Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Қазіргі кездегі аула клубтары қызметінің өзекті мәселелері. Орындаған


Сценарий жазудың негізгі кезеңдері. Дайындықтың түрлері



бет5/8
Дата06.03.2023
өлшемі64,21 Kb.
#171178
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курстық жұмыс (копия);жамалай

2.2.Сценарий жазудың негізгі кезеңдері. Дайындықтың түрлері

Сценарийлік-режиссерлік шешім сценарий негізі болып табылады.


Сценарийдегі факт және деректілік, бас кейіпкер, мәлімет, әрекет, өтетін орынның нақтылығы, деректіліктің алғы шарттары. Мәліметтерді іздестіру, жинақтау және ұйымдастыру тәсілі.
Жалпы театрланған мерекенің сценарийінің ерекшелігі оның әдеби негізі, композиция элементтері мерекенің сапалық түріне байланысты. Мысалы белгілі бір мерекеге арналған көпшілік мереке болса өмір мен өнер көрерменнің арасында еш кедергі болмайды. Олар бір – бірімен байланысты болады.
Бұл мерекенің сценарийі кезең-кезеңмен жасалады.
Сценарийді жасауда 3 түрлі кезең болады.
1. Сценарий жоспары
2. Әдеби сценарий
3. Жұмыс сценарий, яғни монтаждық бет.
Жұмыстың бүтіндігін анықтау өте қиын. Олар бір-бірімен қарым- қатынаста. Әдеби сценарий жазу үшін алғаш оның эскизін жасаймыз.
Сценарий жоспары - бірінші темаға кіру, мерекенің көркемдік кейпін шешу[5,б.32].
Бұл материалды жинау, танысу, оның қашан қайда өткізуін жоспарлау кезінде болады. Номерлердің қай жерде қойылатындығы анықталады.Пролог пен эпилогта жазылады.
Әдеби сценарийде мерекенің барлық эпизоды, тексттері жазылады, мерекенің жалпы құрылым бір – бірімен байланысы жазылады. Эпизодтың ұзақтығы, номерлер саны анықталады. Драмалық жұмыстың соңғы кезеңі монтаж (жұмыс сценарийі) ол негізгі құжат болады. Мерекенің уақыты, орны, қатысушылар, оқиғаның қаклай болатыны жазылады. Бұл режисердің негізгі құжаты болады. Онда әрбір номердің компонеттері,, оны қамтамасыз ететін құралдар, онда кім не істейтіні бәрі жазылады. (музыка, свет, пиротехника, көпшіліктің қимылы да жазылады.)[5,б.33].
Монтаждық бет – жинақталған материалды монтаждау, бір-бірінен алшақ жатқан фактілерді және эпизодтарды байланыстырып, белгілі бір жүйеге түсіріп, құрастыра, жақындастыра отырып жаңа бір ұғым т.б етіп ұйымдастыру.Мысалы, сахнадағы әрекеттерді ұйымдастыруда режиссер өзінің мәнерлілік түрі мизансценаға сүйенеді.
Жұмыс сценарийі (монтаждық бет) – драмалық жұмыс пен іс-шара сценарийінің негізгі құжаты болады, мерекенің уақыты, орны, қатысушылар, оқиғаның қалай болатыны жазылады, бұл режиссердың негізгі құжаты болады, онда әрбір номердің компоненттері, оны қамтамасыз ететін құралдар, онда кім не істейді бәрі жазылады (музыка, свет, пиротехника, көпшіліктің қимылы да жазылады). Режиссерлық түпкі-ой - болашақ қойылымның бейнелі түрде көрінуі, оның тақырыбы, идеясы мен түрін

17
эмоционалдық және көріп білуге болатындай түрде сезіну. Түпкі ой іс-шараның мақсаты мен мазмұны, композициялық құрылымын бір номерден екіншісіне, бір эпизодтан келесі эпизодқа көшу(сюжеттік шешімді тәсілдерді, темпоритмді, сахналық атмосфераны, сахнаны безендіру) және т.б шара көрермендерімен жүргізілген жұмысқа қатысты мәселелерді қамтиды.


Қорыта айтсам, алдымен дайындық, кейін жоспарлау, сосын барып қана сценарийді жазуға көшуге болады. Дайындық және жоспарлау екі кезеңнен тұрады:
1. Оқиғаны ойлап табу. Бұл кезеңде басты оқиға, кейіпкерлер ойлап табылады.
2. Эпизодтық планды жазу. Бұл кезеңде барлық қосымша бөлімдер, сюжеттік детальдар ойластырылады.
Оқиғаны ойлап табу үшін алдымен:
А) не туралы жазатыныңызды шешіп алу керек;
Б) сценарий идеясын бірнеше сөйлеммен жазып қою керек.
Енді оқиғаны ойлап табамыз. Бұл ретте келесі жағдайларды ескеру керек:
• Бұл сценариймен елге не айтқыңыз келеді? Бұл бейнероликтің мәні қандай? Осы сұраққа жауап беріңіз.
• Көрерменге қалай әсер еткіңіз келетінін шешіңіз. Мысалы, күлдіру, шабыттандыру, ойландыру, т.б.
• Оқиғаны ойлап табу барысында барлық идеяны жазып қойып отырыңыз. Ол қазір керек болмаса, кейін бір іске жарап қалады.
Оқиғаны жасаудың жолы:
1.Басты кейіпкер түскен басты оқиғаны бірнеше сөйлеммен сипаттаңыз. Бүкіл сценарий желісі осы басты оқиғадан өрбіп, соған негізделеді.
2.Басты кейіпкерді жасаңыз. Оның мінезін, көңіл-күйін, тұрпаты қандай болатынын анықтауыңыз керек.
3.Кейіпкердің қаншалықты мықты болатынын белгілеңіз. Ол қиыншылықпен қаншалықты күресуге дайын немесе оқиғаны қалай қабылдайды? Соны жазыңыз.
4.Міндетті түрде кейіпкердің біліктілігін, оның ерекшеліктерін көрсету керек. Мүмкін ол өте ақылды болар, бәлкім проблемаларды тез шешетін болар.
5.Кейіпкерге енді проблема тауып беру керек. Сюжет бойынша ол бірнәрсемен күресу керек қой. Бір мәселенің шешімін табу керек. Сол үшін проблема ойлап табу маңызды.
6.Кейіпкерге кемшілік жасап беріңіз. Оның ойлаған жоспары болмай қалуы, үмітінің ақталмауы сынды оқиғалар осындай кемшіліктерден болады.
7.Енді антикейіпкер ойлап табу керек. Ол міндетті түрде қарсылас, бақталас болмауы мүмкін. Дегенмен басты кейіпкердің өмірінде маңызды орыналатын адам болуы керек.
8.Кейіпкер мен антикейіпкер арасындағы жағдайды сипаттаңыз.
9.Антикейіпкердің неге кейіпкерге қарсы екенін түсіндіріңіз.

18
Олардың арасында болуы мүмкін қақтығыстардың бәрін жазып шығыңыз.


10. Осы оқиғаға қатысты қосымша кейіпкерлерді жасаңыз. Олардың мінезі, позициясын анықтаңыз.
11. Антикейіпкердің неге жағымсыз кейіпкер екенін, неге оны көрермен жек көру керектігін жеткізіңіз.
12. Оқиғаның кульминацияға жетіп, оның шешілу жолдарын ұсыныңыз.
13. Антикейіпкер жеңілген кезде, ол қандай жаза алатынын ойлаңыз.
14. Басты кейіпкер мақсатына жеткенде, оған не болатынын анықтаңыз[5].
Бұл қарапайым сценарий жазудың кезеңдері. Әрине сюжетке байланысты бұл кезеңдер түрлі ретте болуы және мазмұны да өзгеруі мүмкін. Бірақ сценарийдің негізгі қаңқасы осы кезеңдерден құралады.

19



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет