Курстық ЖҰмыс мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы 7 (пән аты) Тақырыбы



бет1/2
Дата20.04.2022
өлшемі87,6 Kb.
#140100
  1   2
Байланысты:
Курсовая нефтегаз


Қарағанды Техникалық Университеті

Кафедра: ПКОҚӨ



КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы 7 (пән аты)
Тақырыбы:Бұрғыланған ұңғымаларын көлемін есептеу.

Қабылдаған:
. Сейтбеков С.А. . . (баға) (тегі, аты-жөні)

. (қолы) (күні)

Комиссия мүшелері: Орындаған:
. Рахман Д.Б. . . ...... ......(қолы, аты-жөні) (тегі, аты-жөні)

7 7 (қолы, аты-жөні) (сынақ кітапша цифры)
Қарағанды 2021
Кіріспе
Жұмыс мақсаты: Мұнай-газ ұнғымаларын терең бұғылауға бұрғылаушы қондырғылардың негізгі түйіндері мен агрегаттарының құрылысын, қолданылу мақсатын, қондырғылардың техникалық сипаттамаларын, басты өлшемдерін, ұңғыманы қазу ретін зерттеу, қондырғылар классын таңдау, сонымен қатар, бұрғылау мұнараларының негізгі құрылымы мен өлшемдерін қарау, мұнараларды қолдану және олардың өлшемін есептеу.
Бұрғылау қондырғысы - бұл жердегі жабдықтар кешенінен тұратын (мұнара, мұнара жанындағы құрылыстар, айналдырғыш – ротор, бұрғылаушы ерітіндіге арналған құрал, ұршық), батпалы жабдықпен ( бұрғылау бағанасы, құрал- қашау) әрекеттесе отырып, ұңғыма жүргізудің технологиялық үдерісін жүзеге асыратын техникалық жүйе.
Ұңғыманы бұрғылау біздің заманымызға дейін Қытайда ойлап табылып, кейіннен ұмытылған. Ежелгі заманнан бастап әлемнің әр түкпірінде тұз және ауыз суын өндіруге арналған бұрғылау қағидасы қолданылған. Бірақ ХІХ ғасырда бұрғылау мұнай өндірушілерінің арқасында қайта жанданды. Бұл жаңа өндірістік әдіс болған жоқ, көбіне тұз және су құдықтарын қазушылардан, жер қойынауына тереңінен кіріп, «жер майын» (мұнай) тиімдірек өндірудің әдісі ретінде алынған.

Мұнараның негізгі параметрлері – жүк көтерушілігі, биіктігі, магазиндерінің сыйымдылығы (бұрғылау құбырларының шамдарын сақтау орындары), астыңғы және үстіңгі негіздерінің өлшемдері, шам ұзындығы, салмағы.


Мұнараның жүк көтерушілігі- ұңғыма жүргізу барысында шектен шықпауы тиіс рұқсат етілген тік статикалық жүктеме.
Мұнара биіктігі ұңғымадан алып шығуғаболатын және көлеміне түсіру- көтеру операцияларының ұзақтығы байланысты болатын бұрғылау шамдарының ұзындығын анықтайды. Бұрғылау тереңдігі артқан сайын мұнаралардың жүк көтерушілігі мен биіктігі де өседі. Сонынмен, ұңғыманы 300-500 м бұрғылау үшін биіктігі 16-18 м,ал 2000-3000 м-ге – биіктігі 42 м және 4000- 6500м-ге биіктігі 53 м мұнаралар қолданылады.
«Магазиндердің» сыймдылығы диаметрі 114- 168 мм бұрғылау құбырларының қандай ұзындығы оларға орналастырыла алатынын көрсетеді. Жалпы «магазиндердің» сыймдылығы (шам қабылдаушылар) белгілі мұнарамен қандай тереңдікке бұр,ғылауға болатынын көрсетеді.
Астыңғы және үстіңгі негіздерінің өлшемдері бұрғылау жабдықтарын, бұрғлау құралдарын орналастыружәне ТКО механизациялауды есепке ала отырып, бұрғылау бригадасының жұмыс істеу жағдайларын сипаттайды. Мұнаралы мінбелердің үстіңгі негізінің өлшемі 2*2 м немесе 2,6*2,6 м, астыңғысы 8*8 м немесе 10*10 м. Мұнаралардың жалпы салмағы ондаған тонна болады.

Қарағанды Техникалық Университеті

Факультет:Тау-кен «БЕКІТЕМІН» .. . ........ .........................Кафедра:ПКОҚӨ ПКОҚӨ каф.м.а. Имашев А.Ж. 7 « » 2021ж.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет