Тақырыбы: «Ұбт дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?» Мақсаты: Ұбт-ның ерекшеліктерімен бітіруші түлектерді таныстыру. «Ассоциация»



Дата06.02.2023
өлшемі16,74 Kb.
#167567
Байланысты:
ҰБТ маңыздылығы
педагогика2019шпор (pdf.io), білім туралы, Өркен каз 1 этап (3), Дебат

Тақырыбы: «ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?»
Мақсаты: ҰБТ-ның ерекшеліктерімен бітіруші түлектерді таныстыру.
«Ассоциация» жаттығуы
Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация – бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басыңа келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз, ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: Емтихан ...»
Тақырыптың ұсынылуы
Жүргізуші: Сіздің жақында мектептегі жылдарыңыз аяқталады. Алдарыңызда өте маңызды сынақ-емтихан тұр. Бұл емтиханды ерекше формада тапсырасыздар. Бұл – ҰБТ деп аталады.
ҰБТ жайында ақпараттан бұрын оқушылардан ҰБТ жайында не белгілері келетінін анықтап алу қажет.
Ақпарат
ҰБТ – бұл әр пән бойынша тегін емтихан жүйесі. ҰБТ қорытындылары мектеп аттестаты мен жоғары оқу орнына түсу кезінде жарамды болып табылады. Әр пән бойынша емтихан сұрақтары мен тапсырмалары әр түрлі типте болады. ҰБТ тапсыру процесі үшін: емтихан жоғары мобильділік, тез қабылдағыштық, жоғары дәрежеде зейінді шоғырландыру, қиюластырғыштық қажет.
Ойландыру
Ең маңыздысы оқушылар өздері ҰБТ жайында ой қалыптастырғаны жөн. сондықтан да «ҰБТ маған не бере алады?» деген тақырыпта ой түйіндеген жөн. Оқушылардың мынадай сұрақтарға жауап іздеулерін құрастыру керек. ҰБТ мен үшін дәстүрлі формадағы емтихан және оның мен үшін маңыздылығы неде?

«Мен неге қол жеткізгім келеді?» жаттығуы


Мақсаты: жеңіске жетуге талпындыру.
Нұсқау: Бірнеше уақыт тыныштықта отырып, мен неге қол жеткізгім келеді деп ойланыңыз. Сіз ол үшін не істеу керектігін анықтаңыз. Сіз оы ойыңызды сөзсіз, мимика, ым-ишара көмегімен көрсете аласыз ба?
Талдау
 маңызды мақсатты таңдау қиын болды ма?
 Өз мақсатыңызға жету үшін не істеу керек?
 Сіздің мақсатыңыз ірі ме әлде ұсақ-түйек пе әлде казіргі жетістіктеріңіз бе?
Рефлексия
Сабақ қорытындысын өткізу. Бітірушілер келесі сұрақтарға жауап береді:
 Қазір сіз өзіңізді қалай сезінесіз?
 Не ұнады не ұнамады?
 Сіз өзіңіз үшін жаңадан не білдіңіз?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет