмыс істейді.

ҒТР-дың шаруашылық құрылымына ықпалы

ФТП күрделі жүйе ретінде төрт құрамдас бөліктен тұрады:

1) ғылым;

2) техника және технология;

3) өндіріс;

4) басқару.

ФТП дүниежүзілік шаруашылықтың өсу қарқынын жеделдете түсумен қатар, оның құрылымына да елеулі ықпал етті. ХХ ғасырдың ортасынан бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың жеке салаларының арасалмағын өзгертті, еңбек нарығындағы елеулі қайта құруларға алып келді. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер саны өндірістік салада еңбек ететіндер санынан асып түсті. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша, әсіресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегімен айналысатындар саны жыл сайын артуда. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. ФТП жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға (интернет және т.б.) мүмкіндік берді. Сонымен ФТП және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы арасындағы алшақтық арта түсті.

ФТП ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. Өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ауыл шаруашылығының индустриялануы және жоғары тауарлы өндіріске айналуы, аграрлық-өнеркәсіптік кешендердің қалыптасуы себепші болуда. Өнеркәсіптің өз ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамып, құрылымдық жағынан күрделі өзгерістерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының үлесі артуда.

Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барынша күшті ықпал етуде. Өндірістің орналасуында басты орын алып келген ресурстық фактор өзінің дәстүрлі маңызын жоғалтуда. ФТП заманында шикізат қорына тапшы елдердің кейбіреуі қарқынды дамуда. Минералды шикізат пен отынның 9/10 бөлігін сырттан алатын Жапония жоғары дамыған елге айналды. Жеке елдерде өндірістің жаңа аудандарға "қоныс аударуы" (АҚШ-та Солтүстік-Шығыстан Калифорнияға) байқалуда.

Өндірісті автоматтандыру еңбек ресурстары жетіспейтін шалғай аудандарда ірі кәсіпорындарды орналастыруға, ал көлік саласында болған "техникалық революция" аумақтық алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өндірістің кейбір салаларын орналастыруда оның ғылым орталықтарына алыс-жақындығы да әсер етеді. Өндірістің аумақтық орналасуының байырғы үлгісін (кәсіпорындардың ескі өнеркәсіп аудандарына шоғырлануы) шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады. ФТП жетістіктерін пайдалану шағын және орташа кәсіпорындардың ел аумағында мүмкіндігінше шашырап орналасуына, яғни олардың қоршаған ортаға кері әсерін неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді. Өндірісті орналастыруда экологиялық фактордың маңызы артуда.

Сонымен, ғылыми-техникалық революция біртұтас жүйеге айналған қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын жан-жақты ықпал етеді. Соның нәтижесінде кейбір дәстүрлі салалардың дамуы бәсеңдеп, керісінше ғылҚазіргі қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму мәселелерінің басты шешімі – ғылыми-техникалық ілгерілеудің еншісіне тиеді, бірақ та шаруашылық механизміндегі қазіргі күші бар әрекеттер оны толық қабылдауға жеткіліксіз, бұл экономиканың баяу дамуы себебінен туындайтын мәселе. Қоғамдық құрылыстың басқа үлгісіне көшу қажеттілігі, экономика мен қоғамды бүтіндей басқарып отыратын заңның жан-жақты толық болуын ұсынады.

Нарықтық экономика адамдардың өз мүмкіншіліктерін толық пайдалануға жетеліп, шаруашылық пен еңбек белсенділігін арттырып, ғылыми-техникалық ілгерілеуді тездетеді. Өзін-өзі реттеу механизмінің өзіне тән қасиеті – барлық экономикалық субъектілердің әрекеттерін үйлестірумен қамтамасыз етіп, еңбек, материалдық және қаржы қорларын халық шаруашылығында орынды пайдалануды қарастырады. Нарықтық қатынасқа негізделген экономикалық жүйеге көшу әлемдік шаруашылықта Қазақстанның мемлекет аралық экономикалық одақ құрылымына кіру арқылы, жұртшылықтың қажетін қамтамасыз ететін өндірістің өсуімен қоса, оның экономикада әлеуметтік бағытын да көрсетіп береді.

Міне, сондықтан да дипломдық жұмыс тақырыбын таңдаудағы негізгі мәселе – тап осы күнгі уақытқа дейін қордаланып қалған техникалық жағдайдың хал-жайын, күйін талдап, зерттеу көзделді. Әр республика нарық жағдайына көшкен кезде өзі көріп отырған негізгі мәселелерді, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдау негізінде, ұлттық және тарихи ерекшеліктерді есепке ала отырып, экономикалық реформада нақты іске асатын өз бағдарламаларын жасап шығару мүмкіншілігіне ие екендігі бәрімізге белгілі.

Инновациялық жүйенің дамуы, оны сауатты түрде тәжірибеде қолдана білу – жеке серіктестік, сондай-ақ барлық ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін анықтайтын аймақ, бүтіндей қоғам, ел дамуының негізгі шарты болып отыр.

Қазақстанда қайта құру жүйесі әсерінен адамдардың саяси, әлеуметтік және экономикалық ой-өрісі өзгеріп, ғылыми-техникалық ілгерілеуге (НТП) деген көзқарастары да қайта қалыптасуда. Шаруашылықтың жаңа жүйесі оған ерекше: не әлеуметтік-экономикалық даму бағыты ресми түрде сипатталмаған (әлеуметтік бағдарламаның орындалуы: тұрғын үй, сауда, ұзақ мерзімді қолдану тауары, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау) не кең бағытта ғылыми зерттеуді жетілдіруде қорларды бөлуге орындалуы сыйымсыз талаптарды ұсынады. Қазақстанның ғылыми-техникалық даму кезеңінің өзіндік жолы бар: біріншіден, «Тұтынушымен бетпе-бет» ғылыми-техникалық ілгерілуге бет бұрыс жасау әрекеті, екіншіден, ауқымды өзгеріс кезінде халық шаруашылығы мен оны қамтитын технологиялық жүйе сипатының өзгеруі, ал ең бастысы - ғылыми-техникалық ілгерілеуді ұйымдастыру, жоспарлау және басшылыққа алу әдісі терең меңгерілген болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ең өзекті қорытынды тұсы - ұлттық инновациялық жүйеге көңіл қою, яғни, өндірістен қол үзбеу, технологиялық және ғылыми сауаттылықты ұлттық шекарада коммерциялық іске асыру (ұсақ және ірі қоғамдар, университеттер, мемлекеттік зертханалар, технопарктер және инкубаторлар).

Қазіргі кездегі ғылыми зерттеу кеңесі – терең ұлттық тамыры бар, дәстүрі, саяси және мәдени ерекшеліктерімен құқық, қаржы, әлеуметтік сипаттағы институттар жиынтығын қамтамасыз етеді.ымға негізделген жоғары технологиялық салалардың маңызы, артуда.

9. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

10.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

Белсенді оқушыларды бағалау.

11.Үйге тапсырма беру: 5мин (6%)

Оқулықтағы тапсырмамен таныстыру.

5 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы:Дүние жүзілік шаруашылық салаларының географиясы.

2.Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты:

Оқыту:Өнеркәсіп географиясы. Энергия түрлері, жасыл төнкеріс, ауыл шаруашылық географиясы, балық аулау шаруашылығы туралы мәлімет беру.

Тәрбиелік: Оқұшыларды өз елін сүюге тәрбиелеу.

Дамыту:оқұшыларға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық қуралдар: компьютер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған атлас, контур картасы.

б) оқыту орны: №6 дәріс аудиториясы

6) Ұйымдастыру кезеңі-5 мин(6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.

7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (16%)

1. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) ұғымы.

2. Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы.

3. ҒТР-дың өсу қарқыны мен даму деңгейіне ықпалы: « Үшінші өнеркәсіп

революциясының» басталуы.

4. ҒТР-дың дүниежүзілік шаруашылықтың басты пропорцияларына ықпалы:

индустриялық қоғамнан кейінгі индустриялық қоғамға қарай.

8. Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин(44%)

Өнеркәсіп-материалдық өндірістің бірінші жетекші саласы. Дүниежүзілік өнеркәсіпте шамамен Дүниежүзілік өнеркәсіпте шамамен 350 млн. адам жұмыс істейді. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, оның үстіне, бұл өсімнің , бұл өсімнің 3/4-і XX ғасырдың екінші жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары әдетте үш топқа бөлінеді.

Бірінші топқа ескі салалар деп аталатын- тас көмір, темір кені, металлургия, темір жолдың жылжымалы құрамы өндірісі, кеме жасау, тоқыма өнеркәсіптері кіреді.Қазір бұл салалар, әдетте, баяу қарқынмен өседі. Бірақ олардың дүнежүзілік өнеркәсіп географиясына ықпалы бұрынғыша айтарлықтай болып отыр.

Екінші топқа – жаңа салалар деп аталатын – автомобиль жасау, алюминий қорыту, пластмасса, химиялық талшықтар өндірісі кіреді. Олар, әдетте, неғұрлым тез қарқынмен өседі, дегенмен соңғы кезде оның қарқыны бұрынғыдай емес. Негізінен экономикасы дамыған елдерге шоғырланғанымен, дамушы елдерге де айтарлықтай кең таралған мұндай жаңа салалар дүнинжүзілік өнеркәсіп географиясына зор ықпал етіп келеді.

Ақырында, үшінші топты ең жаңа салалар құрайды, бұлар көбінесе ғылымды көп қажет ететін салалрға, немесе былайша айтқанда, “жоғары технология” салаларына жатады. Бұл микроэлектроника, есептеуіш техника, робот жасау, информатика индустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикалық синтез химиясы, микробиология өнеркәсібі – ҒТР-дың шынайы катализаторлары. Қазір олар, әдетте, неғұрлым тез және тұрақты қарқынмен өсіп келеді. АҚШ-та,ГФР-де, Ұлыбританияда, Францияда өңдеуші өнеркәсіптің бүкіл жалпы өнімінің 35-40% осы салаларға келеді. Лардың дүниежүзілік өнеркәсіп географиясына ықпалы үнемі өсіп отыр, әзірше негізінен экономикасы дмыған және “жаңа индустриялық ” елдермен шектелуде.

Отын энергетика өнеркәсібі: өндірістің және отынды пайдаланудың өсуі, дамудың үш кезеңі. Адамзат өркениетінің бүкіл тарихи отын мен энергия түрлерін игеруге байланысты екенін сендер білесіңдер. ҒТР дәуірінде де энергетика өндірісінің дамуы мен орналасуына үлкен ықпал жасайды. Бұл тұрғыдан алғанда, кейін ол дүниені басқарады деп те айтылады.

Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді: ол 1990 ж. 1 млрд. т– ға шартты отыннан 1990 ж. 10 млрд. т– ға дейін өсті, ал 2000 ж. 14 млрд. т– ға жететін болу керек. Дүниежүзілік энергетика дағдарысы, ең алдымен мұнай дағдарысы өткен 70-жылдардың ортасына дейін бұл өсудің қарқыны ерекше зор болды. Дағдарыстан кейін өсу қарқыны күрт баяулады.

Дамушы елдерде өндірілетін энергетика байлықтарының көпшілігі, ең алдымен мұнайдың басым бөлігі АҚШ – қа, Батыс Еуропаға және Жапонияға шығарылады; мұны азайту әрекетіне қармастан, олардың импортқа тәуелділігі жоғары күйінде қалып отыр.

Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі – дүниежүзілік энергетиканың негізі. Мұнай өнеркәсібінің ерекше үлкен маңызы бар.

Мұнай дүние жүзінің 80 елінде өндіреді. Бірақ бұл саланың географиясын бірінші ондыққа жататын елдер анықтайды. Олардың көпшілігі үшін мұнай өнеркәсібі халықаралық маманданудың маңызды, кейде бірден – бір саласы болады.

Дүниежүзілік мұнай өнеркәсібі географиясының маңызды ерекшеліктерінің бірі мынада: мұнай қорының 4/5 – тен астам және өндірілетін мөлшерінің жартысына жуығы дамушы елдердің үлесіне тиеді. Осы елдер, әсіресе ОПЕК – ке мүше елдер оның басты экспорттаушысы ретінде де белгілі. Мұның ең алдымен басты мұнай шүмегі болып табылатын Таяу және Орта Шығыс елдеріне қатысы бар.

Бүкіл өндірілетін мұнайдың 40% –і халықаралық саудаға түседі. Дүниежүзілік шаруашылықта мұнайды өндіру және тұтыну аудандары арасында орсан зор территориялық алшақтық пайда болды. Оны жою үшін қуатты – ең алдымен мұхиттық –жүк тасқыны қалыптасты.

Дүниежүзілік газ өнеркәсібі ХХ ғасырдың екінші жартысында айтарлықтай дамыды. Ол жақын уақытқа дейін негізінен экономикасы дамыған елдерге шоғырланған болатын. Бірақ соңғы кезде газ өндіру дамушы елдерде де өсе бастады.

Көмір өнеркәсібінің дамуы мұнайдың арзан кезеңінде баяулады, бірақ одан кейін қайтадан жеделдеді. Көмір дүние жүзінің 60 елінде өндіріледі, алайда бұл сала географисының негізгі ерекшеліктерін бірінші ондық елдері анықтайды. Олар үшін көмір өнеркәсібі халықаралық маманданудың маңызды саласы болып табылады. Мұнай өнеркәсібінен өзгеше, көмір өндіретін басты елдердің арасында экономикасы дамыған елдердің басым болатынын сендер, сірә, байқаған боларсындар.

Электр энергетикасы – аванград үштік салаларының бірі. ҒТР дәуірінде, әсіресе электрондандыру және кешенді автоматтандыру дамыған сайын электр энергиясын өндіру жоғары қарқынмен өседі.

Ресейде жылу энергетикасының жетекші орын алатыны естеріңде болар. Тұтас алғанда, дүие жүзінде минералдық отынмен жұмыс істейтінжылу электр станцияларының жалпы өндірілетін мөлшердегі үлесі 63%.

Тау – кен өнеркәсібі. Дүниежүзілік шаруашылықты минералды шикізаттармен қамтамасыз ету ең алдымен осы салаға байланысты. Ол көптеген елдерде дамыған, алайда оның өнімнің 2/3 –сін ТМД елдері, АҚШ, Қытай, Канада, Австраля, Оңтүстік Республикасы өндіреді.

Металлургия өнеркәсібі: бағдарлау түрлері. Металл қорыту көлемі ұзақ уақыт бойы кез келген елдің ең алдымен экономикалық қуатын көрсететін. Энергетикалық және шикізат дағдарыстарының ықпалымен 70 жылдары ескі салалардың бірі болып табылатын металлургияның дамуы күрт баяулады.

Бұдан Бұдан 30-40жыл бұрын бүкіл қара металлургия экономикасы дамыған елдерге шоғырланды. Бірақ соңғы кезде бұл сала дамушы елдерде тезірек өсуде. Бразилия мен Корея Республикасы болат қорыту жөнінен Ұлыбритания мен Францияны, ал Үндістан – Бельгия мен Испанияны басып озды. Бұл тенденция келешекте де сақталады.

Химия өнеркәсібі: басты төрт аймақ . ХХ ғасыр өнеркәсібінің қауырт дамыған ғасыры болды. Бұл машина жасау саласымен қатар, осы заманғы индустрияның ең серпінді дамыған саласы. Машина жасау саласындағы секілді, дүниежүзілік химия өнеркәсібінде де басты төрт аймақ қалыптасты: АҚШ, шетелдік Еуропа, ТМД және Жапония. Олардың әрқайсысында кен – химия өнеркәсібі, минералдық, органикалық синтез және полимер материалдар өндірісі дамыған.

Жеңіл өнеркәсіп географиясындағы өзгерістер. Жеңіл өнеркәсптегі географиялық өзгерістер оның жетекші саласы – тоқыма өнеркәсібінде неғұрлым айын көрінді. 90 – жылдардың басында дүние жүзінде табиғи және химиялық талшықтардан 115млрд. шамасында мата өндіріледі. Егер қолөнер өндірісін есепке алсақ, онда бұл сала дүние жүзінің барлық елдерінде бар болып шығады.

Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі: екі белдеу. Дүние жүзінің ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібінің географиясы көбіне орман байлықтарының таралуына байланысты.

Солтүстік орман белдеуі шегінде негізінен қалқан жапырақты ағаш сүрегі дайындалады да, ол тілуге дайын ағаш, ағаш плиталар, целлюлоза, қағаз, картон болып өңделеді. Ресей, Канада, Швеция, Финляндия үшін ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі – халықаралық маманданудың маңызды салалары.

Оңтүстік орман белдеуі жапырақты ағаш сүрегі дайындалады. Мұнда ағаш өнеркәсібінің басты үш ареалы қалыптасқан. Олар: Бразилия, Тропиктік Африка, Оңтүстік Шығыс Азия. Дайындалатын ағаш сүрегі теңіз жолмен Жапонияға, Батыс Еуропаға шығарылады, ал қалған бөлігі негізінен отын ретінде пайдаланылады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет