Курстық ЖҰмыс қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы


«Ізденіс тенденциясы» сәті



бет10/11
Дата22.01.2022
өлшемі101,91 Kb.
#129609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс, Мағжан лирикасын оқыту,Асқар Анар

«Ізденіс тенденциясы» сәті

Ақынның үш өлеңі негізінде 3 топ болып бөлінеді:

Мысалы: 1- топ «Сүйемін» өлеңі; 2- топ «Сағындым» өлеңі;3-топ «Сен сұлу» өлеңі. Үш топтан шыққан оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, тақтаға тірек-сызба арқылы ой-толғам жасайды.

Сағындым Сұлу

Сағындым: елді, айдын көлді, анамды, сайран жерді, Сарыарқаны;

Сұлу: Жер, гүл, түн, күн, жел, май ,су, сен, ай, бу;



Осы топтан шыққан оқушылар ақынның өз ойларын ортаға салады.

Мағжан Жұмабаев «Сағындым» өлеңі 5 -сыныпта («Қысқы жолда» өлеңімен бірге) оқытуға беріліп, сағат бөлінген. Мәтінді оқытпас бұрын мұғалімге ақынның азаматтық тұлғасы мен өлеңнің жазылуы туралы оқушыларға түсінік беруінің қажеттігі өздігінен туындайды.

«Сағындым» өлеңі-ақынның шалқып-тасып, сезім кемерінен асып-төгілуінен емес, ақынның нақатан күйіп, «темір терезелі», «қабырғасы - қара тас, есігінде қара құлпы бар тар үңгір» абақтыда жатқан азапты күндерінде туған өлеңі элегиялық жанрда жазылған, аянышты, трагедиялық өлең.

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой cap даламды сағындым. «Қарашығым, құлыным!» — деп зарлаған, Алыстағы сорлы анамды сағындым — деп басталған өлеңнің эмоционалды әсерін үзбестен әр шумағын оқушыларға мақамдап оқыту, әр тармақ жолдарына мағыналық талдау жасату, сұрақ-жауап әдісі арқылы тұтас талдату жұмыстары жүргізіледі. 11 шумақ өлеңнен тұратын мәтіңдегі мазмұн негізінен ақын сағынышынан құралған. 2, 3 шумақтарда ақын жатқан абақты суреттелсе, 4-шумақта —ақын сағынышына арқау болған «алтын күн», «қара жер», «жүйрік жел», «ағайын, туған ел» айтылады, 5-шумақта «сасық сорпа», «қара наеды» қорек еткен ақынның қорғансыз халі, таң атпастан қоңырау қағып оятып, қинаған абақты жайын ашына жырға қосады. 6-7 шумақтарда «бостандықта еткен», «желдей зулап кеткен» еркін күндерді аңсау айтылса, 8-шумақта:


Не көрсем де - Алаш үшін көргенім,

Маған артық ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер.

Істей берсін қолдарынан келгенін - деп ақын өзінің өршіл рухын, халқын жак-тәнімен сүйген азаматтық қайратын ашық көрсетеді. Оқушыларға өлендегі ақынның осы асқақ сезімімен мейірлі махаббатын жете меңгерту - мұғалімнің сабақтағы басты міңдеті. Өлеңнің 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылғандығын окушылар талдау барысында анықтайды.

Өлең тақырыбы мең мазмұнына орай С.Сейфуллиннің «Қамаудан», «Тұлпарым» өлендерімен сабақтастыра, салыстыра өтуге де болады. «Қамаудан» өлеңіндегі тұтқын боп отырған ақынның дәрменсіз күйі табиғат құбылыстарымен үйлесімді түрде суреттелуі; торғайлардың ақынды аяп, терезесінен алдына кеп ән салғанын, көктің жас иісін жел жеткізгендігін, көкжиектен көрінген күннің (Мағжанда алтын күн, жан жолдасым - жүйрік жел) алтын шұғыласын тауып бейнелі сөздерімен жеткізуінде, «Ғашығым менің бостандық» деген ортақ армандарында үндестік бар екендігі оқушыларға түсіндіріледі, сөздер мен сөз тіркестері дәптерлеріне жаздырылып, мағыналары талданады.

Сәкеннің «Тұлпарым» өлеңінің азаматтық идеясы - қанатты серігі тұлпарын шақырып алып, «шу!» - деп желмен жарысып, еліме жетейін деген деген арман, өршіл романтизм болса, Мағжанның «Сағындым» өлеңінде:

Тәңірі ием, өзің алшы панаңа,

Тас бауырлар зарға құлақ салама!?

Баласынан тұтқын болып сарғайған,

Кім жеткізер сәлемімді анама

- деген ақын сөзі анаға деген сағыныш сезімімен ұласады. Сабақтың қорытынды кезеңінде мұғалім «Сағыныш» дсген сезімнің адам баласының бәріне тән қасиет екендігін айта келіп, Төлеген Айбергеновтің «Сағыныш» атты өлеңінен үзінді оқып берсе, оқушыларға осы тақырыпта әркім өз ойын әңгіме, өлең түрінде жазып келуге тапсырма берсе, өлеңнің тәрбиелік әсерінің арта түсері анық.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта келгенде, лириканың жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісінде танытуға байланысты зерттеуші ғалымдар мен әдіскерлердің піқірлерін саралап қарағанда байқағаным, мұғалім көркем мәтіндердің тақырыбы мен кейіпкерлерін, идеялық мазмұнын талдап қана қоймайды. Сол мәтіннің түрін (табиғат, көңіл күй, саяси т.б.) де атап, қай жанрға жататынын, сол жанрдың ерекшелігін таныстырып отыруы дағдыға айналуы тиіс. Өйткені, жанрлық ерекшелік деген - көркем мәтіннің өзге шығармалардан өзін айырып, танытатын ерекшелік. Ол тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ғана емес, өзіндік табиғатынан, баяндалу, бейнелену түрінен де, шығарманың композициясы, тілі, көлемі жағынан да танылады. Әдебиетті оқытудағы әдістемелік жұмыс түрлері көркем мәтіннің жанрлық ерекшелігіне де байланысты өзгеріп, алмасып отырады. Осыған байланысты лирикалық жанр табиғаты сабақта қандай әдіс-тәсілдер қолдануды күні бұрын айқындауды талап етеді.

Қорыта айтқанда, әдебиет сабағында осы жоғарыда көрсетілген салалар бір-бірімен үйлескен түрде үнемі жүргізіліп отырса, беретін нөтижесі мол болмақ. Біреуін тастап кетіп жүрген жағдайда ырғақ бұзылады, соншалық тиімді болмай қалуы мүмкін. Себебі, «әр салада оқушының өзіндік ойын, тілін, дағдысын қалыптастыруға бағытталған әр түрлі жұмыс түрлері жүргізіледі» - дегенді ұстаным ете отырып, 5-9 сыныптардағы лирикалық шығармаларды оқыту- өзінің жанрлық ерекшеліктері мен оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін (оқытудың әдіс-тәсілдері мен талдау үлгілері) біртұтас жүйелік пен жинақтау арқылы нәтижелі болатындығын көрсетеді. Түйіндей келгенде, 5-9 сыныптардагы лирикалық шыгармаларды оқыту ерекшелінді, әдістемелік тұрғыда мұғалім-мәтін-оқушы арасындағы байланысты нығайта түсті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет