Курстық жұмыс Тақырыбы: «Ойын оқыту әдісі»


ІІІ. Әдістемелік эксперимент нәтижесі



бет12/14
Дата28.04.2020
өлшемі98,65 Kb.
#65077
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
stud.kz-88009

ІІІ. Әдістемелік эксперимент нәтижесі
2017-2018 оқу жылындағы 3 сынып оқушыларымен “Қызықты математика”атты қосымша үйірме өткізіп жүрдім. Жоспардың мақсаты:

• балада танымдық қызығушылықты ояту;

• шығармашылық ізденіске деген қабілеттерін дамыту;

• жақсы оқуға деген ынталары мен құштарлықтарын тәрбиелеу.

Қосымша жұмыстың үлкен білімділік және тәрбиелік мағынасы бар. Бұл жұмыс балалардың дүниетанымдарын кеңейтеді, білімге деген махаббаттарын дамытады, білім сапасының жоғарлауына және тәртіптерінің жақсы болуына қолайлы жағдай жасайды.

Оқу жылы бойында балалар көптеген жаңа түсініктер алды: ребустар, омоним, синонимдер, метаграммалар, кроссворд, сканворд, т.б.

Үйренгендері:

ассоциация жасай алу;

• берілген негіз бойынша топтау;

• талқылау;

• талдау;

• логикалық есептерді шығару;

• ой шақыру;

• 5 жолды өлең жазу.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша балаларда математика сабағына деген қызығушылықтары арта түсткенін бірден байқауға болады.

3 – ші сынып бойынша талдау нәтижесі келесідей. Барлығы- 7 оқушы, “5”- 2 оқушы, “4” – 3 оқушы, “3” – 2оқушы, үлгермейтіндер жоқ, білім сапасы – 71 %

Ал математика пәні бойынша дара талдау қолданылған әдістер мен тәсілдер нәтижесінде сынып бойынша бұл пәннен білім сапасы арта түсті.

І- ші тоқсан – 57 %

ІІ- тоқсан –57 %

ІІІ- тоқсан –66%

ІV- тоқсан –66 %

Оқу жылының барысында мектеп психологы М.Қ Тұйғынбековамен бірлесе отырып балалардың танымдық қабілеттерін анықтау мақсатымен тестілеу жүгізген болатынбыз. 1 – ші тестілеу нәтижесі келесідей.

Есте сақтау тесті – 38 %

Қабылдауға арналған тест – 42 %

Зейінді анықтауға арналған тест – 57 %

Логикалық ойлау қабілеті – 37 %

Тілдің дамыуна арналған тест – 31,5%

Ең бастысы бұл жерде анықталғаны келесі: балаларда логикалық ойлау және тілдерінің даму деңгейлері өте төмен . Тілдің дамуы логикалық ойлаумен тығыз байланысты, сондықтан менің мәселелі тақырыбым осы сыныпқа сай келетінін анықтап алып, осы бағытта жұмысты тереңдете түстім. К.Д. Ушинский былай деген: ”Оқуда еңбек қуанышын сезбеген, қиындықтарды жеңген кездерін мақтан етпеген бала – бақытсыз бала.”

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттерінің дамуында ойлау ерекше рөл атқарады. Төменгі сынып оқушысы әлі нақты ойлайды, көрнекі құралдарға және образдарға сүйенеді. Сөзбен айтып түсіндірген оларға түсініксіз. Әр баланың ойлау қабілеті өмірлік іс- тәжірибесімен байланысты. Баланың ойынның дамуының негізі көрнекі тірек немесе тікелей тәжірибелік әрекет. Тестілеу нәтижесіне сүйене отырып өзіме балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту қажеттілігін анықтап алдым. Мысалы: 1 сыныпта мынадай жағдайлар жиі кездеседі. “2 + 1” неше болады, мәнін тап деп сұрасам, бала кідіріп, ойланып қалады. Ал егер нақты негіз беріп айтсақ “Сенде 2 алма болды, анаң саған тағы 1 алма берді. Сенде неше алма болды?”деп өзгеше сұрасақ, бала бірден ойланбастан “3” деп жауап береді. Есептің шартын тәжірибемен байланыстырсақ бала он ешбір қиындықсыз шығарады. Сондықтан бала тек алдында тұрған жағдайларға тірелмей, логикалық қорытындылар шығара алуға үйренуі үшін логикалық есептерді шығартып, өздеріне құрастыра алуға үйрете бастадым. Мысалы: 1 жұмыртқа 4 минут піседі, ал 4 жұмыртқа неше минут піседі ? деген қарапайым есепті алайық. Осы есепті шығару барысында оқушылар көп ойланады 4-ті 4 рет өзіне қосады т.б. амалдар орындай бастайды. Дұрыс бағыт бағдар беріп, ойларын қозғалтуға мүмкіндік туғызамын. Әрине балалар бірден барлық логикалық есептерді өз бетінше есептеуге үйреніп кетеді деуге қиын. Бірте –бірте тамшы тасты теседі деген сөз бар, сол тәрізді сабақ үстінде баланы ерінбей ойлауға баулып, қызығушылықтарын оятса, басқа балалардың жауаптарына еліктей отырып әр оқушы өзін көрсетіп, дұрыс жауап айтуға талпынады.

Дүниетану сабақтарында балалар берілген тақырыпты өз бетінше оқып, түсіне алмайды. Сондықтан “заттың қасиеті” деген тақырыпты түсіндіру үшін сұрақ – жауап жүргізіп аламын немесе ой шақыру жүргіземін. Балалар өздерінің білімдеріне сүйене отырып берілген зат туралы білетіндерін жазады, жұптасып бір – біріне айтады, ортаға салады. Бірақ айтып өтетінім, кез келген ойлау әрекеті сұрақтан басталады, таңқалудан басталады. Өйткені, сұрақ ой туғызады. Бір затты талқылау барысында оның тек ойын ғана айтқызып қоймай, оның пішініне, түсіне, көлеміне, қызметіне көңіл аударып, тоқталып өту керек. Кез келген таныс затта жаңа 1 нәрсе, ерекшелік табуға болады. Мысалы: балалар бор туралы ойларын ортаға салады. Оның барлық сыртқы ерекшеліктері мен қасиеттерін атап бере алады. Ал оның ішінде біз дем алатын қарапайым ауаның бар екендігін айтып кетсек балада сұрақ туады. Ол ауа қайда? Ол борға ауа қалай кіреді? Осы сияқты сұрақтар туып, баланың ойлау танымдық белсенділіктері артады.

Кез келген затты жан- жақты көре білу балаға мынадай сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. “Неге үйрек малтиды, ал тауық жоқ?”, “Не ауыр- 1 кг темір ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауырма?”, “Неге доп секіреді?”, “Неге қаз батпайды?”

Математикадан көптеген есептер беруге болады. Мысалы: Сынып туралы есеп құрастыр, “сандар қатарын жалғастыр 0, 2, 4, 6, 8…”Бұл жерде логикалық ойдың дамуына арналған жаттығулар зорлықпен берілмеу керек. Білімге құштарлық – дамып келе жатқан балаға тән қасиет. Олардың қызығушылықтарына берілген тапсырма олар үшін жаңа болса ғана ерекше көңіл бөледі.

Еңбек сабақтарында көрнекі-бейнелік ойлауға көп назар аударамын. Мысалға: оригами, пазлы, конструкторлар т.б.

2- ші тоқсанның соңында қайталау тестілеуін жүргізіп өттім. Шыққан нәтиже:

1. Есте сақтау тесті - 45 %

2. Қабылдауға арналған тест – 50 %

3. Зейінді анықтауға арналған тест – 70%

4. Логикалық ойлау қабілеті – 61 %

5. Тілдің дамыуна арналған тест – 58 %

Ата – аналар ұстаздың ең басты көмекшілері демекші олармен де тығыз байланыстамын. Сауалнамалар, жиналыстар, тәрбие сұрақтары бойынша жеке әңгімелесу сағаттарын жүргіземін. Балалардың үлгерімдері мен тәртіптері жайлы талқылаулар жүргіземін.

Мысалы: 1-ші сыныпта “Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің ерекшеліктері” атты баяндамамды ата – аналар жиналысында оқыдым.

Мақсатым: ата- аналарды балалардың түрлі қызықты ойындар мен жаттығуларының түрлерімен, олардың қызметімен, маңыздылығымен таныстырып өту. Жанұяларда бос уақытты ұйымдастыру. “Домино”, “Лабиринт”, “Лото”,”Шашки”, “Шахмат” т.б. ойындарға тоқталып, әр отбасында осындай үстелде ойналатын ойындардың кем дегенде 2 –3 түрі болу керектігін айқындау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет