Курстық ЖҰмыс қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы


Лирикалық шығармаларды оқыту және оның жолдары



бет8/11
Дата22.01.2022
өлшемі101,91 Kb.
#129609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс, Мағжан лирикасын оқыту,Асқар Анар

2.2 Лирикалық шығармаларды оқыту және оның жолдары
Лирикалық шығармаларды оқыту прозалық шыгармаларға қарағанда күрделі. Сондықтан сабактың алғашқы кiрiспесінде лирика туралы әдеби - теориялық бастапқы ұғымды тереңдете түсіндірудің маңызы ете зор. Лирика грек сөзі ( « лиро » - музыкалық аспап ) және ол тебіреніс - сезімге толы өлең және әр алуан жанрлы болып келеді. Лирика адамның көңіл күйін, қуаныш - реніш сезімін көрсететін поэзия. Лирика тақырыбы мен маз мұнына қарай әлденеше түрге бөлінеді : -

a ) саяси лирика ; ә ) философиялық лирика ; б ) табиғат лирикасы ;

в ) махаббат лирикасы . Лирика акыннын тек жеке өзінің көңіл күйін , күйініш - сүйінішін ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ сезiмдi бiлдiредi. Лириканың өзіндік қасиеттерін түсіндіргеннен кейiн баланың оған деген көзқарасында , қарым - қатынасында белгілі бір сезім байқалады . Лирикалык шығармаларда ақын өз ойын, өз сезiмiн, өз күйін тікелей кейіптеу сөздері арқылы жазады.

Мұғалім баланың жүрегіне нәзік сезім мен ұшқыр ойды оята білгенде ғана баланын қызығушылығы артады. Лирикалық шығармаларды құлақпен емес жүрекпен, сезіммен, ақынжандылықпен қабылдау керек. Ал шығармаларды бала қалай меңгереді, ненi сезеді, неге тебіренеді, қандай көңіл күйде болады деген сиякты жағдайларды мұғалімнің өзі алдын ойластырғаны жөн. Шығарманың тақырыбына байланысты сазды - назды музыка қойып, оқушыларды үзілістің өзінде - ақ сабаққа әзірлеп, көңіл- күйін, сезiмiн тебірендірудің маңызы өте зор. Лириканы окутудың басты мақсаты оқушыларды поэзияны сүюге, оның кестелi тiлiн сезіне білуге, эстетикалык ләззат ала білуге, әдемі , көркем сөйлей білуге баулу болып табылады. Оқушылардың өздеріне ұнаған шумақтарды , әдемiде сұлу бейнелі сөздерді, ұтымды шебер шыққан сөз тіркестерін сұрап - білудің маңызы зор. Міне, осындай жұмыс оқушылардың поэзияны терең түсiнуiне және олардың шығармашылық бастамасының дамуына үлкен әсер етеді . Соны мен қатар өз беттерімен поэтикалық талдау жұмысын жасауға дағдылындырады .

Лирикалық шығармаларды оқытуға қойылатын басты талаптар:

а) Өлеңдi әуенмен , сазымен мәнерлеп окуға , жатка оқуға ерекше көңіл бөлу.

ә) Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезіміне, өлеңнің әсеріне де назар аудару.

б) Такырыпка сай музыканы, бейнелеу өнерін, баска да өнер туандыларын, көрнекілікті үйлесімді, тиiмдi пайдалану.

в)Тиімді , көңілді оқу жағдайын туғызу . Жағымды ахуал жасау.

г) Оқушылардың қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін аттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдіс - тәсілдер пайдалану.

д) Әр түрлі сабак үлгiлерiн iздеу.

ж) Өлеңнің поэтикалык көркем тiлiне , құрылымына назар аудару.

Осы талаптарға сүйене отырып , оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту жұмыстарын жүргізу орынды. Төменгі сыныптарда кандай шығарма болсын шағын көлемді болып келеді де , сынып жоғарылаған сайын күрделене түседі . Сондыктан күрделі тапсырмаларға бірден талдау жасау, салыс тырмалы жұмыс жүргізу, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен өзіндік анализ, синтезге бағаға жету, коррекциялық жұмыс жүргізу қиынға түседі. Осындай сипаттағы тапсырмалармен жұмыс істеуді бесінші сыныптан бастаған жөн.

Өлең сөзбен жазылған шығармаларды оқыта отырып талдау қара сөзбен жазылған шығармаларға қарағанда қиынырақ . Себебi 10-12 жастағы жасөспірімдер шара сөзбен жазылған шығармаларды берiлiп оқиды, талдаганда да шапшандық танытады . Оның себебi кара сөзбен жазылған шығармалардың тілі жеңіл , мазмұны айкын болып келеді. Композициялық құрылымы анық көрініп тұрады .

Өлең сөзбен жазылған шығармалардың ішінде мысал жанрын окыту да, талдату да лирикалық шығарьмаларға қарағанда жеңілірек . Өйткені мысал жанры нақты сюжетке кұрылады . Ал лирикалық шығармада ақын өз ойын, өз сезімін, өз күйін тікелей кейіптеу аркылы жеткiзедi .

Лирика өмірдің алуан түрлі кұбылыстарына ақынның көзқарасын, күйініш - сүйініш сезімін, толғаныс тебіренісін көрсетеді. Лириканы талдау окырманды өнерді эмоциялық - эстетикалық жағынан түсінуге баулиды . Лириканы оқытуда мынадай мәселелер ескерілу керек :


- алдымен, лириканы окытуда эмоциялық, логикалық бірлікті сактау;

- окушының лирикалык шыгармаға деген көзкарасының болуы ;

- өлеңнің әрбiр бөлiктерiн өзара тұтастыру керек, сол арқылы

акынның айтайын деген ойының анықталуы;

- лирика мен акынның бiрлiгi танылуы шарт.

Лириканы терең түсіну үшiн қайталап оқып, басқа ақынның соған ұксас өлеңдерімен салыстыру керек. Одан соң мәнерлеп оқытудың да мәні зор. Академик З.Қабдолов: «Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау оны жазған ақыннын творчестволық бiтiмiн пайымдау үшін айырықша мәнi бар нәрсе : оның әр түрiнен акыннын бiр қырын тануға болады» - десе [ 14.237 ] , ғалым Ж.Дәдебаев: «Лирикалык шыгармада ақын өмірден, айналасынан көргенi мен білгендерін ғана жазып қоймай, сол құбылыстардан лирикаға арқау боларлықтай ең басты асыл қасиеттерін тани білу керек » , - деген нақты ой түйедi [ 25.7 ].

Осындай пікірлерге байланысты әдебиетші - мұғалім лирикалық шығармаларды оқыту барысында лирикалық шығармалардың қыр - сырын терең ұғындыруға жұмыс жасауы керек . Өлеңнің сөз кестесін , өлең сөздің суреттiлiгiн, бейнелілік сипатын әңгiме еткенде , ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздер сырына терең үнілуі қажет. Ол үшін оқылып отырған шығарма авторының екі өлеңін қатар алып, салыстыру тәсіоі арқылы жұмыс жүргізу тиімді болмақ.

«Гомотетиялық» әдіс арқылы салыстыру. Бұл әдіс арқылы оқушы жұмыс істей отырып, ақын өлеңдерінің құрылысын, көнерген мәселесін, тақырыбын, идеясын анықтайды. Өлең шумақтарын санамалап көрсетіп, ұйқас түрлеріне де, тоқталады. Кей жағдайда сызбаны әрі қарай созып, екі өлеңнің поэтикалық тіліне, ақынынң стиліне де талдау жасайды.

М. Горькийдің «Әдеби тіл-сөз шебердігінің екшеуінен өткен, сұрыпталған тіл» деген сөзіне жүгінсек, осы бағытта талдау жасай отырып, сұрыпталған тілдің мәнін, сұлулығын, мәнін, әсерлілігін ашамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет